Презентация по технология на тему Металды ??деу технологиясы (6 класс)
№1мектеп гимназиясы Паноромалық сабақ Технология пәнінің мұғалімі: Балғынбай Әділбек 2016ж
Тақырыбы: “Металл өңдеу технологиясы”
Ұсталық өнердегі қолданылатын негізгі әдіс-тәсілдерін меңгерту,бұйым үлгілерін жасай білуге қалыптастыру. Білімділігі:металл бұйымдарды көркемдеп өңдеу ерекшелігін түсіндіру және ол туралы ұғым беру. Дамытушылығы:оқушылардың ою-өрнек жөніндегі білімдерін,іскерлігін және түрлі металдардан әшекейлер жасау шеберлігін дамыту.Тәрбиелігі:ұлттық қолданбалы өнердің дәстүрін,оның тарихын жетік білуге,эстетикалық талғамдарын арттыруға тәрбиелеу. Сабақтың мақсаты:
Сабақтың түрі: жаңа сабақ.Сабақтың әдісі: Сұрақ- жауап,тірек сызбалар, түсіндіру, сарамандық жұмыс,тест жұмысы,Пәнаралық байланыс: тарих,бейнелеу,сызуСабақтың көрнекілігі:Технологиялық сызбалар, нұсқау карта, мультимедия тақтасы,слайдтар.Сабақ типі: жаңа материалды игерту.
I.Ұйымдастыру кезеңі.Оқушыларды түгендеу,қажетті құрал-жабдықтарды дайындау
II.Өткен сабақты пысықтау: Қоржындағы асықтардың нөміріне сәйкес сұрақтарға жауап беру. *Темірдің жиектерін қандай құралдармен өңдейміз және қандай қауіпсіздік ережелерін сақтау керек?*Темірді қай құралмен шабамыз және қандай қауіпсіздік ережелерін сақтау керек?
*Темірді қай білдекпен тесеміз және қандай қауіпсіздік ережелерін сақтау керек?*Киім жөнінде қауіпсіздік техника ережесін айтып беру.*Қаңылтырды түзеткен кезде қандай құралдарды қолданамыз және қандай қауіпсіздік ережелерін сақтау керек?
III.Жаңа сабақХалық арасында кең қанат жайған қолданбалы өнер саласының бірі-зергерлік.Халық шеберлері темірді,күмісті,алтынды және олардың қоспаларын көркемдеп өңдеу әдісін ерте кезден-ақ білген.Бертін келе олардың технологиясын жетілдіріп,тамаша бұйымдар жасаған.Мысалы:темірді бедерлеп құю мен өрнектеудің озық үлгісіне Қожа Ахмет Йасауи кесенесіндегі Тайқазан,алтыннан бедерлеп жасалған Алтын адам,Республикамыздың тарихи-өлкетану мұражайларындағы зергерлік бұйымдар жатады.
Металл бұйымдарын көркемдеп өңдеу тәсілдері ОймалауҚаралауБедерлі қадаубастармен батыра ұрып бедерлеуТемір бетіне күміс жабуАлтындау,күмістеуОтқа қыздырып соғуКәптеу,дәнекерлеуАсыл тастардан көздер орнату
КҮМІС ЕР КҮМІСТЕН СОҒЫЛАТЫН СӘНДІК БҰЫМДАР САҚИНАЖҮЗІКБІЛЕЗІК СӘУКЕЛЕ ӘШЕКЕЙЛЕРІШОЛПЫҚОЛТЫҚШАТҰМАРША ӨҢІРЖИЕКБЕЛБЕУАЛҚА ШЕКЕЛІК СЫРҒА
-Жұмыс орынында орындалатын жұмыстардың ерекшеліктері жөнінде нұсқама;-Арнаулы киімді кию;-Мұғалімнен тапсырма алу;Жұмыс кезінде:-Қажетті жеке қорғаныш құралдарын (аспапты қайрау,болат және қаңылтыр табақтарын дайындау мен тазарту кезіндегі қорғаныш көзілдірігі) кию;-Жұмыс орнының таза болуын және басқа артық заттардың болмауын қадағалау;-Қолды жарақаттамау үшін қолғап кию;-Жұмыс орнын тастап кетпеу.Техника қауіпсіздік ережесі:
IV.Сарамандық жұмыс мақсаты:Қалыңдығы 1-1,5мм металл бетін көркемдеп өңдеуге сарамандық дағды қалыптастыру.Қажетті материалдар,құралсаймандар,аспап тар:45х45х1мм қаңылтыр; Ағаш балға,төс;Ақ немесе сары гуашь; Ою-өрнек суреті;Шекімелеу құралдары; Темір қайшы;Егеу түрлері; Сызғыш,біз;Резеңке немесе құм салынған брезент;Слесарь балғасы,бұрғы.
Графикалық кескініАтқарылатын жұмыс мазмұныҚажетті құрал саймандар1.Өлшем бойынша белгілеу.2.Сызу бойынша белгілеу.3.Дайындаманы түзеу.4.Сызба бойынша кесу.5. Дайындаманы өрнектеу, бедерлеу.6.Жиектерін өңдеу. 7.Сырлау,лактеуБалға,сызғыш,карандаш,темір кесетін қайшы,резеңке тақта, тескіш
Тест сұрақтары: 1. Ток өткізбейтін материал? а) резеңке ә) болат б) мыс 2. Ток өткізетін материал? а) пластмасса ә) алюминий б) шыны3. Қара металл? а) жез ә) шойын б) қорғасын 4. Түсті металл ? а) болат ә) көміртегі болат б) мыс 5. Металл бетін өңдеу кезінде белгі соғатын құрал? а)бұрыштық ә) қадаубас(кернер) б) тескіш6. Қаңылтырды тегістейтін құрал? а) дөңгелек табанды балға ә) кішкене балға б) ағаш балға7. Ара қайрайтын егеу? а) үш қырлы егеу ә) түрпі б) жұмыр егеу 8.Металды қандай құралмен шабады ? а) қашау ә) шапқы б) балта 9. Металл кесетін араның қайрау бұрышы қандай? а) 30 ә) 65 б) 75 10. Қандай металл шорт сынады? а) мыс ә) шойын б) алюминий
Тест жауабы:1. а)2. ә)3. ә)4. б)5. б)6. а)7. а)8. ә)9. б)10. ә) Жауаптың бағалануы:8-10 “5”5-8 “4”3-5 “3”1-3 “2”
V. Қорытынды«Білемін». «Үйрендім». «Білгім келеді»
VI. Үйге тапсырма беру*Қаңылтырдан білезік жасау және оның бетін бедерлеу.