Биология 8-сынып ?ал?анша без


Үйге берілген тапсырма:Сұрақ - жауап Қандай ішкі секреция бездерін білесіңдер?2.Гипофиз артқы бөлігінің гормондары қалай әсер етеді?3.Гипофиздің алдыңғы бөлігінің гормондары қалай әсер етеді?4.Өсу гормоны жетіспесе не болады?5. Гормондардың негізгі қасиеттерін атаңдар?6. Организмде жүретін процестердің гуморальдық реттелуінің мәні неде? Сабақтың тақырыбы:Қалқанша бездің құрылысы мен қызметі Сабақтың мақсаты: Білімділік: Адам организмінің физиологиялық функциясының гуморальдық реттелуі, ішкі секреция бездерінің маңызы туралы оқушыларға білім беру.Дамытушылық: Адам организміндегі мүшелер жүйелері қызметінің үйлесімділігі, ішкі секреция бездері туралы түсінікті дамытуТәрбиелік: Салауатты өмір салтын қалыптастыру, адам ағзасына қажетті йод тапшылығының мағызына білім бере отырып саналы ұрпақ тәрбиелеу.Сабақтың түрі: жаңа білім қалыптастыру сабағыСабақтың әдісі: Түсіндіру, баяндау, тірек – сызбамен жұмыс.Сабақтың көрнекілігі: кеспелер, суреттер, тірек сызбалар, слайдтар.Пәнаралық байланыс: медицина, химия І. Ұйымдастыру бөлімі. ІІ. Жаңа сабақ а) Мағынаны ажырату сатысы ә) Тірек-сызба,топтастыру. б) Біз білемізбе ? в) Биологиялық диктант с) Сергіту сәті «Дәрігер-эндокринолог» ойыны. д) Тренинг . Жеке тұлғаны дамыту ІІІ. Бекіту (Аннаграмма) ІҮ. ҚорытындылауҮ. Үйге тапсырма Мағынаны ажырату сатысы. Секреция бездері Сыртқы (жас, сілекей, тер) Ішкі (гипофиз, қалқанша маңы, тимус, бүйрек үсті безі) Аралас (ұйқы, жыныс) Мағынаны ажырату сатысы. Тірек - сызба Қалқанша бездің қызметі бұзылған кезде адамда әртүрлі аурулар пайда болады. Ересек адамда қалқанша бездің гормондары жеткіліксіз бөлінсе, микседема ауруы дамиды. Бұл кезде зат алмасу, әсіресе нәруыз алмасу баяулайды. Дене температурасы, жүрек iс әрекеті төмендейді. Тері астында су жиналады. Тері ісінеді және құрғайды. Шаш түседі әрі сирейді. Бұл ауруды өмір бойы тироксин гормонын енгізу жолымен емдейді.Ол гармонның синтезі организмдегі йод мөлшеріне байланысты. Балаларда қалқанша бездің қызметі жеткіліксіз болғанда, ойлау процесі баяулайды, дене бітімі мен үлкен ми сыңарлары қыртысының қызметі бұзылады, өсу және жыныстық жетілу тоқтайды. Мұндай ауру кретинизм деп аталады. Егер дер кезінде емдесе, ауру салдарынан арылуға болады. Егер тағам құрамында йод жетіспесе, адамда эндемиялық зоб ауруы пайда болады. Бұл ауру суы мен топырақ құрамында йод жетіспейтін аймақта кезедеседі. Сондықтан ауру адам йодты тамақпен бірге йод қосылған калий және натрий арқылы алады. Адам тәулігіне 0,15 – 0,20 мг йод қабылдауы керек. Біздің республикамызда йодтың тәуліктік мөлшерін толтыру үшін йодталған тұз, йодталған су, йодталған нан сатылады. Қалқанша бездің қызметі шамадан тыс жоғарыласа және организмде гормондар артық мөлшерде болса, зат алмасу қарқындылығы артады, жүрек қағуы жиілейді, жүйке жүйесінің қозуы жоғарылайды. Адам көп тамақ ішсе де, қатты арықтайды. Сонымен қатар өте ашуланшақ, қатты терлегіш келеді. Көз қарасы таңырқаулық танытып, көзі бадырайып тұрады. Бұл ауру базедев ауру немесе бадырақ көз деп аталады. Ауруды хирургиялық жолмен қалқанша бездің бір бөлігін алып тастап, сондай ақ рентген сәулесімен және қалқанша бездің қызметін баяулататын препараттармен емдеуге болады. Біз білеміз бе? Адамдағы эндокриндік бездердің барлық салмағы небәрі 100 грамм.