Есептеу техникасыны? даму тарихы. Электронды-есептеуіш машиналарды? кезе?дері
Тақырыбы: Есептеу техникасының даму тарихы. Электронды-есептеуіш машиналардың кезеңдері
Мақсаты: Есептеу техникасының даму тарихы, электронды-есептеуіш машиналардың кезеңдері туралы түсінік алу.Міндеттері: {5C22544A-7EE6-4342-B048-85BDC9FD1C3A}БілімділікДамытушылықТәрбиелікЕсептеу техникасы анықтамасын біледі.Есептеу техникасы дамуына үлес қосқан ғалымдарды атап шығады. ЭЕМ дамуының бес буынын сипаттайды.Практикалық дағдыларын дамыту, өз бетінше жұмыс жасауда білімдерін пайдалана білуге, пәнге деген қызығушылығын қалыптастыру.Ұқыптылыққа, ізденімпаздыққа, шығармашылыққа тәрбиелеу
{5C22544A-7EE6-4342-B048-85BDC9FD1C3A}+кестелер +жаттығулар жинағы +ұлы тұлғалар портреті, оқулық+стикер сызба+таратпа материалдар +дидактикалық жинақтама +оқулықСабақтың жабдықталуы мен дидактикалық материалдар: Күтілетін нәтиже: Есептеуіш техникасының даму тарихымен оның құрылуының негізгі принциптерімен танысады, ЭЕМ-нің қоғам өміріндегі рөлін түсінеді; Сабақтың барысыI. Ояту Ұйымдастыру кезеңі // Жағымды ахуал тудыру Оқушыларға компьютердің негізгі және қосымша құрылғыларының суреттерінің қиындысы арқылы 3 топқа бөлу.
Сыныпты топтарға бөлу. (топтық) // Топта жұмыс істеу ережесіТоптағы әрбір оқушының қолына «күлдіргендер» беру. Сабақтың өтілу шартын түсіндіру
II. Мағынаны тану1. Өткен сабақтағы материалдарды қайталауӘр топқа А, В, және С деңгей бойынша үш сұрақ қойыладыА деңгейіАқпарат дегеніміз не?Ақпаратты адамдар қалай қабылдайды?Ақпараттық процестер дегеніміз не?В деңгейіВирус дегеніміз не?Вирусқа қарсы программаларды атаңыз?Компьютерге вирус кіргенін қалай анықтауға болады?С деңгейіМұрағаттау дегеніміз не?Мұрағаттауға арналған қандай программаларды білесіз?Ақпараттарды қалай мұрағаттаймыз?
2. Жаңа материалды таныстыру1- топ «Алғашқы есептеуіш құрылғылар мен машиналар» тақырыбы 1. Ең ерте заманғы есептеу құралын атаңыз.2. «Есепшотты» басқа елдерде қалай атаған?3. Қай жылдары қандай есептеуіш құрылғылар пайда болды, ол құрылғыларды кімдер ойлап тапты? 2-топ Электронды -есептеуіш машиналар;Бірінші ЭЕМ қай жылы, кім ойлап тапты? Оны қалай атады?2. 1949 ж. қандай машина құрастырылды?3. Бұрынғы Кеңестер Одағында бірінші ЭЕМ қай жылдары, кімнің басшылығымен жасалды? 3- топ. « ЭЕМ –нің даму буындары»1. ЭЕМ нің буындарын атаңдар. Олардың бір –бірінен айырмашылығы неде?2. Қазіргі дербес компьютерлер қай буынға жатады?3. Алғашқы болып программа жазған кім?«Алғашқы есептеуіш құрылғылар мен машиналар» тақырыбыЕсептеу техникасыЕсептеу техникасы - ақпаратты өңдеу мен есептеудің математикалық процестерін механикаландыру және автоматтандыру үшін қолданылатын техника және математикалық құрал- жабдықтар жиынтығы. Есептеуге арналған алғашқы құралдар пайда болардың алдында ежелгі адамдар есепті қол саусақтары, тастар мен есептеу таяқшалары арқылы жүргізді.
