Грамматикалы? та?ырып: “С?з таптарын ?айталау” Лексикалы? та?ырып: “Ту?ан ?лкем”


Орал гуманитарлық-техникалық колледж Грамматикалық тақырып: “Сөз таптарын қайталау”Лексикалық тақырып: “Туған өлкем” Өткізген М.С.Нұрмұқашева Құзіреттілікке жеткізетін сабақ мақсат - міндеттері: Ақпараттық: Оқушылардың морфология бөлімінен алған білімдерін жүйелеу, жинақтау, жазбаша, ауызша тапсырмалар арқылы бекіту. Проблеманы шешу: морфологиядан алған білім дағдыларын жазбаша, ауызша тапсырмалар орындау арқылы қалыптастыру. Коммуникативтік: жинақтаған білімдерін қолдануға дағдыландыру.Сабақтың типі: білімді жинақтау сабағы.Сабақтың әдісі: сыни тұрғыдан ойлау стратегиялары, сөздік, практикалық.Пәнаралық байланыс: орыс тілі, ағылшын тілі, қазақстан тарихы, қазақ әдебиеті. Көрнекілік: проектор, буклеттер, фишкалар. 1.Қазақ тілінде неше сөз табы бар?2.Олардың әрқайсысы туралы мәлімет беріндер. Ой қозғау. Берілген сөйлемдерден асты сызылған зат есім қай септікте тұрғанын ажырат: Жылқы біздің заманымыздан алты – жеті жыл бұрын қолға үйретілген.Жылқы суыққа аса төзімді мал, өйткені жылқының майы суыққа тез тоңбайды. Оның сүтінен сабаға құйып қымыз ашытады. Жылқының қымызы жетпіс түрлі ауруға ем дейді.Адамдар сияқты тарихта аты қалған жылқылар да бар. Олар ер азаматқа серік болған аттар: Кеденбайдың Керқұласы, Қобландының Тайбұрылы, Алпамыстың Байшұбары, Ақанның Құлагері. Сөйлемдерден сын есімді тұлғасына қарай ажыратыңыз: Ақылды адам айлап айтады, Ақылсыз адам қайдан табады?Әсем ұзын бойлы, қыр мұрынды қыз.Домбыраның әсем үні алысқа жетті. Бұлақтың таза, салқын суы шөлді қандырды. Қазақстан – туған өлкем.Қазақстан – Еуразиядағы жер көлемі ең үлкен мемлекеттің бірі. Қазақстанның кең даласын, биік тауларын, ормандарын, көлдерін көрген адам оны еш уақытта ұмыта алмайды. Біз планетамыздың осындай сұлу, бай өлкесінде тұрамыз. Ол – біздің Отанымыз.Қазақ жерін Шығыс пен Батысты жалғастырған алтын көпір дейді.Осы жерден Ұлы Жібек жолы өткен. Республикамыз – пайдалы қазбалар қоймасы.Қазақстанда 15 миллионға жуық адам тұрады.Каспий теңізі мен Жайық, Еділ жағалауынан Алтай тауларына дейін, солтүстікте Орал тауларынан Тянь – Шань тауларына дейін ұланғайыр жерді алып жатқан – Қазақстан Республикасы.Табиғат адамның бойына қуат, көңіліне шабыт, сезіміне ләззат ұялататын сұлулық пен әсемдік әлемі. Табиғат адам денсаулығының сақшысы, жанға дауа шипагер.Табиғаттың басты байлығы – жер. Қазақстан 272 миллион гектар жерді алып жатыр. Еліміздің дәулеті – жасыл әлем. Біздің елдің орман, тоғай, жасыл шөп, түкті кілемдей көркем даласы, жайлауы бар. Табиғаттың көркін ажарландырып, жер бетін саялы баққа айналдыратын байлық көзі – су. Елімізде сулы өзендер, көлдер, теңіздер көп. Табиғаттың тамаша туындыларының бірі – хайуанаттар. Халқымыз көптеген жануарларды қамқорлыққа алған. Оларды бақыттың бастамасы деп дәріптеген.Олар: далаға ажар берген – ақбөкен, ән мен сәннің иесі – бұлбұл, су аруы – аққу. Аз қалған жануарларды құрып кетуден сақтау үшін олардың атын «Қызыл кітапқа» жазады. Бұл хайуанаттарды атуға, аулауға болмайды. ( «Сынып жетекшісі» журналынан). Сөздік: ұланғайыр- неизмеримыйқойма – кладшабыт – вдохновениешипагер – целительбайлық көзі - источник богатствақамқорлыққа алу – заботитьсядәріптеген – восхвалялиқұрып кетуден – от уничтожения Тапсырма: Мәтінді оқып шық, аудар. Мәтіннен зат есім,сын есім, сан есім, есімдік тұлғасындағы сөздерді көшіріп жазыңыз, талдаңыз.Тапсырма: Мәтін бойынша сұрақтарға жауап беріңіз:Сұрақтар: 1.Қазақстан қандай мемлекет?2.Қазақстанды неліктен “алтын көпір” дейді? ҚР кандай жерлерді алып жатыр?Еліміздің табиғаты қандай?Қазақстанның жер көлемі қандай, оны қанша халық мекендейді?Қазақстанда қандай хайуанаттар мекендейді? «Қызыл кітапқа» қандай жануарлар енген? Ребусты шеш, мақалды көшіріп жаз, морфологиялық талдау жаса. Ребусты шеш, мақалды көшіріп жаз, морфологиялық талдау жаса. Ребусты шеш, мақалды көшіріп жаз, морфологиялық талдау жаса. Бір қолымда 5саусақ,Бір қолымда 5 саусақ,Беске бесті қосқандаБолады 10 саусақ.Оңға, солға айналып, жинап алдық күш. Тапсырма: Берілген мақал – мәтелдерге қажетті сан есімді қойыңыз, үш тілде (қазақ, орыс, ағылшын) айтыңыз, жазыңыз. ...... рет өлшеп, ..... рет кес . Қорқақ ...... өледі, батыр ..... өледі. .... сомын болғанша, ..... досын болсын . Мұғалім сөзі: Оқушылар, әр адамның өз туған жері бар. Біз Батыс Қазақстан облысында тұрамыз, ендеше біздің туған жеріміз – Батыс Қазақстан облысы. Туған жерін туралы не білесін? Тапсырмалар арқылы туған жеріміз туралы мәлімет алайық. Берілген сөздер арқылы туған жер туралы мәтін құрастыр. Керекті сөздер: Ірі өнеркәсіп орталығы, Қарашығанақ, менің туған өлкем, Жайық өзені, табиғаты алуан түрлі, ауа райы, Ресей Федерациясының облыстарымен шектеседі, ірге тасы 1613 жылы қаланған. Ойын: “Сиқырлы қоржын”.Сұрақтарға жауап беру:Етікші аспабының бізімен ұқсас есімдік. Біреулері көрсетіп, нұсқап тұрады, біреулері мәлімсіз есімдердің орнына қолданылады.Абайдың қай өлеңдері есімдіктен басталады?Сан есімге қатысты әннің атын, математикада қолданылатын әрекеттерді, ертегі аты, жұлдыз, ойын атауын еске түсіріңіз. Киелі сандарды атаңыз. Мына сөздер қай сөз табынан жасалған: өткір, ондаған, қызметкер.Сөз тіркесін бір сөзбен айтыңыз Бойы ұзын баланы-Отбасындағы бірінші баланы -Сөзге шебер адам-