Презентация География саба?тарында ойын элементтерін пайдалана отырып, о?ушыларды? п?нге ?ызы?ушылы?ын арттыру


Тақырыбы: География сабақтарында ойын элементтерін пайдалана отырып, оқушылардың пәнге қызығушылығын арттыру Қазығұрт ауданы “”Заңғар” жалпы орта мектебінің география пән мұғалімі Дусбаева Мастура Йулдашовна Мұғалім жайлы мәлімет 1.Cертификатталған мұғалімнің аты –жөні: Дусбаева Мастура Иулдошевна2.Жұмыс орны: " Заңғар " жалпы орта мектебі3. Деңгейі,сертиф.жылы, сертиф.нөмірі: үшінші (деңгейлік ) 8.12.2015 ж. №00188414. Оқыған жері , тренерінің аты- жөні: Шымкент қ. Шириев Б. Досыбекова. Ш5. Білімі,бітірген оқу орны : жоғары. ТогПИ 1984 ж6. Пәні (қызметі ),пед. өтілі,санаты : география. 34. 17. Сабақ беретін сыныптары 5-118. МДЖ тақырыбы : Оқу үдерісіндегі оқыту мен оқуда жаңа тәсілдерді пайдалану арқылы оқушылардың пәнге қызығушылығын арттыру9. Шығармашылық тақырыбы: География сабақтарында ойын элементтерін пайдалана отырып, оқушылардың пәнге қызығушылығын арттыру Менің жетістіктерім 1.Жетістіктері : III (базалық) деңгей мұғалімі2. Марапаты: 2007-2008 оқу Жас ұрпаққа саналы тәрбие және сапалы білім бергені үшін Құрмет мадақтамасы 2009 ж Аудандық әкімшілігінен Алғыс хаты . 2009 ж "Әрқашан денің сау, шымыр және сымбатты бол" атты фестивалының жеңімпазы үшін Мадақтама. 2010 ж "Қазақстан Республикасының білім беру жүйесін қазіргі заманғы дамыту сратегиясы: Жаңа талаптар, жаңа мүмкіндіктер" тақрыбындағы тамыз кеңесінің педагогикалық оқуында құнды баяндама оқып III- орынға ие болғаны үшін Мақтау қағазы. 2010-2011 оқу жылы оқу-тәрбие саласында еткен ерен еңбегі үшін Алғыс хаты.Аудандық мұғалімдердің пән олимпиадасында оқып III- орын алғаны үшін Дипломы. 2015 ж "Менің сүйікті ұстазым" атты таңдауда жүлделі орынға Мадақтама. Үшінші (базалық) деңгей педагог қызметкерлерінің біліктілігін арттыру курсы барысында шығармашылық белсенд ілік пен жоғары нәтиже көрсеткені үшін Мадақтама. Аудандық мұғалімдер арасында өткен "Жаңа идея- жаңа ұстаным" байқауында "Креактивті ұстаз" номинациясына ие болғаны үшін Мадақтама. 13. E – mail почтасы : mastvra_ @ mail rv14. Телефон №(үй,жұмыс орны,ұялы телефондары): Шымкент қаласы. Қазығұрт ауданы Қақпақ әкімшілігі. Заңғар елді мекені. 8-7777-697-46-59. 15.Мекен жайы: Заңғар елді мекені. Мақсаты: География пәнінде ойын элементтерін пайдалана отырып, оқушылардың алған білімдерін меңгерту, қызығушылығын арттыру, жан-жақты ойларын дамыту, өз бетінше ізденулеріне бағыт беру және іскерлігімен танымдық белсенділігін арттыру. Пәнде ойын элементтерін пайдаланудың маңызы Оқыту барысында ойындар әрқашан оқу материалдарымен байланыста болады, әрі оқушыларды қызықтыратын жағдай туғызады. Ол оқушыларға оқу мәліметтерінің белгілі мөлшерін тез әрі жеңіл қабылдауына көмектеседі. Географияны оқыту әдістемесінде мақсатқа жеңіл жетудің көптеген тәсілдері бар. Ең көп тарағаны – ойын сабақ. Ойынды тиімді тәсіл ретінде қолдану тарихы тереңге кеткен. Адам баласы қоршаған орта туралы шындықты белсенді іс-әрекеттің нәтижесінде танып біледі. Ол іс-әрекеттер – ойын, оқу және еңбек. Дегенмен, жас жеткіншек үшін ойын – ең маңызды іс-әрекеттің бірі. Баланың ойын тәжірибесінде баланы көңілдендіреді. Қимыл ойындарында өзінің ептілік істеріне масайрайды. Ойын үстінде баланың сана сезімі, еркі, өзін-өзі бақылауы, өзінің іс-әрекетімен салыстыру қасиеттері жетіледі. Сондай-ақ зейін, ес, қиял сияқты психикалық үрдістері қалыптасып сөйлеу тілі дамиды. “Балалармен бірге сабақ үстінде жүргізілген қызықты ойындар”, - дейді профессор В.