Презентация научной работы Геометрия


«Геометрия сабақтарында оқушылардың сыни ойлау дағдыларын арттыру жолдары»Дайындаған : математика пәні мұғалімі Мукатаева Г.Ш.2015 жыл Шығармашылық жоба өзектілігі: Оқушыларының функционалдық сауаттылығын дамыту үшін геометрия сабақтарында сыни тұрғыдан ойлау дағдыларын арттыруға жағдай жасау Шығармашылық жоба мақсаты : Геометрия сабақтарында оқушылардың сыни ойлау дағдыларын арттыру жолдарын табу Шығармашылық жоба зерттеу нысаны мен пәні: геометрия пәні; сыни тұрғыдан ойлау технологиясының элементтері. Зерттеу әдістері: Қойылған міндеттерді шешу үшін зерттеудің әртүрлі әдістерінің жиынтығы қолданылды. Теориялық: зерттеу мәселесі бойынша дәстүрлі сабақтар мен сыни тұрғыданойлау технологиясын пайдаланып өткізген сабақтарды талдау, салыстыру, жүйелеу, қорыту. Шығармашылық жобаға болжам жасау: Егер геометрия сабақтарында оқушылардың сыни тұрғысынан ойлау дағдыларын арттырсақ, онда: геометрия пәнінен білім сапасы артады;пәнге деген қызығушылықтары артады;оқушы интерактивті тақта арқылы жаңа ақпаратпен танысып, тақырып бойыншажұмыс істей алады;өз пікірін оймен бере алады;оқушылар үйренгенін саралап ой-елегінен өткізе біледі. Жұмыс жоспарыКіріспеНегізгі бөлім: 1. Геометрияның адам өміріндегі маңыздылығы. 2. Оқытудағы сыни тұрғыдан ойлаудың алатын орны. 3. Геометрия сабақтарында оқушылардың сыни тұғыдан ойлаудағдыларын арттыру жолдары. 4. Зерттеу бөлімі 5. Күтілетін нәтиже. Қорытынды бөлім: Геометрия сабақтарында оқушылардың сыни тұғыдан ойлау дағдыларын арттыру арқылы, бәсекеге қабілетті тұлға тәрбиелеу. КіріспеҚазақстан Республикасының білім жүйесін 2015 жылға дейін дамыту түжырымдамасында: «Орта білім берудің мақсаты-жылдам өзгеріп отыратын дүние жағдайында алынған терең білімнің, кәсіби дағдылардың негізінде еркін бағдарлай білуге, өзін-өзі іске асыруға , дамытуға және өз бетінше дұрыс, адамгершілік тұрғысынан жауапты шешімдер қабылдауға қабілетті жеке тұлғаны қалыптастыру » - деп айтқан. Бүгінгі таңда Еліміздің білім жүйесінде  оқыту процесін  тың идеяларға  негізделген  жаңа мазмұнмен  қамтамасыз  ету міндеті тұр. Орта білім берудің  басты мақсаты- әлеуметтік, экономикалық, қоғамдық- саяси өмірге белсенді  араласуға дайын, құзіретті  тұлғаны қалыптас-тыруға  ықпал ету болып отыр. Осы  мақсатқа жету үшін  педагог ең алдымен  білім мазмұнының даму тенденцияларымен  оқу процесін  ұйымдастыруда қолданылатын   білім берудің жаңа  технологияларын білу керек. Геометрия (гр.geometrіa, ge — Жер және metrio — өлшеймін) — математиканың кеңістіктік пішіндер (формалар) мен қатынастарды, сондай-ақ, оларға ұқсас басқа да пішіндер мен қатынастарды зерттейтін саласы. Геометрия ерте заманның өзінде-ақ кеңістіктік пішіндер мен қатынастар жөніндегі ғылым