Открытый урок по математике на тему : «Жазы?ты?та?ы тік б?рышты координаталар ж?йесі. Координаталары бойынша н?ктені салу»
Сабақтың тақырыбы: «Жазықтықтағы тік бұрышты координаталар жүйесі. Координаталары бойынша нүктені салу» тақырыбына есептер шығару. Сабақтың эпиграфы: Қолымыздан қайрат, санамыздан ақыл кетпесе, жақсылыққа жетеріміз хақ. (Н.Назарбаев) Сабақтың мақсаты: Білімділік: Жазықтықтағы тік бұрышты координаталар жүйесі және координаталары бойынша нүктелерді салу тақырыбын пысықтау,тақырып бойынша алған білімдерін тиянақтау. Дамытушылық: Ой-қиялын,танымдылықтарын,логикалық ойлау қабілеттерін дамыту; Тәрбиелік: оқушыларды ұйымшылдыққа тәрбиелеу. Тазалық пен ұқыптылыққа үйрету. Оқушыларды шапшаңдыққа, батыл шешімге келуге тәрбиелеу. Сабақтың түрі:Саяхат сабағы І. Бәйтерекке саяхатІІ. Ақ ордаға саяхатІІІ. Хан-шатыры сауда ойын-сауық орталығына саяхатІV. Мұхит аралына саяхатV. Нұр-Астана мешітіне саяхат жасау І. Бәйтерекке саяхат.“Қайталау – оқу анасы” (әрбір дұрыс әрі толық жауапқа 2 балл, толық болмаса 1 балл) ІІ. Ақ ордаға саяхат. «Білім -басты мұрат» Деңгейлік есептер шығару. І деңгей - "3" ІІ деңгей - "4" ІІІ деңгей -"5" ІІІ. Хан-шатыры сауда ойын-сауық орталығына саяхат.«Білім-таусылмайтын кен» Тест есептер. (әрбір дұрыс жауапқа 1 балл) ІV. Мұхит аралына саяхат. Сергіту сәті. Ойымды жалғастыр (мақал-мәтелдер) (әрбір дұрыс жауапқа 1 балл) V. Нұр-Астана мешітіне саяхат жасау. Қорытындылау кезеңі. Шығармашылық жұмыс. Жалпы жинаған балл Баға 9-10 балл: «5»-тік 3-5 балл: «3»-тік 6-8 балл: «4»-тік0-2 балл: сабаққа зейін қой!!! Бәйтерекке саяхат“Қайталау – оқу анасы” Екі теріс,екі оң санды көбейткенде қандай сан шығады?Қарама-қарсы сандар дегеніміз не?Теріс санның модулі неге тең? Пропорция дегеніміз не?Координаталық жазықтық дегеніміз не?Координаталық осьтер жазықтықты неше бөлікке бөледі?Оң санға қандай сан қарама-қарсы сан бола алады?Тік бұрышты координаталар жүйесін математикаға енгізген ғалымды ата? Ұлы математик Декарт Рене(1596-1650) француз ғалымы, философ, математик, физик және физиолог. Тік бұрышты координаталар жүйесі француз математигінің құрметіне декарттық координаталар жүйесі деп те аталады 2002 жылы Евразияның кіндігі — Астананың төрінде Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың идеясымен Елорданың символына айналған «Астана – Бәйтерек» монументі салынды. Оның биіктігі 97 метр. Бәйтерекке саяхат А тобы№1127№1128 С тобы№1142№1143 В тобы№1136№1138 Ақ ордаға саяхат. «Білім - басты мұрат» Ақ ордаға саяхат. Ғимараттың жалпы көлемі 36 720 м2. Қазақстан Республикасы Президентінің Ақ ордасының ресми тұсаукесері 2004 ж. желтоқсанның 24 күні өтті. Ақ Орда – Қазақстан Республикасы Президентінің резиденциясы. Ол Есіл өзенінің сол жағалауында, сулы-желекті бульвардың бас жағында, «Бәйтерек» монументінен 300 метр жерде орналасқан. Ғимарат қазіргі заманғы құрылыстың ең таңдаулы әдістерін қолдана отырып, монолит құйматастан салынған. Шатырсүмбіні қоса есептегендегі ғимараттың биіктігі 80 м. Қасбеттің қаптамасы қалыңдығы 20—40 см. болатын итальян мәрмәрынан жасалған. Ғимарат жер бетінде 5 және жер астындағы 2 қабаттан тұрады, оның ішінде жер бетіндегі 1-қабаттың биіктігі 10 м., қалған қабаттардың биіктігі 5 м. Ақ Орданың жанында Республика Парламентінің ғимараты, Үкімет үйі, Жоғарғы сот ғимараты, Министрліктер үйі орналасқан. Хан-шатыры сауда ойын-сауық орталығына саяхат «Білім-таусылмайтын кен»Тест есептер. 