М. Чистяков, - оларды сабаққа қызықтырады, тәртіпке шақырады, дұрыс қорытындылауға, олардың бойында достық, ұйымшылдық қасиеттерін, ойлау қабілеттерін дарытады. Ойын сабақтың басында, не ортасында, болмаса сабақ соңында қолдануға болады. Егер мұғалім ойынды сабақтың басында қолданатын болса, онда оқушылардың ойын бір жерге жинақтау, жаңа сабаққа немесе сұралатын үй тапсырмасына оқушыларды түгел қатыстыру, белсенділік қабілетін арттыру. Егер ойын сабақ ортасында қолданылатын болса, онда мұғалімнің мақсаты – оқушылардың шаршап – шалдығуына жол бермеу, көңіл – күйлерін көтеру, олардың шаршағанын ұмыттырып, білуге деген ынтасын үстемелеу. Ойын сабақтың соңында қолданса оқушылардың алған білімін тиянақтау ретінде де пайдаланады. Огйын элементтері сабақты түрлендіріп, мазмұнын кеңейте түседі. Көптеген ойын түрлері балалар денесін шынықтырып, жылдамдығын арттыруға, мергенділікке, қырағылыққа, тапқырлыққа, табиғатпен сырласуға шақырады. Икемділік, сергектілік, күш-қабілетін толықтыратын болса, мақал-мәтелдер, викториналық қызықты сұрақтар, ребустар шешу ой сергітіп, білімін байыта түсуге септігін тигізеді. Ең бастысы ойынды мазмұнды, қызықты ету ой – санаға лайықты ету ойыншының өз қолында. Ойындар – балалардың танымдық қызығушылықтарын арттырумен қатар жаңа игерілген түсініктері мен іскерліктерін бекітуге арналған оқыту әдісі Ойын арқылы бала адамгершілік құндылықтар жөнінде тәжірибе жинақтайды Ойын арқылы балалар өздерінің құрбы – құрдастарымен қарым –Қатынас жасауға үйренеді Ойындар сабақ Мазмұнына сәйкесАлынып, жеке және топтық Жұмыстар жүргізуде алға Қойған мақсатқа жеткізіп,Нақты қорытындыАлуға көмектеседі ОЙЫН Бұлттардан мұхитқа, құрлыққа да жауын шашын жауады. Мұхит бетінен буланған судың бір бөлігі оған қайта қосылады. Бұл қай су айналымына жатады? Дүниежүзілік су айналымының түрлерін ата? Судың мұхиттан құрлыққа және құрлықтан мұхитқа үздіксіз ауысу процесін қалай атаймыз? Гидросфераның бөліктерін ата? Су қабығы қалай аталады? 3 4 5 6 1 Табиғатта су неше күйде болады? 2 Шарты: кубикті айналдырып, түскен санына қарай интерактивті тақтада, қалташалардағы сұрақтарға жауап береміз Солтүстік жарты шар материктерін ата Қазақтың тұңғыш географ ғалымы Мұз бен от елі аталған ел Кең байтақ су, ішуге болмайды Ауа температусарын өлшейтін құрал Ең алғаш географиялық картаны жасаған кім? Климат дегеніміз не? Қанаты жоқ ұшады, аяғы жоқ қонады Бір түкті кілем, бір түксіз кілем Жер қыртысы неше бөліктен тұрады Шарты: аспанды бұлт жауып тұр, бұлттардың артында өтілген сабақтарға байланысты, сұрақтар мен жұмбақтар берілген, міне біз берілген тапсырмаларды орындау арқылы күннің нұрын, сәулесін ашамыз Шарты: жасырылған ребустарды шешу.Әйгілі орыс жазушысы А.С.Пушкин бейнесіндегі ел? Шарты: Төменде берілген тапсырмаларды орындарын тауып, сандардың қасына орналастыру510млн.км2 – 361млн.км2 – 149млн.км2 – 180млн.