ретінде қалыптасқан. Жер өлшеу ғылымын, соңғы мағынадағы Геометриядан айырып айту үшін, Аристотель геодезия деп атаған. Геометрияны тек жер өлшеу жұмыстары ғана тудырған жоқ. Бұл бағытта ғылыми-практикалық деректердің молайып, қорлануына үй, көпір, пирамида, әскери бекіністер, тағыда басқа құрылыстар салу, арналар қазу, ыдыстардың сыйымдылығын өлшеу, құрылыстарға қажетті материалдардың шамасын алдын ала есептеу елеулі әсер етті. Қалыпқа салынып соғылған кірпіштердің, құрылысқа арналып шабылған қырлы тастардың, шеберлердің кесіп, сүргілеп тегістеген бұйымдарының сыртқы тұрпаты — пішіні бірдей болады. Мұндай пішін төрт бұрышты призма деп аталады. Үш бұрышты, бес бұрышты, тағыда басқа призмалар болады. Геометрияда призманың қандай материалдан жасалғандығы есепке алынбайды, оның тек мөлшері мен орналасуы ғана зерттеледі. Цилиндр, конус, шар, Геометрия ұғымдар да осылай қалыптасқан. 2. Оқытудағы сыни тұрғыдан ойлаудың алатын орны 3.Геометрия сабақтарында оқушылардың сыни тұғыдан ойлау дағдыларын арттыру жолдары Сыни тұрғысынан ойлауды үйрету үшін мына төмендегі шарттарды орындау қажет:Сыни тұрғысына ойлауды үйрету үшін уақыт керек;Оқушыларды ойланып-толғануға , ойын ашық айтуға рұқсат беру;Әртүрлі идеялар мен пікірлер қабылдау;Үйрену барысында оқушылардың белсенді іс-әрекетін қолдау;Геометрия пәнін терең түсіну;Сыни тұрғысынан ойлауды бағалау;Тек сонда ғана олар:Мен осы мәселе туралы не ойлаймын?Осы мазмұннан алған ақпарат менің бұрынғы осы мәселе туралы білетініме сәйкес келе ме?Маған бұл жаңа ойлар , идеялар қаншалықты әсер етті? Деген сауалдар төңірегінде ойлауға үйренеді. Үшбұрыш түрлері Теңқабырғалы үшбұрыш Теңбүйірлі үшбұрыш Тік бұрышты үшбұрыш Қабырғалары әртүрлі үшбұрыштар Доғал бұрышты үшбұрыш Сүйір бұрышты үшбұрыш Геометрия 7-сыныпта «Үшбұрыштың түрлері» тақырыбы бойынша кластер құру c2=b2+a2 Пифагор теоремасы шығуына не әсер етті?(стрелкалар бойынша дәлелдемелер жазу) ромб тіктөртбұрыш «Төртбұрыш » тақырыбында Венн диаграммасын құру Деңгейлік тапсырмалар орындау.І деңгей : ∆ қабырғаларының ұзындығы 3 см,4 см және 6 см. ∆-тың периметрін табыңдар.ІІ деңгей: Тең қабырғалы үшбұрыштың Р=39 см. Үшбұрыштың қабырғаларын тап. ІІІ деңгей: Тең бүйірлі үшбұрыштың Р=16 см. Табаны бүйір қабырғасынан 4 см қысқа. Үшбұрыштың бүйір қабырғасының ұзындығын тап. 1 2 3 4 5 5 Геометрия сабақтарында оқушыларды сыни тұрғыдан ойлауға дағдыландыру кезде біраз нәтижелерге қол жеткізе бастағанымды байқадым. Атап айтатын болсам: Оқушы сабақта өзін еркін сезіне бастады; Тақырып мазмұнын аша алуға үйрене бастады Топпен, ұжыммен, жеке жұмыс жасай алатын болды; Сабаққа ынтасы пайда болды; Есептерді, берілген тапсырмаларды дұрыс орындауға тырысатын болды 6 Өз бетінше ізденіп, жұмыс жасай алатын болды