Сыныптан тыс шара Тап?ыр достар (4-сынып)


Сайысымыздың ұраны: Көп тіл білсең көкжиегің кең болар,Құрметтейді кісі екен деп төрге озар.Қай елде жүрсең де бұл дұрысы-Мемлекеттік тілді білген жөн болар. Сайыстың мақсаты: Орыс сынып оқушыларының және басқа ұлт өкілдерінің мемлекеттік тілге құрметпен қарауын, сонымен бірге мемлекеттік тілге қызығушылығын арттыру Сайыс кезеңдері: 1 Таныстыру2 «Өлең- сөздің патшасы!3 «Кім жылдам?»4 Тапқырлық5«Тапқыр болсаң – тауып көр»6 Ойлан тап І-кезең. Таныстыру. ІІ-кезең. «Өлең- сөздің патшасы». Әр топтан екі оқушыдан өлеңді мәнерлеп оқиды. ІІІ-кезең «Кім жылдам?» Бұл кезеңде берілген әріптерден тез сөздер құру. Қай топ жылдам сөзді құрап шықса сол топ ұпай алады.. М ӨСЛЙЕ – Сөйлем УҒАЛЖА- ЖалғауЗСӨ- Сөз ЛТІ -тіл ҚАБАС- Сабақ ОҢЫАУҚР- Қоңырау ЕТМПЕК- мектеп ҮГЛ гүл ІҮ-кезең. « Тапқырлық» Берілген мақалдағы жасырын сөзді тауып, мақалды жалғастыру. Дұрыс жауапқа 5 ұпай. Тіл тас жарады, тас жармаса ......... (бас жарады) 2. Тауды, тасты жел бұзар, адамзатты ...... (сөз бұзар) 3. Жақсы сөз- .... (жарым ырыс)4 Шебердің қолы ортақ, шешеннің ..... (тілі ортақ) 5. Жақсы байқап сөйлер, жаман ..... (шайқап сөйлер)6. Бас кеспек болса да,..... (тіл кеспек жоқ)7. Піл көтермегенді, ..... (тіл көтереді)  ІІ топ 1.Тілден артық .... (қазына жоқ)2.Ана сүті бой өсіреді, ана тілі .... ( ой өсіреді) 3.Жыланның уы тісінде, адамның уы .... (тілінде)4. Ең ащы да тіл, ең .... (тәтті де тіл) 5.Жылы-жылы сөйлесең, жылан .... (інінен шығады) 6.Басқа пәле- ......( тілден) 7. Тілге құрмет, ..... (елге құрмет) Ү –кезең «Тапқыр болсаң – тауып көр» Бұл кезеңде әр топтың топ басшылары сыналады. Әр топтың топ басшысына 10 сұрақтан қойылады. Әр сұрақтың дұрыс жауабы 1 ұпаймен бағаланады.  ҮІ кезең «Ойлан тап» Бұл кезеңнің шарты екі топқа бірдей «Саңырауқұлақтар» сөзі берілген. Осы сөздің ішіндегі әріптерден жаңа сөз құрастыру. Саңырауқұлақтар