?аза?стан — егеменді мемлекет
Сабақтың тақырыбы: Қазақстан-егеменді мемлекет
Сабақтың мақсаты: Білімділік: оқушыларға КСРО-ның ыдырауы, Қазақстанның тәуелсіздік алуы жайлы мағлұмат бере отырып, нақты тарихи заңдылықтарды түсінуін қалыптастыру. Тәуелсіз Қазақстан мемлекетінің құрылуы жайындағы білімдерді меңгеру үшін жағдай туғызу. Дамытушылық: тақырыпты оқыта отырып тарихи оқиғаның маңызын анықтай білу дағдыларын қалыптастыруға көмектесу, тарихи оқиғаларға баға бере білу қабілеттерін және жан-жақты ойлау қабілеттерін дамыту. Тәрбиелік: өз елінің өткен тарихын құрметтеуге үйрету, Отан мен қоғам алдындағы жауапкершішк сезімін арттыруға көмектесу, Отанға, еліне деген сүйіспеншілік сезімін арттыру, патриоттыққа, азаматтық жауапкершілікке тәрбиелеу.
Сабақтың түрі: араласӘдісі: интерактивтіПәнаралық байланыс: географияКөрнекілік: интербелсенді тақта,бүктемелер, Қазақстан Республикасының саяси-әкімшілік картасы, электронды оқулық.
Сабақтың жоспары:Ұйымдастыру кезеңі.Үй тапсырмасын тексеру.Жаңа сабақ.Жаңа сабақты бекіту.Бағалау.Үйге тапсырма.
Ұйымдастыру кезеңі.
II. Үй тапсырмасын тексеру. Ғарышқа жол қай уақыттан басталды? Тұңғыш қазақ ғарышкері кім? «Адамға табын,Жер,енді!» поэмасының авторы кім? Ғарышты зерттеудің адам өміріндегі маңызы не?
III. Жаңа сабақ.
Жаңа сабақтың жоспары: КСРО-ның ыдырауы. Қазақстанның тәуелсіздік алуы. Н. Ә. Назарбаев. Қазақстан халқы.
Тарихи 5 кезең:Жоңғар шапқыншылығыАшаршылық (1930-1932 жыл)Репрессия (1937-1939 жыл)Ұлы Отан Соғысы (1941-1945 жыл)Желтоқсан оқиғасы (1986 жыл)
1922 құрылған Еуразиядағы алып мемлекет КСРО-ның құрамында 15 одақтас ел болды. Одақ құрамындағы барлық республиқалардың өз бетімен қандай да бір мәселені шешуге құкығы болмады. Барлық билік тек қана Мәскеудің қолында болды. Әсіресе Қазақстанда жағдай барған сайын қиындай түсті. Қазақтар өз ана тілінен, салт-дәстүрінен айырылды. Көптеген қазақ мектептері жабылды. Сонымен қатар Қазақстан өз байлығына өз ие бола алмады. 1986 жылы желтоқсанда Алматыда алғаш рет жастар отаршыл империяның саясатына қарсы шықты. Олар басшылыққа қазақ азаматының келуін талап етті. Алаңға шыққан жастар қатаң жазаланып таратылды. 1991 жылы КСРО өмір сүруін тоқтатты. Құрамындағы республиқалардың барлығы өз тәуелсіздіктерін жариялады. 1991 жылы Қазақстан өз тәуелсіздігін жариялап, жеке мемлекет болды. Әлем картасында жаңа Қазақстан Республикасы деген мемлекет пайда болды. Қазақстан Республикасын бүгінде әлемнің 120-дан астам мемлекеті мойындаған. Еліміз көптеген мемлекеттермен дипломатиялық қатынас орнатқан.
Н. Ә. Назарбаев 1940 жылы Алматы облысының Қарасай ауданы Шамалған ауылында дүниеге келген. Теміртау қаласында жоғары техниқалық оқу орнын бітірген. Мамандығы инженер-металлург. Еңбек жолын Теміртау қаласындағы Қарағанды металлургия комбинатында қарапайым жұмысшы болып бастап, басшылық қызметтерге дейін көтерілген. 1991 жылы 1 желтоқсанда алғаш Қазақстанда бүкіл-халықтық Президент сайлауы өтіп, көпшіліктің қолдауымен Н. Ә. Назарбаев Қазақстан Респубикасының Президенті сайланды. Ата Заң бойынша Президент - татулық пен бірліктің кепілі. Халықаралық аренада Қазақстан атынан өкілдік етеді. Сонымен қатар Президент қарулы күштердід бас қолбасшысы болып саналады.
IV.Жаңа сабақты бекіту. КСРО ыдырауының алғы шарттарын ата. Қазақстан тәуелсіздікке қалай жетті деп ойлайсың? Қазақстан тәуелсіздігінің тарихи маңызы неде? Тәуелсіз Қазақстан мемлекетінің алға қойған мақсаты қандай деп ойлайсың? Президент Н.Ә. Назарбаевтың өмірі жайлы не білесің? Қазақстанда қанша ұлттар мен ұлыстар тұрады?
Сандар сыры:1990 жыл 25 қазан.1991 жыл 16 желтоқсан.1992 жыл 2 наурыз.1992 жыл 4 маусым.1995 жыл 30 тамыз.
Бағалау.
Үй тапсырмасы: 58-параграфты оқу. «Мен Тәуелсіз Қазақстан ұланымын» тақырыбында шағын әңгіме жазу.