7 сынып сиыр цепені
Үй тапсырмасы Биологиялық диктант.1. Зоология ғылымының паразит құттарды зерттейтін саласы қалай аталады?2. Жалпақ құрттар неше класқа біріктіріледі? 3. Ұрықтың дамуы кезінде эктодерма және энтодерма аралығынан пайда болатын аралық жасушалы қабат қалай аталады? 4. Сірқабық қандай қызмет атқарады?5. Жалпақ құрттар типінде ішекқуыстыларда болмаған қандай жаңа жүйе пайда болды?6. Ақ сұлама жалпақ құрттардың қандай класына жатады?7. Ақ сұламаның сыртқы қимылына қандай бұлшықеттер қатысады?8. Ақ сұламаның сезім мүшелері нелер?9. Ақ сұлама жұмыртқадан дамып не түзеді?10. Паразиттік жолмен өмір сүретін құрттардың қай класы? Жауабы: 1. Гельминтология2. 5 класқа біріктіріледі.3. Мезодерма4. Қорғаныш және тірек5. Зәршығару6. Кірпікшелі құрттар класы7. Сақиналы8. Қарапайым көзшелер9. Піллә10. Сорғыш құрттар класы Салыстыру. І-топ:бауырсорғыш пен гидраны салыстыру.ІІ-топ: гидра мен ақ сұламаны салыстыру.ІІІ-топ: бауырсорғыш пен ақ сұламаны салыстыру. Жалпақ құрттар типі Еркін тіршілік ететіндер тобы Паразитті тіршілік ететіндер тобы Кірпікшелі құрттаркласы (ақ сұлама) Сорғыш құрттар класы (бауырсорғыш) Таспа құрттар класы (сиыр цепені) Жаңа сабақтың тақырыбы: “Таспа құрттар класының негізгі өкілі-сиыр цепені” Таспа құрттар – әсіресе жануарлардың және адамның ішкі мүшелерінде паразиттік ететін эндопаразит жәндіктер. Олардың денесі жалпақ, таспа тәрізді болғандықтан, класс таспа қарттар деп аталған. Паразиттік тіршілікке ерекше бейімделген құрттың бірі – сиыр цепені. Сиыр цепенінің құрылысы Ересек цепень (жармасқақ) – адамның ішегінде, ал дернәсілдері мүйізді ірі қараның, яғни сиырдың денесінде дамиды. Бұл жәндік ішекке қармақшасымен және сорғыштарымен жармасып алады, сондықтан жармасқақ деп аталған. Дененің алдыңғы бөлігінде қысқа мойынды басы болады. Басында 4 дөңгелек сорғыштары бар. Дененің сыртын сірқабық қаптайды. Жүйке жүйесі басында жүйке жасушаларының жиынтығын түзіл, екі желілі жүйке құрттың денесін құйрығына дейін бойлай созылады. Оның көзі, асқорыту және тынысалу мүшелері, қанайналым жүйесі болмайды. Зәршығару жүйесі дененің ең соңғы бунағында екі өзектен қосылып, сыртқа ашылатын зәршығару түтіктерінен қүралады. Сиыр цепені – гермафродит жәндік. Сиыр ңепенінің тіршілік әрекеті өте күрделі. Ол денесінде жүмыртқадан дернәсілдің екі түріне ауысады: біріншісі – қармақшалы дернәсіл; екіншісі – таспақұрттың көзге байқалмайтын, мойынға жалғасқан басы бар кішкене көпіршігі – финна. Ересек таспақұрт негізгі несі – адам денесінде өмір сүреді. Сиыр цепенінің даму циклы: 1 -жұмыртқа 2 - онкосфера дернәсілдері 3 -финна 4 - басы бар финна 5 - ересек құрт. Санитарлық – гигиеналық талаптар: 1. Адамдар тек дұрыс өнделген етті пайдалану қажет.2. Қолды жиі жуу керек.3. Шикі піскен етті жеуге болмайды. Графикалық диктант: «иә» - «жоқ». 1. Сиыр цепенінің басында 4 дөңгелек сорғыш болады2. Таспа құрттардың асқорыту және тынысалу жүйелері болады3. Сиыр цепені гермафродит жәндік4. Сиыр цепені кірпікшелі құрттар класына жатады5. Таспа құрттың сезім мүшесі –қарапайым көзшелер болып табылады Жауабы: 1. ия2. жоқ3. ия4. жоқ5. жоқ Мына кестені толтырып, жалпақ құрттар өкілдерінде мынадай жүйе бар болса “+”, жоқ болса “-” белгісін қойыңдар: Жалпақ құрттар өкілі Дене қуысы Асқорыту жүйесі Тыныс алу жүйесі 1.Ақ сұлама 2.Бауырсорғыш 3. Сиыр цепені Үйге тапсырма §42 оқу. Терминдерді дәптерге жазу және жаттау.