Ч Дарвинні? эвалюциялы? іліміні? пайда болуы


Биология пәнінің мұғалімі: Садвакасова Тазагүл Сабақтың тақырыбы:§25.Ч.Дарвиннің эволюциялық ілімінің пайда болуы. Білімділік: Ч.Дарвиннің эволюциялық ілімінің қағидалары, маңызы туралы түсінік қалыптастыру Дамытушылық:Оқушылардың қызығуы, ынта – қиялы мен қабылдауы сияқты танымдық қабілеттерін дамыту арқылы айналадағы құбылыстарды байқауға, салыстыруға, талдай білуге дағдыландыру. Тәрбиелілік:Уақыт, дәлдік, ұқыптылық сезіміне ,адамгершілік қарым-қатынастардың мәдениетіне тәрбиелеу. Көрнекілігі: интерактивті тақта, слайдтарСабақтың түрі: жаңа білімді меңгерту сабағыӘдісі: топпен, жеке жұмыс, суреттермен жұмыс, ауызша, сұрақ-жауапСабақтың барысы:1.Ұйымдастыру;2.Үй тапсырмасын сұрау;а.” Білім минуты” ә.”Мыңның жүзін білгенше, бірдің атын біл” Ғалымдар портреті бойынша олардың еңбектері туралы мәліметтер 3.Жаңа сабақты меңгерту кезеңі;4.Жаңа сабақты бекіту;а.Сызбанұсқамен жұмысә. “Сандар сөйлейді “ ойыны5.Қорытындылау;6.Бағалау;7.Үйге тапсырма 2.Үй тапсырмасын сұрау а.” Білім минуты” ә.”Мыңның жүзін білгенше, бірдің атын біл” Ғалымдар портреті бойынша олардың еңбектері туралы мәліметтер Адам меңгермейтін білім бар ма? Жойқын істі тындырар күшің бар да. Оқы, үйрен, жас ұрпақ, бәрін меңгер Алға қойған мақсатың, ісің бар да! Білім минуты Тірі ағзалардың тарихы даму және жетілдіру үдерісі Жүйелеу атасы саналатын ғалым Тұңғыш эволюциялық теория авторы Осы күнге дейін қолданылып жүрген латынша қос атау (қосарлы атау тізім) енгізген ғалым «Табиғи жүйе» және «Ботаника философиясы» еңбектерінің авторы «Зоология философиясы» еңбегінің авторы Карл Линней, Жан Батист Ламарк портреттері бойынша олардың еңбектері және маңызы туралы мағлұматтар беру (мәліметтер қайталанбауы тиіс). Карл ЛИННЕЙ (1707-1778) 3. Жаңа сабақ Чарлз Дарвиннің эволюциялық ілімі Ч.Дарвин ілімінің алғы шарттары Қоғамдық-экономикалық:-Англияда ХІХ ғасырдың алғашқы жартысында өнеркәсіп пен ауыл шаруашылығы қарқынды дамыды.-Жергілікті мамандар жануарлардың қолтұқымдары мен өсімдіктердің өнімді іріктемелерін көптеп шығара бастады. Ч.Дарвин ілімінің алғы шарттары Ғылымдағы жаңалықтар:-жасуша теориясының;-тірі организмдердің ұрықтарының ұқсастығының;-өлі және тірі табиғаттың химиялықбіртұтастығының;-аралық формалардың;-энергияның сақталу заңының ашылуы. Ч.Дарвин өмірінің кезеңдері 1809 жылы 12 ақпанда Шрюсбериде дәрігер отбасында өмірге келді1826 жылы Эдинбург университетінің медицина факультетіне оқуға түседі1829 жылы Кембридж университетінің дін факультетіне түсіп, 1831 жылы бакалавр дәрежесін алады.Осы жылы “Бигль” кемесімен саяхатқа шығып , одан 1836 жылы оралады. Ч.Дарвиннің еңбектері “ Табиғи сұрыпталу жолымен түрлердің шығуы” (1859) “Үй хайуанаттары мен мәдени өсімдіктердің өзгеруі” (1868) “Адамның шығу тегі және жыныстық сұрыпталу” (1871) және т.б. Ч.Дарвин қолдан сұрыптау туралы Үй жануарларының қолтұқымдары мен мәдени өсімдіктер іріктемелерін ғалым қолдан сұрыптау нәтижесі деп есептеді. Сұрыптауды: - мақсатсыз және - әдістемелік сұрыптау деп екіге бөлді. 4.Жаңа сабақты бекіту Сызбанұсқамен жұмыс“Сандар сөйлейді” ойыныБиологиялық диктант 1. Жабайы жартас кептері; 2. Якобинец; 3. Тауыс – кептер; 4. Үлкен жемсаулы кептер; 5. Сабалақ қауырсынды кептер; 6. Турман Жабайы жартас кептерінен шыққан кептер қолтұқымдарының арасындағы өзгергіштік “Сандар сөйлейді” ойыны 1859 1965 20.07. 1843 1856 35 2 1900 1871 1884 1853 1829 Тіршілік үшін күрес Табиғи сұрыпталу Тұқым қуалайтынөзгергіштік Эволюцияның қозғаушы күштері б.Биологиялық диктант 1.Ч.Дарвиннің 1859 жылы жарық көрген еңбегі ...........................................................................................................................................................деп аталады. Жауабы: 1.Ч.Дарвиннің 1859 жылы жарық көрген еңбегі “Табиғи сұрыпталу жолымен түрлердің пайда болуы” деп аталады б.Биологиялық диктант 2.Ч.Дарвиннің 1868 жылы жарыққа шыққан еңбегі....................................... ........................................................................................................................................ деп аталады. Жауабы: 2.Ч.Дарвиннің 1868 жылы жарық көрген еңбегі “Үй хайуанаттары мен мәдени өсімдіктердің өзгеруі” деп аталады. б.Биологиялық диктант 3. Ч.Дарвиннің 1871 жылы жарыққа шыққан еңбегі .................................................................................................................................................................... деп аталады. Жауабы: 3. Ч.Дарвиннің 1871 жылы жарыққа шыққан еңбегі “Адамның шығу тегі және жыныстық сұрыпталу” деп аталады. Үйге тапсырма: 1. §25. Ч.Дарвиннің эволюциялық ілімінің пайда болуы. 2. Іздену жұмысы: І-қатар: “Ч.Дарвиннің өмірбаяны” ІІ-қатар: Ч.Дарвин іліміне “Бигль” кемесімен дүниежүзілік саяхатқа шығуының әсері. ІІІ-қатар: “Ч.Дарвин еңбектері” 3. Тақырып соңындағы сұрақтарға жауап жазу, кесте толтыру .