?аза? тілінен ?лтты? ойындар (4 сынып) та?ырыбына арнал?ан презентация


Сабақтың тақырыбы:Ұлттық ойындар Амансың ба?Сәлеметсің бе?Қал жағдайың қалай? Жетістікке жетеміз! Сабақтың мақсаты: Білімділік: Қазақ халқының ертеден қалыптасқан, атадан-балаға мұра болып жалғасып келе жатқан ұлттық ойын-сауық түрлері туралы түсініктерін кеңейту. Қазақтың ұлттық ерекшелігіне, күнделікті тұрмыс-тіршілігіне тығыз байланысты екенін түсіндіру;Дамытушылық: Оқушылардың есте сақтау қабілетін, ой-өрісін, сөйлеу тілін, танымдық әрекетін дамыту;Тәрбиелік: Оқушыларды тапқырлыққа, адамгершілікке, ұйымшылдыққа, шапшаңдыққа, өз елін, жерін сүюге, ұлттық өнерге тәрбиелеу. «Ойынсыз ақыл-ойдың қалыпты дамуы жоқ және болуы да мүмкін емес» В. Сухомлинский І кезең. Шапшандық сайысыІІ кезең. Білгенге маржанІІІ КЕЗЕҢ. БІЛІМДІ ЖҮЙЕЛЕУІ V кезең. сергіту сәтіV кезең. ҚАЗАҚША КҮРЕСVІ кезең. білімді жинақтау


І кезеңШапшандық сайысы Сұрақтар:Фонетика нені зерттейді?Қазақ әліпбиінде неше әріп бар?Буын түрлерін атаңыздар.Ашық дауыстыларды атап беріңіздер.Қазақ тілінде еріндік дауыстылар нешеу?Әдемі сөзіне синонимдік қатар құрыңыздар.Күн, жылы, үлкен сөздерінің антонимін табыңыздар.Зат есім дегеніміз не?



Сын есім қандай сұрақтарға жауап береді?Қазақ тілінде неше септік бар?Барыс септігінің жалғаулары? Мысал келтіріңіздер.Адамды, кітапты, оқушыны сөздері қандай септікте тұр?Жатыс септігінің жалғаулары? Мысал келтіріңіздер.Есімдіктің түрлерін атап беріңіздер.Есімдікке мысал келтіріңіздер.Иелік форманың жұрнақтары?



Білгенге маржан ІІ кезең . . . екі балуан бір-бірімен жекпе-жекке шығады. Женген женімпаз атанады. Қазақша күрес - екі балуан бір-бірімен жекпе-жекке шығады. Женген женімпаз атанады.
... 81 құмалақпен ойналатын математикалық ойын
Тоғызқұмалақ - 81 құмалақпен ойналатын математикалық ойын
.... - ертеден келе жатқан ойындардың бірі. Алаң ортасынан көлденең сызық сызылады. Ойынға ұзын жіп немесе арқан керек. Арқан тарту –ертеден келе жатқан ойындардың бірі. Алаң ортасынан көлденең сызық сызылады. Ойынға ұзын жіп немесе арқан керек.
- қазақтың ертеден келе жатқан ойын түрлерінің бірі. Елдің сыртында әткеншек құрып, өлең айту. Алтыбақан - қазақтың ертеден келе жатқан ойын түрлерінің бірі. Елдің сыртында әткеншек құрып, өлең айту.
ppt_y …. ойынға 4-5 бала қатысады. Ойынға он асық алынады. Ханталапай – ойынға 4-5 бала қатысады. Ойынға он асық алынады. …шауып келе жатқан аттың үстінен белгіленген затты дәл көздеп , атып түсіру. Жамбы ату – шауып келе жатқан аттың үстінен белгіленген затты дәл көздеп , атып түсіру. ...- белгіленген ара қашықтықта үш-төрт жерге шүберекке оралып күміс немесе теңге тасталынады. Шабандоздар шауып келе жатып, шүберекті алу керек. Теңге алу - белгіленген ар қашықтықта үш-төрт жерге шүберекке оралып күміси немесе теңге тасталынады. Шабандоздар шауып келе жатып, тшүберекті алу керек.
...ашық алаңда көгалды жерде ойналатын ойын. Ойынға белгіленген уақыт ішінде аттың үстіндегі екі жігіт бір-бірін аттың үстінен түсіру керек. Аударыспақ – ашық алаңда көгалды жерде ойналатын ойын. Ойынға белгіленген уақыт ішінде аттың үстіндегі екі жігіт бір-бірін аттың үстінен түсіру керек.
– қызықты ойындардың бірі. Қыз бен жігіт аттың үстінде отырып, бірін-бірі қуысады. Қыз қуу – қызықты ойындардың бірі. Қыз бен жігіт аттың үстінде отырып, бірін-бірі қуысады.

