Отбасым-ба?ыт мекенім ата-аналар жиналысы


“Отбасым – бақыт мекенім”Т.Т.Туремуратова2-сынып Соналы орта жалпы білім беретін мектебі ОТБАСЫМ – БАҚЫТ МЕКЕНІМ Күн тәртібінде:1. Жанұя тәрбиесіндегі бала тәрбиесіне бағыт-бағдар беру;2. І тоқсан қорытындысы.3. Ата-аналарға кеңес.4.Түрлі мәселелер Мақсаты: 1. Ата – аналардың бала тәрбиесі туралы ой пікірлерімен бөлісу арқылы ұйымшылдыққа, жаңалыққа тәрбиелеу2. Ата – анамен ұжымдық, топтық жұмысты жүзеге асыру3. Мектеп пен ата – ана арасындағы байланысты нығайту “Бала туғанда ақ қағаздай болып таза туады. Оның үстіне шимайды қалай салсаң, қағаз бетіне солай түседі” Қымбатты ата-аналар, ұстаздар!Адамға өмірде ең қымбаты - отбасы. Отбасында сүйіспеншілік, сыйластық, татулық, бауырмалдық болғанда бірлік болады. Бір – бірін аялап, кешіре, түсіне білгенде отбасы берік болады. Әр отбасында ата – ананың орны , бөлек. Бала әкеден ақыл, анадан мейірім алады. Әке – отбасының асыраушысы, қамқоршысы, тірегі.Ана – отбасының ұйытқысы, жылуы, шуағы.Ата – ана баласының білімді, мәдениетті, тәртіпті, әдепті болуын қалайды. Менің отбасым – менің байлығым! Мендегі бардың ардақтысы мен аяулылары Бала Болашағымыз Көмекшіміз Бауыр етіміз Сүйенішіміз Өміріміздің жалғасы Мұрагеріміз Ақылшымыз www.ZHARAR.com Ата-анаға айтылар ұсыныс«Баланы 5-ке дейін патшадай көтер,15-ке дейін құлындай жұмса,15-тен кейін досыңдай сыйла» -Өз-өзіне сенімділігін нығайту. -Өзіндік бағамен өзі туралы ойын дамыту,тереңдету-Үлкендер тарапынан балаға жағымды қолдау көрсету,қамқорлық ету . -Балада кері ықпал қалыптаспау үшін,ортаға тарту. -Мектеп және мұғалім туралы теріс субективті ой-пікіріңізді баланың алдында айтпауға тырысыңыз.-Мектеппен үнемі байланысты үзбей,сынып жетекшімен жиі жолығысуды нығайту.-Оқушыға қойылатын талаптың бірізділігін сақтау.-Баланың даму ерекшеліктерін бақылай отырып, үнемі мектеп психологімен байланыс орнату.-Яғни,бұл жағдайлардың барлығыда тәрбиелік және психологиялық жағынан жақсы жағдай жасайды.   Ата-анаға кеңес: Ұл-қыз ата-анасын,үлкендерді қуанышқа бөлеп,бақытқа кенелтсем десе,алдымен әдепті болулары керек.Өз жұмыстарын адал да тыңғылықты атқарса,ата-ананың ұл-қызы болып өседі Адал жеміске ,ата-ана жеміс ағашына ұқсайды,Жеміс ағашын жақсы қарап күткендей,ата-анаңды аялап бақсаң,армандарың орындалады. Сәби шағындаолар өзіңді қалай бағып- қақса, қартайғанда оларды да солай алақанға салып, аялап күту керек. Ата-ананың көңілін еш ренжітуші болма ,олардың жүрегіне қайғы түсіруші болма. Ата-ананың қадірін білмеген халық қадірін білмейді. Ата-анасын ұмытқан бала опасызы,рахымсыздың рахымсызы Түн ұйқысын төрт бөлген ,түнде бесік таянып, түнде шошып оянған ананың ақ мейірімін ерекше бағаламасаңдар , ол- қорлық Кейбір тәрбиесіз, арсыз балалар ата-анасына қарсы сөйлеп, тыңдамай жатады. Ондай Қылықтардан аулақ болып ана,әке,апа,қарындас туыстарыңды сыйлап жүріңдер.Әке-тірегің,қамқоршың, асқар тауың.Ана- жарық дүниеге әкелуші. Барлық оқушы саны -9. Ұлы -2, қызы – 7.Оқу озаты - 3Оқу екпіндісі -4, орташа – 2.1сабақтан “4”-ке шыққан оқушы саны – 0.1 сабақтан “3”-ке шыққан оқушы саны –1Үлгірмеуші оқушы-0. 1-оқу тоқсанының қорытындысы 1.Тоқсандық қорытындысы бойынша сіздің балаңыз бір сабақтан үшке кетті делік.Сіздің іс-әрекетіңіз.2.Балаңыз мектептен жылап келді”мұғалім маған ұрысты” деп ... Сіз не істер едіңіз?3.Бала мен бала мектептен шығып келе жатқанда бір-бірімен төбелесіп қалды.Ол бала сіздің балаңыздың өте жақын жолдасы еді.Сіздің іс-әрекетіңіз.4.Балаңыз -өте жақсы оқитын бала.Бір күні сабақтан екі алып,мұғалімнің ескертпесі күнделікке жазылып келді..Сіз не істер едіңіз? Жағдаяттық тапсырмалар 1. Анашым мен бүгін сабаққа бармай-ақ қояйыншы, үйге берілген тапсырманы жаттамап едім, апай сұраса «ауырып жатыр» деп айта салыңызшы. 2. Әке, мен бүгін мектептің терезесін сындырып алдым. 3. Әке, мен бүгін мектепте жарысқа қатысып, мақтау қағазын алдым. 4. Анашым, мен бүгін сіздің жақсы көретін құмыраңызды сындырып алдым. www.ZHARAR.com Жигули Автобус Мерседес каМАЗ Жигули Жайлы отбасы. Барға қанағат ететін, қызылға, қызыққа көп қызықпайтын отбасы. Бұл Отбасы бала тәрбиесінде көп олқылық жібере қоймайды. Эмоцияға берілмейді. Бәрін салқынқанды сабырмен шешеді. Бұл отбасында тәрбиеленген бала қиналған адамға қол ұшын беруге тырысады. Адамдарды жақсы түсінеді. каМАЗ Бүкіл ағайын-туманың қамын ойлайтын, өзгенің ауыр жүгін арқалауға тырысатын адам. Сондай-ақ өз жанұясына пайда әкелсе мол етіп әкелгенді жақсы көреді. Балалары да үйінің жағдайын көп ойлайды. Мерседес Заман ағымына ілесе алатын, өз жанұясының жағадайын көп ойлайтын ата-ана. Мұндай жанұяда өскен бала өзін-өзі бағалауы өте жоғары, қоғамда өзіне жоғары талап қоятын бала. Сұлулыққа аса мән береді. Өз пікірін әрдайым жоғары қояды. Автобус Көпшіл отбасы. Үйінен қонақ үзілмейтін қонақжай отбасы, қоғамда тіл табысқыш адамдар. Бұл отбасында тәрбиеленген бала – болашақта ұйымдастырушы, басқарушы бола алады. Адамдармен қарым- қатынасы жақсы. «Тек қана ата-аналармен бірге, жалпы күш-жігерді біріктіру арқасында мұғалімдер балаларға үлкен адамдық бағыт беруі мүмкін.» В.А.Сухомлинский Түйін. О, құдайым бала бер,Бала берсең сана бер