1. Екі остің қиылысу нүктесі не деп аталады? а) абцисса с) координаталар бас нүктесі в) ордината д) координата2. Теңдеуді шешіңдер: 7х+3 = х+15 а) 2,25; в) 2; с) 33. Теңcіздікті шешіңдер: 3х+7>13 а) x<3; в) x>1.25; с) x>24. Теңдеуді шешіңдер: 6х-7 = х+3 а) 2; в) -4/7 с) -45. Координаталық жазықтықта А(-5;5) нүктесі қай ширекке тиісті? а) І ширек в) ІІ ширек с) ІІІ ширек д) ІҮ ширек Жауаптары. СВСАВ Хан-шатыры сауда ойын-сауық орталығы. 2010 жылы Астананың туған күнінде сәулеттік тұрғыдан бірегей құрылыс – «Хан шатыры» сауда ойын-сауық орталығы ашылды. Ол қазір әлемдегі ең биік және ең үлкен шатыр, оның шпилінің биіктігі 150 метр. Ғимарат орасан зор мөлдір шатыр болып табылады. Оның күмбезінің арнайы материалдан жасалған, үш қабатты жабыны Астананың жазда 35 градус ыстық, қыста 30 градус аяз болатын қатаң ауа-райына шыдайды, күн сәулесін жақсы өткізіп, қысы-жазы бір температура ұстап тұруға мүмкіндік береді. Шатырдың жалпы ауданы он футбол алаңынан үлкен. Жобаның авторы белгілі архитектор Лорд Норман Фостер. 1. Жеті жұрттың тілін біл, жеті түрлі білім іл 2.Білекті бірді жығар, білімді мыңды жығар 3.Екі жақсы қас болмас, екі жаман дос болмас 4.Досыңды үш күн сынама, үш жыл сына 5. Бір елі ауызға – екі елі қақпақ 6. Жүз сомың болғанша, жүз досың болсын 7. Отыз тістен шыққан сөз, отыз елге тарайды 8. Білгенің бір тоғыз, білмегенің тоқсан тоғыз Мұхит аралына саяхат.Ойымды жалғастыр (мақал-мәтелдер) 9. Бір кісі қазған құдықтан, мың кісі су ішеді Мұхит аралы. Қазақстанның астанасында әлемде мұхиттан ең қашық жердегі океанариум – «Думан» ойын-сауық орталығы орналасқан. Оған үш миллион литр су және 120 тонна теңіз тұзы жұмсалды. Мұнда теңіз жануарларының жүзден аса түріне жататын екі мыңнан аса балықтар мен түрлі жануарлар өмір сүреді. Келушілерді әсіресе акуланы тамақтандыру сәті аса қызықтырады. Мына нүктелерді координаталық жазықтықта ретімен сал: ( 0; 3 ), ( -1; 1), (-3; 1), (-1; 0), ( -2; -2), (0; -1), (2; -2), ( 1;0 ), (3; (1; 1 ), ( 0; 3). Нұр – Астана мешітіне саяхат.Шығармашылық жұмыс. Нұр – Астана мешітіне саяхат. Монумент түнде керемет жарқырайды. Айналасына келсек, бір жағында Қорғаныс министрлігі ғимараты, ал екінші жағында – Сыртқы істер министрлігі ғимараты орналасқан. Ішінде 5 мың адам дұға жасай алатын үлкен залды кездестіреміз.. Мешіт көлемі 4000 шаршы м тең. Ол 2005 жылы 26 мамырда ашылды Үйге тапсырма. $ 6.4; №1133 А тобы №1135 В тобы №1141 С тобы Рефлексия. «Көңіл-күй» шкаласынан өз көңіл-күйіңе сәйкес суретті таңдап алып, белгілеп қ ойыңдар. Мен өз-өзіме сенімсізбін. «Көңіл-күй» шкаласынан өз көңіл-күйіңе сәйкес суретті таңдап алыңдар. Мен сабаққа дайынмын Менің сабаққа зауқым жоқ