- Ине егу жүйке талшықтарын тітіркендіре отырып – гипофиздің ауруды сезінуін тежейтін зат бөлінуіне әкеп соғады.- Гипофиз мидың 100 мың жүйке талшықтарымен байланысқан.- Экстирпация – безді толық немесе жартылай алып тастау әдісі.- Парабиоз – екі жануардың тиісті қан тамырларын жалғастырып, қан айналысын ортақтастырып, біреуінің безін алып тастап, оның дене қызметін- дегі өзгерістерді зерттеу әдісі. Биологиялық диктант Гормондарды арнайы ......... не бөліп шығарады. Тағам құрамында йодтың Сыртқы секреция бездеріне .......... жатады. Йод Массасы 0,5 – 0,7 г болатын ішкі секреция безі ....... Жас, сілекей, тер Гипофиздің алдыңғы бөлігінің гормондары .......... процестерін реттейді. Ішкі секреция бездері Тироксин құрамына ........... кіреді. Микседема Ересек адамда қалқанша бездің гормондары жеткіліксіз бөлінсе,.......... ауруы дамиды. Жыныс бездерінің дамуы мен өсу Эндемиялық зоб ............... жетіспеушілігінен пайда болады. Базедев ауруы Көз қарасы таңырқаулық танытып, көзі бадырайып тұратын ауру ......... қалай аталады? Гипофиз Сергіту сәті «Дәрігер эндокринолог» ойыны. Суретке қарап диагноз қою. Миксидема. Қалқанша безінің қызметі және азық-түлікте йод жеткіліксіз болғанда пайда болады. Кретинизм. Балалық кезде қалқанша безінің төмендеуі салдарынан пайда болады. Эндемиалық зоб: Қалқанша бездің 1 кг ұлғайып өсуі. Жүйкенің жоғарғы қозғыштығы байқалады. Адам ентігеді Бақшаңкөз. Қалқанша безінің қызметінің шамадан тыс болуынан пайда болады. Акромегалия. Ересек адамдарда өсу гормоны көп бөлінгенде пайда болады. Алыптық, ергежейлік. Балалық кезде өсу гормоны көп немесе аз бөлінгенде пайда болады. Аз уақыт ішінде оқушының есте сақтау қабілетін дамыту. Оқушыларға 12 термин сөздерді 20 секунд ішінде көргендерін есте сақтап,мүмкіндігінше көбірек термин сөздерді жазып шығу керек. Гормон, гипофиз, самототропин, вазопрессин, окситоцин, тироксин, тимозин, паратгормон, инсулин, адреналин, тестостерон, эстроген. Г О Р М О Н Д А Р Жұмбақты анаграмма«Гормондар» Жауаптары 1. Дауыс жіңішке болатын, Әйелдерге ғана тән гормон (эстроген)2. Гипофиздің артқы бөлігінде орналасқан, қан қысымын реттейтін гормон (вазопрессин)3. Көбірек бөлсе-бақшаңкөз, ал аз бөлсе –ақыл-есі кем болатын гормон. (тироксин)4. Ауруға қарсы тұруды арттыратын, Айырша без . (тимозин)5. Бүйректің боз қабатындағы зат алмасуды реттейтін гормон, (кортизон)6. Қандағы қантты реттейтін гормон (инсулин)7. "Көңіл күй" гормоны (адреналин)8. Сүйектің өсуін реттейтін гормон (соматотропин)9. Дауысыты жуандатын жыныс гормоны. (андроген) Бағалау Үйге тапсырма §9,10 оқу Қалқанша бездің құрылысы мен қызметі.Ішкі секреция бездерінің құрылысы мен қызметі (Реферат)