Информатика п?нінен А?паратты ??деу т?сілдері та?ырыбында презентация
Ақпаратты өңдеу тәсілдері
Ақпарат дегенді қалай түсінесіңдер ? Мысал келтіріңдерАдамның пайда болуына дейін ақпарат болды ма?Ақпаратты ұсынудың қандай формаларын білесіңдер? Мысал келтіріңдерҚандай әрекеттермен ақпаратты өңдеуге болады?Адам ақпаратты қандай ақпарат көздерінен қабылдайды?Ақпараттың қандай қасиеттерін білесіңдер? Мысал келтіріңдерҚайталау
Біз ақпаратты қайда кездестіреміз?Біз ақпаратпен не істейміз?Қандай да бір әрекетсіз ақпарат бола ма?Жаңа сабақ
Қазір сабақта біз бір-бірімізбен ақпарат алмасамыз. Осы ақпарат беру кезеңінде ақпаратты кім қабылдайды, ал ақпарат көзі кім ?АқпаратАқпарат
Мұғалім-ақпарат көзі, оқушы-қабылдаушы
Оқушы -ақпарат көзі, Мұғалім-қабылдаушы
Ақпаратты жөнелту
Сендер ақпаратты тұрақты жеткізіп отырасыңдар. Мысалы, басқа адаммен сөйлескен кезде. Ақпаратты алыс қашықтыққа жеткізу үшін адамдар әртүрлі құралдар ойлап шығарған. Оларға телеграфты, телефонды, теледидарды, Интеретті және басқаларды жатқызуға болады.Ақпаратты жөнелту үшін қолданылатын құрылғыларды ақпаратты жеткізу арнасы деп аталады. Ақпаратты жөнелту
Ақпаратты өңдеу
Ақпараттың кез келген өзгеруі оның өңделуі деп аталады. Мысалы , есепті шығарудың өзі – бұрын белгілі есептен жаңа ақпарат алу. Ондай ақпаратты адам логикалық ойлау немесе математикалық есептеулер арқылы алады. Мысалы, мәтінді бір тілден екінші тілге аудару. Ақпаратты өңдеу оның бастапқы түрден басқа түрге айналуын немесе ақпарат мазмұнының өзгеруін білдіреді. Ақпаратты өңдеу нәтижесінде адам ары қарай өз қажетіне жаратады.Ақпаратты өңдеу