?ани т?рбиесінде ?скен ??лама ?ылыми жоба
Ғылыми жобаның толық нұсқасын talshin.ukoz.net сайты арқылы ала аласыз! Қазақ жастарының басын қосып, ел бірілігін сақтауды асыл арманы етіп ұстанған Ғани Мұратбаевтың өнегелі өмір жолын үлгі ете отырып, оның тәрбиесінен өткен қазақтың біртуар азаматтарын халқына таныту, паш ету. Ғани 1902 жылы 3 маусымда Сыр өзенiнiң Арал теңiзiне құяр сағасына жақын Қазалы уезiнде, қазiргi өз атымен аталатын ауыл аймағында дүниеге келген. Төрт жасында әкесi Мұратбай, он төрт жасында анасы Бәтима өмiрден озды. Әке-шешеден етек-жеңiн жимай айрылса да, қайсар бала қатыгездiкке мойымай, жетiмдiктiң жетегiнде кеткен жоқ. Қазалы қаласындағы орыс-түзем (бұратана) мектебiне оқуға барды. Бұл мектепте үш жыл, содан соң бастауыш училищеде үш жыл оқып, 1917 жылы орыс революциясының өршiп тұрған кезiнде Қазалыдағы оқуды тәмамдап, бiр жылдай революциялық комитет құрамында қызмет iстедi. Он бес жастағы жасөспiрiм баланың аласапыран кезеңде мәртебелi де лауазымды ұйымның мүшелiгiне қабылдануы тегiн емес. Саяси көзқарасы мен сана-сезiмi әлi қалыптаспаған жас Ғанидың аз уақыт болса да осы ұйымға мүшелiкке кiруi оның қатарластарына қарағанда ерте есейгенiн аңғартса керек. ҒАНИ МҰРАТБАЕВ1902-1925 Ғани Мұратбаевтың РКСМ орталық комитетінің мүшелігіне кандидат болып сайланғаны туралы куәлігі. Ғани Мұратбаев Әскери –Теңіз Флотының құрметті теңізшісі формасында. 1922 ж