Сыныптан тыс ж?мысты ?йымдастыру (6 сынып)
Оқушыны шығармашылыққа бейімдеуде сыныптан тыс жұмыстарды ұйымдастыру Б.Қ.Қалидолла- бейнелеу өнері және сызу, технология пәнінің мұғалімі25014-2015 оқу жылы “Жарқын жалпы орта білім беретін мектебі” КММ
Сыныптан тыс жұмыс оқушының сабақта алған білімдері мен дағдылары негізінде ұйымдастырылады. Сыныптан тыс жұмыстардың мақсаты:- оқушылардың шығармашылық ізденістерін дамыту.- өзіндік қабілеттерін дамыту- қоғамдық қарым - қатынасты қалыптастыру. Міндеті:- алған білімдерін әрі қарай жетілдіру- өз білімін тереңдету қабілетін шыңдау- оқушылардың белсенділігін, қызығушылығын арттыру- оқушылардың өзара қарым - қатынасын қалыптастыру- еңбектенуге, ізденуге ықпал ету.
Талабы:- Оқушы қабілетін ескеру- білім мен тәрбиенің өзара байланысы- оқушының ой еркіндігі. Күтілетін нәтиже.- жұмыстарын өз бетінше жоспарлауға үйренеді- орындау тәртібін түсінеді- мұғалімнің нұсқауын тыңдап, дұрыс орындауға үйренеді- өз жұмысына қорытынды жасауға үйренеді- өзіндік танымдық, шығармашылық қабілеттері артады.
Сыныптан тыс жұмыс дегеніміз сабақтан тыс уақытта оқушының білімін тереңдетіп, біліктілігін арттыру үшін, сонымен қатар бос уақыттарын саналы және белсенді өткізу мақсатында жүргізілетін жұмыс. Сыныптан тыс жұмыс- сабақтан тыс уақытта мұғалімнің ұйымдастыруымен оқушының тұлғалық сапаларын қалыптастыру мақсатында өткізілетін жұмыс.Сыныптан тыс жұмыстың негізгі мақсаты- сабақ үстінде жүзеге асыратын тәрбие міндеттерін толықтыру және тереңдету, олардың қабілетін толық ашу, белгілі бір нәрсеге қызығушылығы мен ынтасын ояту, қоғамдық белсенділіктерін шыңдау, бос уақытын дұрыс ұйымдастыруды көздейді. Осының негізінде сыныптан тыс жұмыстың ерекшелігі төменде аталған міндеттерде көрсетіледі
Сыныптан тыс жүргізілетін жұмыс түрлері: Дұрыс ұйымдастырылған сыныптан тыс жұмыс оқушының ой өрісін кеңейтеді. Мұғалім үнемі оқушылардың ойлау белсенділігін арттырып, білімге құштарлығын тудырғанда ғана мақсатына жетеді. Ал қызығуды тудырудың әдіс - тәсілдері көп. Олар: жарыстар, эстафеталар, олимпиадалар, танымдық ойындар, интеллекуалдық ойындар, көрме т. б. Егер оқушы пәнге ерекше қызығушылықпен қатысса, білімді игеру оңай және ғылымға құрмет сезімі қалыптасады. Оқушылардың өзіндік жұмыстарын ұйымдастыру- оқушының істейтін жұмысының мақсатын айқын түсіну; - жұмыстың жемісті аяқталуына, оның алдыңғы нәтижесіне қызығуы; - жұмысты оқушылардың өз еркімен, қалауымен орындауы. Оқушылардың сыныптан тыс жұмыстарын белсендіру жолдары -Жетістіктерін мадақтау -Табыстарын «марапаттау» -Шығармашылық күнін, көрмесін ұйымдастыру
Сыныптан тыс уақытта оқушылардың бос уақытын дұрыс ұйымдастыру; Жұмыстың мазмұны мен формасы оқушылардың талап-тілектеріне, жергілікті жағдайларға байланысты болады;жас шамасы әр түрлі оқушыны қамтығандығы, формалары мен әдістерінің сан алуандығы, өздігінен жұмыс жасауға және еріктілік қағидасында құрылуы, қоғамдық жұмыстарға қатысуға мүмкіндіктің молдығы;Осы ерекшеліктерге сай талаптар1. Сыныптан тыс жұмысты дайындау барысында оның мақсатын анықтау керек;2. Сыныптан тыс жұмысты ұйымдастырушы мұғалім немесе сынып жетекшісі жоғары тұлғалық сапаға ие болуы тиіс;3. Ұйымдастырушының үнемі шығармашылық ізденіс үстінде болуы шарт; 4. Сыныптан тыс жұмыстың формалары арқылы оқушыларды қоғамдық пайдалы істерге белсенді араласуға жағдай жасау;5. Педагог пен оқушылардың арасында ынтымақтастыққа қол жеткізу;6. Баға қойылмайды;
- Үйірме сабағында әр оқушының мүмкіндігіне байланысты тапсырмалар әзірленіп, жеке жұмыс жасау ойластырылады.-Бояулардың сырын ұғынған ұрпақтың , шығармашылығы артып, алдына үлкен мақсат қойып, саналы да, мәдениетті тұлға болып қалыптасуына ықпал етеді. - Балалардың көркем-шығармашылық қабілеттерін дамытудағы ең маңызды шарт - олардың жұмысқа деген қызығушылығы, оған әсерлі қатынасын да анықтайтын осы немесе басқа да тапсырмалардың орындалуы болып табылады. -Сабақтан тыс уақытта, үйірмеде және факультативті сабақтарда, мұғалім бейнелеу өнеріне қызығушылық танытқан балалармен шығармашылық ұжымын ұйымдастырады. Оқушылар бейнелеу сауатын өздерінің жұмыстарында сәтті шыққанын көргенде, олардың белсенділігі артып, сонымен қатар сабаққа деген қызығушылықтары мен оң қатынастары аңғарылады.
“Қолөнер” үйірмесінде
“Қолөнер” үйірмесінің мүшелері
Табиғи материалдардан жасалған коллаждар
“Өресі биік, өрісі кең Қолөнер”
Назарларыңызға рахмет!!
ppt_xxshearppt_x