Презентация по самопознание на тему Тіл та?дыры- ел та?дыры


Сабақтың тақырыбы: Елім деп соғар жүрегім…8-сынып Мақсаты: «Отан», «ел» ұғымдарының адамгершілік құндылық ретіндегі мәнін түсіндіру. Отанына, туған жеріне, еліне деген сүйіспеншілікке тәрбиелеу. Міндеттері: Отанға, туған жерге деген махаббаттың мәнін түсіндіру; Отанының жарқын болашағына деген сенімдерін қалыптастыру; Отанына, туған жеріне, еліне деген сүйіспеншілікке тәрбиелеу. Психологиялық дайындық. Шаттық шеңберіСәлеметсіздерме оқушылар! Біздің бүгінгі сабағымыздың тақырыбы ерекше . Өйткені, Қазақстан Тәуелсіздігінің 20 жылдығымен тұспа- тұс келген «Елім деп соғар жүрегім..»атты сабақ өткізіп , қазақ елі, қазақ жері туралы жырлап айту біз үшін мақтаныш . Елбасы Н. Ә. Назарбаевтың: «Дүниеде тәуелсіз қазақ елі бар. Әлемде егемен Қазақстан бар. Оның көп ұлтты, тату, ынтымақты халқы бар. Қуатты экономикасы, сенімді саяси жүйесі бар. Ең бастысы-бүгіннен нұрлы , бүгіннен жемісті болашағы бар» -деген ұлағатты сөзі бар. Ендеше, бүгінгі сабағымыз Отанымыз, еліміз , туған жеріміз туралы болмақ . Ортаға шеңберге жиналып , Қ. Мырза Әлидің «Өз елім» әнін үнтаспаға қосылып орындайық. Ойланайық, пікірлесейік - «Туған ел», «туған жер» дегенде ойларыңа не түседі?- Туған жерге, елге деген сүйіспеншіліктің түп тамыры неде деп ойлайсыңдар?- Отанға, елге деген махаббаттарыңды қалай білдіресіңдер?- Өз Отаныңның көркеюі үшін қандай іс-әрекеттер жасап жүрсіңдер?- Өз еліңнің жарқын болашағына сенесің бе?- Кіндік қандарың тамған туған жерлерің туралы не айта аласыңдар? «Алтын анам, Отаным! Сенен аяр жаным жоқ, сенен іркер күшім жоқ.»М. Әуезов«Шет елде білім алу, шетелдік болып кету деген сөз емес- Отаныңа деген сүйіспеншілікті ешқашан да жоғалтуға болмайды.»Н. Назарбаев Халықтың қажетіне жарап, ұрпақтар мұратының орындалу жолында қызмет ету әрбір азаматтың міндеті. Отанға, туған жерге деген сүйіспеншілік, құрмет азаматтықтың белгісі. Елін, жерін сүйетін адам туған топырағының кешегісін –бүгінімен, бүгінгісін ертеңімен жалғастыра алады. Бойында ұлттық намыс пен ұлттық мақтанышы бар адам өз еліне адал қызмет етіп, оның жарқын болашағына сенеді. Отанын қастерлеп, білімі мен еңбегін елінің мүддесіне, игілігіне жұмсайды. Біздің халқымызда атамекенді ардақтау сезімі өте терең. Халқымыздың басынан қандай қиын кезеңдер өткенде де ата-бабаларымыз елімізді сыртқы жаудан қорғай білген. Өз елі үшін жанын да, барын да аямаған. Халқымыздың осы бір қасиеті жанымызға ана сүтімен тарап, ана тілімен дарып, ақ нанымен бекуі тиіс. Өйткені Отан біз үшін оттан да ыстық.Бүгінгі бақытты өміріміз осындай бабалар арқасы екенін түсініп, үш биіміздей ұлыларды, елім деп еңіреген батырларымызды ұрпақ ешқашан ұмытпауы қажет . Ей, Астана!Өзінен бастау алар өрелі ісім.Шаһарлар толып жатыр,бірақ та сен,Бәрінен бірегейі, бөлегісің.Астанам – асқарымдай көрінесің,Өлең боп көкірегімнен өрілесің,Анық-ау ұтылмасым, жеңілмесімДомалап қазағымның өрге тасы,Думанмен дүрілдесін аспан асты.Биіктеп Бәйтеректей, зәулімденіп,Асқақтай бер, елімнің Астанасы Сабақты қорыту.Туған жерді сүю, өз еліңе байланып қалу емес. Жер шарының қай түкпірінде жүрсең де туған жер, Отан – біреу. Себебі өзге топырақ, өзге ауа, өзге су оның орнын толтыра алмайтындығын біз бүгінгі сабағымызда білдік. Бүгінгі «Елім деп соғар жүрегім…» атты сабағымызда Отанды, елімізді, туған жерімізді сүйе білуді үйрендік. «Туған жер», «ел», «Отан» – сөздері баға жетпес құндылығымыз, ең қымбатымыз. Әрқайсымыз ата-бабамыздың кіндік қаны тамған жер ежелгі қоныс, ата мекенімізді қадірлей, қастерлей, бағалай білуге тиіспіз. Себебі туған жер- қасиетті, құдіретті. Сіздер кең байтақ , тәуелсіз қазақстанның жас ұландары, көгінде қалықтаған жас қырандарысыздар.