Ең алғашқы есептеу құралыЕң ерте есептеу құралы- есепшот. Деректер бойынша есепшот біздің дәуірімізге дейінгі 2 мыңжылдықтың соңында ежелгі Қытайда пайда болған. Есептеу амалдары тақтадағы әрбір жолда орналасқан ұсақ тастар мен дөңгелек сүйектерді жылжыту арқылы жүргізілген. Бұл санау құралын гректер мен Батыс Еуропалықтар «абак» деп, қытайлықтар «суанпан», жапондықтар «серобян» деп атаған. Есепшоттың қазіргі түрлері 18 ғасырда пайда болды.«Паскалина»1642 ж француз математигі Блез Паскаль 19 жасында дүние жүзінде бірінші рет «қосу машинасы» деген атпен белгілі, жетектер мен дөңгелектерден тұратын механикалық есептеу машинасын құрастырды. Паскальдің машинасында көп мәнді сандарды қосу мүмкін болды.
Бэббидждің аналитикалық машинасыАдамның қатысуынсыз есептеулерді орындайтын машинаны ойлап табу идеясын 1833 жылы ағылшын математигі Чарльз Бэббидж өз жобасында баяндады. Оның ұсынысы бойынша ақпаратты енгізу мен шығару перфокарта атты қатты қағаздағы тесіктер арқылы жүзеге асырылды. Беббидж идеясы 19 ғасырда жүзеге асырыла бастады. Дүние жүзі бойынша алғашқы 1846 жылы Ч. Бэббидж машинасына бағдарлама жазған Ада Лавлейс бағдарламаушы деп саналады .
I буын (1946 - 1958)электронды-вакуумды шамдарII буын (1958 - 1964)транзисторларIII буын (1964 - 1972)интегралды микросхемаларIV буын (1972 - …)үлкен және өте үлкен интегралды схемаларV буын бұл буын әлі қарастырылуда«ЭЕМ –нің даму буындары»
ЭЕМ-нің бірінші буыны(1946-1958)электронды шамдармен жұмыс істедіесептеу жылдамдығы секундына 10-20 мың операцияәр машинаның өз тілі болдыоперациялық жүйелер болған жоқенгізу және шығару: перфоленталар,перфокарталар, магнитті таспалар
ЭЕМ-нің екінші буыны(1958-1964)жартылай өткізгіш элементтер – транзисторлар (1948, Дж. Бардин, У. Брэттейн и У. Шокли)жылдамдығы секундына 10-200 мың операцияалғашқы операциялық жүйелералғашқы программалау тілдері: Фортран (1957), Алгол (1959)мәліметтерді сақтау құралдары: магниттік барабандар, магниттік дискілер.
ЭЕМ-нің үшінші буыны(1964-1972) интегралды микросхемалар (1958, Дж. Килби)есептеу жылдамдығы секундына 1 млн. операцияға дейінжедел жад – жүздеген мың байтоперациялық жүйелер – жадты,құрылғыларды, процессор уақытын басқарупрограммалау тілдері Бэйсик (1965), Паскаль (1970, Н. Вирт), Си (1972, Д. Ритчи)программалар үйлесімділігі
ЭЕМ-нің төртінші буыны (1972жылдан бүгінге дейін) үлкен және аса үлкен интегралды схемалардан (ҮИС, АҮИС) тұратын компьютерлердербес компьютерлерқарапайым пайдаланушылардың пайда болуы, графикалық интерфейстің қажеттілігіәрекет ету жылдамдығы секундына 1 млрд. операциядан жоғарыоперативті жад – бірнеше гигабайткөппроцессорлық жүйекомпьютерлік желілермультимедиа мүмкіндіктері (графика, анимация, дыбыс)
Болашақ V буын Бесінші буын ЭЕМ –ол жасанды интеллектісі бар жақын болашақтың машинасы.Оған ақпаратты дауыстап енгізе алатын боламыз және олардың көмегімен «дауыстық байланысу», «машиналық көру», «машиналық сезу»,мүмкін болады.
3. БекітуМына кестені толтыра отырып сабақтың мазмұны бойынша қорытынды шығару.
III. Рефлексия Сабақты қорытындылау: Практикалық жұмыс ЭЕМ – нің даму тарихы туралы слайд жасауОқушыларды бағалауҮй тапсырмасы: Параграф 6 оқу және өзіңді тексер тапсырмасын орындап келу