Презентация по самопознанию на тему: К??іл-к?йімізді бас?ара білейік


Өзін-өзі тану2-сынып Көңіл күйімізді басқара білейікСабақтың тақырыбы:Өзін-өзі тану пән мұғалімі: Ибрагимова З Құндылық: АқиқатҚасиеттері: Шындықты айту, тек жақсы және қажетті заттардығана айту, басқалардан жақсылықты іздеу. Сабақ мақсаты: Жақсы іс,жағымды әрекет,ізгі ниет, жылы сөз, жақсылық хабар қуаныштың адам өміріндегі маңызын түсінуге ақиқат құндылығы ретінде түсінік беру.Міндеттері:-Шындықты айту, басқалардан жақсылық іздеу;-Тек жақсы және қажетті заттарды ғана айту;-Қарапайымдылық, оптимизм, кішіпейілділікке тәрбиелеу; Сабақ барысы:Ұйымдастыру кезеңi.Тыныштық сәтi. «Нұрға бөлену»— Тыныштық сәті.    Нұрға бөлену  Ыңғайланып отырыңыздар, денелеріңізді түзу ұстаңыздар. Көздеріңізді жұмуларыңызды өтінемін.Елестетіп көріңіз: Күн нұры сіздің төбеңізден өтіп, кеудеңізге қарай бойлап барады. Кеудеңіздің орта тұсында гүл түйнегі орналасқан. Гүлдің түйнегі нұрдан баяу ашылып келеді. Балғын және таза әсем гүл сіздің әр ойыңызды, әр сезіміңізді, эмоцияңыз бен тілек-қалауыңызды  шайып, жүрегіңіздің қауызын ашты. Нұр сәулесі сіздің бойыңызға ақырын тарай бастағанын елестетіңіз. Ол біртіндеп күшейе түсуде. Оймен осы нұрды қолдарыңызға түсіріңіз. Сіздің  қолдарыңыз нұрға бөленіп, сәуле шашуда. Қолымыз тек жақсы, ізгі істер істейді және баршаға көмектеседі. Нұр аяқтарыңызға тарады. Аяқтарыңыз  нұр сәулесін шашуда. Олар сізді тек жақсылық жасау үшін жақсы жерлерге апарады. Олар нұр мен махаббат құралына айналды.Одан әрі нұр сіздің аузыңызға, тіліңізге тарады. Тіліңіз тек шындықты және жақсы, ізгі сөздер ғана айтады. Нұрды құлақтарыңызға бағыттаңыз, құлақтарыңыз тек жақсы сөз бен әсем әуенді ғана естиді. Нұр көздерімізге де жетті, көзіміз  тек жақсыға қарап, бәрінен жақсылықты ғана көреді. Сіздің басыңыз түгелдей нұрға бөленіп, басыңызға тек ізгі, сәулелі ой келеді. Нұр бірте-бірте қарқын және шұғылана бастайды, сіздің денеңізден шығып, жан-жағыңызға сәуле шашады. Осы нұрды туысқандарыңызға, мұғалімдеріңізге, достарыңызға, таныстарыңызға бағыттаңыз. Нұрды уақытша  түсініспей, ренжісіп жүрген адамдарға да бағыттаңыз, олардың да жүрегі нұрға толсын.Осы нұр бүкіл әлемге: барлық адамдарға, жан-жануарларға, өсімдіктерге, барлық тірі жанға таралсын... Ойша айтыңыз: «Мен нұрлымын... Нұр менің ішімде... Мен Нұрмын».Осындай Нұр, Махаббат және Тыныштық күйінде  отыра тұрыңыз... Енді осы Нұрды жүрегіңізге орналастырыңыз. Нұрға толы бүкіл әлем  сіздің жүрегіңізде. Оны осындай әсем қалыпта сақтаңыз.Жаймен көзіңізді ашуға болады. Рахмет.   Қандай сезімде болдыңдар? Оқушылар өз әсерлерімен бөліседі.
Үй тапсырмасын тексеру«Тиін мен қасқыр» ертегі «Өмір деген жарыста,Шаттанғын, дос,қалыспа!»Дәйексөз.Ш.Смаханұлы Әңгiмелеу (сұхбат)Жас ФарабиАңыз Қ.СапарбаевӘбунасыр әл-Фараби әлемге әйгілі ғалым болған. Ол ежелгі Фараб қаласын-да туып өскен. Әбунасыр араб, түрік, еврей, грек, т.б. тілдерді жетік білген.Бірде оқытушы оған:-Шәкіртім, қашан көрсем де ақ жарқын жүресің, — деді.-Мен көңілді жүруге әдейі дағдыланамын. Өйткені «Көңіл күйдің жақсылығы – жақсы денсаулық пен жемісті еңбектің кепілі» деген ұстазым – Қорқыт бабам, — деді Әбунасыр.Сұрақтар қойылады.— Оқушылардың жағымды көңіл –күй, ұстамды болу және әр-түрлі жағдайларда өзін ұстай білуі туралы ойларын тыңдау, өміріндегі мәнін түсіну туралы сұрақтар қойылады. Шығармашылық жұмысМенің көңіл күйім қандай? Сергіту сәті Шығармашылық жұмыс, топтық жұмыс.1.Суреттегі балалардың бет бейнелеріне қарап,қандай көңіл-күйде тұрғанын көрсетіп,әңгімелеп беру.2.«Мен әртіспін», «Менің көңіл-күйім қандай?» атты тақырыпта сахналық көрініс көрсетеді. Мұнда әр-түрлі көңіл-күйдің адамдарға оң және теріс әсерін көрсетуі мен жағымсыз күйлерді болдырмау мақсаты көзделеді.3.Дәптермен жұмыс Ребусты шешу. (Шешуі: «Орынсыз ашу- от шашу»)
Жақсы көңіл күй:1.Тез түсінуге септігін тигізеді.2.Өз ара достасуға көмектеседі.3.Сыйластыққа негіз болады. Топпен ән айтуКел, балалар, күлейік!Күлкіменен түлейік! Қабақ түйген не керек?Көңілді боп жүрейік!«Айгөлек» әнін айтамыз Оқушылар көңілкүйін анықтау.Үйге тапсырма.«Бақытты балалық шақ» өлеңді оқып келу.
Көңіл бөлгендеріңізге рахмет!