ІІІ КЕЗЕҢБІЛІМДІ ЖҮЙЕЛЕУ Берілген мәтінді оқып шығыңдар Қазақ халқы ұлттық ойындарға бай. Ұлттық ойындардың көптеген түрлері бар. Солардың бірі: көкпар, бәйге, күрес, теңге алу, қыз қуу, тоғызқұмалақ, жамбы ату тағы да басқалар. Ұлттық ойындар үлкен тойларда, мерекелерде ойналатын болған. Ұлттық ойындардың барлығы үлкен тәрбие береді. Олар ерлікті, тапқырлықты қажет етеді. Ата-бабамыздан жеткен бұл ойындар біздің байлығымыз. Сондықтан біз оларды білуіміз керек. І топ Мәтіннен 1-4 сөйлемдерден зат есім мен есімдіктерді теріп жазыңыздарІІ топМәтіннен 5-8 сөйлемдерден зат есім мен есімдіктерді теріп жазыңыздар{ED083AE6-46FA-4A59-8FB0-9F97EB10719F}Зат есім Есімдік {ED083AE6-46FA-4A59-8FB0-9F97EB10719F}Зат есім Есімдік Мәтіннен зат есім мен есімдіктерді теріп жазыңыздар. Қазақ халқы ұлттық ойындарға бай. Ұлттық ойындардың көптеген түрлері бар. Солардың бірі: көкпар, бәйге, күрес, теңге алу, қыз қуу, тоғызқұмалақ, жамбы ату тағы да басқалар. Ұлттық ойындардың барлығы үлкен тәрбие береді. Олар ерлікті, тапқырлықты қажет етеді. Ұлттық ойындар үлкен тойларда, мерекелерде ойналатын болған. Ата-бабамыздан жеткен бұл ойындар біздің байлығымыз. Сондықтан біз оларды білуіміз керек.
Жұппен жұмысБерілген мәтін бойынша сұрақтар құрастырыңыздар.??????????? Берілген сөздерді септеңіздерІ топ Ойын ІІ топАсық Негізгі сын есімдерді бір бағанға, туынды сын есімдерді келесі бағанға бөліп жазуІ топЖүйрік, биік, өнерлі, үлкен, білімді, қалалық, ақылды, гүлді.ІІ топТаулы, биік, ақылды, қалың, боранды, ұзақ, ынталы, ұлы{5DA37D80-6434-44D0-A028-1B22A696006F}Негізгі сын есімТуынды сын есім{5DA37D80-6434-44D0-A028-1B22A696006F}Негізгі сын есімТуынды сын есім
Топпен жұмысШағын әңгіме құрастырыңдар І V кезеңсергіту сәті“Сақина салу” ойыны(өнер сайысы)

Алақанды беттестіріп, қуыстап,Отырындар қу ауаны уыстап.Бір-екі рет кідіріп те қалған боп,Бір жүзікті тегіс жағын салған боп.Сездірмендер берік болса сырға кімОсында бір құпия тұрғанын.Бақыла да өзінше түр-түсіннен ,«Жүзікті бер» деп сұраймын бір кісіден. Сақинасы бар адам, Ойланбастан шық алға! V кезеңҚАЗАҚША КҮРЕС«Білікті бірді жығар, білімді мыңды жығар»

Күшіне сенбе, Адал ісіңе сен.Еңбектің наны тәтті, жалқаудың жаны тәтті.Ақыл жастан шығар, асыл тастан шығар.Жері байдың, елі бай.Еңбек ет те, міндет ет.




Ағаны көріп іні өсер, апаны көріп сіңлі өсер.Отансыз адам, Ормансыз бұлбұл.Батыр бір өледі, қорқақ мың өледі. Оқу – білім бұлағы, білім – өмір шырағы.Арпа, бидай –ас екен, алтын, күміс –тас екен.





VІ кезеңбілімді жинақтау Бағалау критерийлері0-2 – “2”2-5 – “3”5-8 – “4”1-9 – “5” Тест сұрақтарыҰлттық ойынды көрсетіңіздер.а) футбол; ә) бәйге; б) тенис; 2. Алаң ортасынан көлденең сызық сызылады. Ойынға ұзын жіп немесе арқан керек.а) бәйге; ә)алтыбақан; б) арқан тарту; 3. Бәйге ойынын қандай жануар үстінде ойнайды?а) есек; ә) жылқы; б) сиыр; 4.Тоғызқұмалақ ойынын неше адам ойнайды?а) 2; ә) 3; б) 1;
5. Қыз қуу ойынында жігіт қызды қуып жетсе, не істейді?а)бетінен сүйеді; ә)басынан сипайды; б)қамшымен ұрады; 6. Қыз қуу ойынының қатысушылары кімдер?а) жігіт; ә) қыз бен жігіт; б) қыз; 7. Ойынға белгіленген уақыт ішінде аттың үстіндегі екі жігіт бір-бірін ертоқымның үстінен түсіру керек.а)жамбы ату; ә)арқан тарту; б) аударыспақ ; 8. Теңгенің көмегімен ойналатын ойын түрі а)жамбы ату; ә) асық;; б)теңге алу. 9. Ұлттық ойынға жатпайтын ойынды көрсетіңіздер.а)тоғызқұмалақ; ә) аударыспақ; б) футбол;10. Ұлттық ойындар адамның қандай қасиеттерін қажет етеді? а) әдемілік пен жомарттылықты; ә)адамгершілік пен сұлулықты; б)ерлік пен тапқырлықты; Ұлттық ойынды көрсетіңіздер.ә) бәйге; 2. Алаң ортасынан көлденең сызық сызылады. Ойынға ұзын жіп немесе арқан керек.б) арқан тарту; 3. Бәйге ойынын қандай жануар үстінде ойнайды?ә) жылқы; 4.Тоғызқұмалақ ойынын неше адам ойнайды?а) 2;5. Қыз қуу ойынында жігіт қызды қуып жетсе, не істейді?а)бетінен сүйеді; 6. Қыз қуу ойынының қатысушылары кімдер?ә) қыз бен жігіт; 7. Ойынға белгіленген уақыт ішінде аттың үстіндегі екі жігіт бір-бірін аттың үстінен түсіру керек.б)аударыспақ8. Теңгенің көмегімен ойналатын ойын түрі б)теңге алу.9. Ұлттық ойынға жатпайтын ойындыкөрсетіңіздерб) футбол;10. Ұлттық ойындар адамның қандай қасиеттерін қажет етеді? б)ерлік пен тапқырлықты; Үй тапсырмасы1.