Презентация по казахскому языку:?азіргі білім ке?естігіндегі б?секеге ?абілетті жеке т?л?аны ?алыптастыру


Қазіргі білім кеңістігіндегі бәсекеге қабілетті жеке тұлғаны қалыптастыру.Формирование конкурентно-способной личности в современном образовательном пространстве. Бакина М.К. Елбасымыз Н.Ә.Назарбаевтың Қазақстан халқына арнаған Жолдауында айтылған білім беруге қатысты мәселелер бәрімізді де бей-жай қалдыра алмайды. Өркениетке бет бұрған еліміздің жастары – ертеңгі мемлекет тірегі. Қоғамға да ең басты керегі – елдің ертеңіне деген сенім мен үміт. Сол тірек нық та берік, сенімді болуы үшін бәсекеге қабілетті жеке тұлғаны қалыптастыру, дайындау үрдісі арнаулы және орта мектептерден бастау алмақ. Өркениетті елдер арасындағы экономикалық бәсекелестік білім деңгейімен айқындалмақ. Елбасы Жолдауы – бұл бүгінгі уақыт талабына сәйкес қажеттіліктен туындаған өте маңызды құжат. Сосын да ұлттық бәсекелестік қабілеті бірінші кезекте оның білімділік деңгейімен айқындалатыны риясыз шындық. ХХІ ғасыр білімнің жаңа философиясын, жаңа ақпараттық-коммуникациялық және педагогикалық технологияларды талап етеді Жақсы педагог-оқытушы — қазіргі таңда қоғам үшін аса қымбат қазына болып есептелмек. Бәсекеге қабілетті Қазақстан, бәсекеге қабілетті қазақстанның қарышты экономикасы десек те, жақсы экономикадан демеу алатын, қуатты әлеуметтік мемлекеттің қабілетті халқы үшін де ең қажеттісі – білімділік. Қазіргі таңда, жас ұрпақты сапалы түрде оқыта отырып, саналы тәрбиелеу талаптарын жүзеге асырудың мынадай жолдарын ұсынып жүрміз. Олар:Рухани-адамгершілік құндылықтарды кез келген пәнді оқытудың мазмұнына енгізу;Сыныптан тыс ұйымдастырылатын тәрбие жұмыстарыныда жас өрендердің асыл қасиеттерді игеруіне аса зор ықпал ететіндей бағытта ұйымдастыру. Жеке тұлғаны қалыптастыруда әрбір ұстаз шәкіртпен ынтымақтастықты орнатып, шығармашылық негізде әрекет ету керек және мына мәселелерге назар аударған жөн:1.Тұлғаның қалыптасып, өз бейнесін табуы, даралық, руханилық болмысын танытуы;2.Оқушы тұлғасына қолдау көрсету және өзін-өзі қорғауға ұмтылдыру;3.Тұлғаны түсіну, салауатты өмір мен өзіндік қатынастың негізін қалау; 4.Жаңа ақпаратты талдай отырып, терең меңгеруге, маңызын анықтай алуға мүмкіндік жасау;5.Өзіне қарама-қарсы идеяларды жоққа шығаруға емес, түсінуге ұмтылуды нұсқау.Осы жайттарды ескере отырып, оқушының жеке тұлға ретінде дербес өзіндік әлеміне бойлату арқылы өзін-өзі дамытуға, өз мүмкіндіктерін таныттырып, оны жүзеге асыруға, өз жан дүниесінің мәнділігін сезіндіруге бағыттайтын әрбір ұстаз өз қызметін үлкен сеніммен атқарғаны жөн. Себебі мұғалім ең жауапты міндетті орындайды – ол адамды қалыптастырады. Мұғалімі қандай болса, шәкірті де сондай сенім жүгін көтереді. Оқушыларымның сабақ барысындағы жұмыстарына көз жүгірте отырып, заман талабына сай, бәсекеге қабілетті жеке тұлға етіп шығару, бұл менің және осында отырған әрбір ұстаздың міндеті деп ойлаймын. Кешегі болған бөбектен Адам деген жаратылысты тәрбиелеп шығудан абыройлы іс жоқ шығар. Бұл ойымызға ұлы жазушы С.Мұқановтың:Мұғалім! Бұл адамның ардақты атыБілімділік бір биікке шығар саты.Ең алғаш басталады сол адамнанСүйеді сондықтан да жақын, жаттыДеген өлең жолдары дәлел бола алады. Мемлекеттің болашағы, үміті мен сенімі – жас ұрпақ тәрбиесіне үлкен жауапкершілікпен қарау, бәсекеге қабілетті жеке тұлғаны қалыптастыру, заман талабына лайықты мұғалімнің қызмет етуі қоғам дамуын алға бастайды. Ендеше, еңсені биіктетіп, еліміздің болашағы үшін ұлт мақтанышына айналар ұрпақты жетектеп, ұлы Абай айтқандай: «Ұстаздық еткен жалықпас, үйретуден балаға» деген ой иірімі ұрандарыңызға айналып, адамзат құндылығы-білім екенін көрсету жолында еш аянбаңыздар. Назарларыңызға рахмет!