км2-92млн км2-75млн км2-14млн км2-11022м – 8742м – 7729м –5527 м- Бүкіл жербетінің жалпы ауданы, құрлық бетінің ауданы, мұхиттардың жалпы ауданы, Атлант мұхитының көлемі, Тынық мұхитының көлемі, Солтүстік мұзды мұхитының көлемі, Үнді мұхитының көлемі, тынық мұхиттың терең жері, Солтүстік мұзды мұхиттың терең жері, атлант мұхитының ең терең жері, Үнді мұхитының терең жері. Солтүстік мұзды мұхиты алабына жататын Еуразия материгінің өзені шығады. Іле өзеніне құятын Евразия материгінің көлі шығады. Көңіл күйі болмаған адамның бейнесінде қандай материк бейнеленген? Орамалды әйел – ана бейнесінде қандай ел бейнеленген? Ішкі тұйық алапқа жататын Каспий теңізіне келіп құятын еуразия материгінің өзені шығады. Шарты: Викториналық қызықты сұрақтар.1. Карзинада 5 алма бар екен, оны 5 балаға тарқатқанда, корзинада 1 алма қалыпты. Ол неліктен?2. Бір кг тас ауырма, 1 кг мақта ауырма?3. Жаңбыр құйып тұр, қарлығаш қандай ағашқа қонады?4. Дем алады, өседі, бірақ жүре алмайды.5. Үш түйеқұс ұшып келеді, оның бірін аңшы атып түсіреді, ал аспанда неше құс қалады?6. Қандай су жәндігі ит пен балықтан тұрады.7. Қанаты бар, ұшпайды, аяғы жоқ бірақ жеткізбейді.8. Теңізден қандай тас табылмайды.9. Айтыңдаршы ал енді, тундрасы бар елді?10. Айтыңдаршы ал енді, королевасы бар елді?11. Айтыңдаршы ал енді, темір жолы жоқ елді?12. Айтыңдаршы ал енді, маралдары бар елді?13. Айтыңдаршы ал енді, қодастары бар елді?14. Айтыңдаршы ал енді, шәй мен пілі бар елді?15. Айтыңдаршы ал енді, хош иіс пен сән орталығы бар елді?16. Айтыңдаршы ал енді, 4 аралда орналасқан күншығыс елді?17. Айтыңдаршы ал енді, ұлы қорғаны бар елді? “Ой қозғау” ойыны Шарты: Сөз құрауЛитосфера ..................ит, аралАтмосфера ................. ат, фермаГидросфера.................ер, ара География 6 сыныптарСабақтың тақырыбы:§39 Дүниежүзілік мұхит және оның бөліктері.Сабақтың білімділік мақсаты:Ойын элементтерін пайдалана отырып, оқушының пәнге деген қызығушылығын арттыру, өз бетінше ізденулеріне бағыт беру және іскерлігі мен танымдық белсенділігін арттыру. Картамен жұмыс істеу дағдысын жетілдіру.Сабақтың дамытушылық мақсаты: Оқушыларды ізденіске, есте сақтау, ойлау қабілеттерінің дамуына ықпал ету.Сабақтың тәрбиелік мақсаты:Табиғатты сүюге, ұқыптылыққа, жолдастарына көмек беру, бірлесіп жұмыс жасауға тәрбиелеу.Сабақтың көрнекілігі:Жарты шарлар картасы, мұхит пен құрлық аудандарының ара қатынасын көрсететін тірек – сызба, интерактивті тақта.Сабақтың түрі: Дәстүрлі емес сабақСабақтың өткізу әдісі:Сұрақ – жауап, ойын түрінде.Сабақтың типі: Аралас сабақСабақтың барысы:І. Ұйымдастыру кезеңіа) оқушыларды түгелдеуб) оқу құралдарын түгелдеу Сабақтың мақсаты:білімділігі: есімдік туралы алған теориялық білімдерін практикада қолдану, ауызша, жазбаша талдау жұмыстарын жүргізе отырып, білімдерінбекіту.дамытушылығы: ойлау қабілеттерін , қиялдарын дамыту, ой қорытып, нақты шешім жасауға үйретіп, сөздік қорын байыту,еске сақтау қабілеттерін арттыру, шығармашылыққабілетін дамыту. тәрбиелігі: оқушыларды белсенділікке, алғырлыққа, шапшаңдыққа,адамгершілікке, баулу.сабақтың түрі: аралассабақтың әдісі: ой қозғау , сұрақ-жауап, шығармашылық ізденіс, сынақ жұмыстары.пәнаралық байланыс: бейнелеу, әдебиет, математика, биология,тарих.сабақтың көрнекілігі: кесте, интерактивтік тақта, тестік сұрақтар. Жаңа сабақ төмендегі жоспар бойынша меңгертіледі.Дүниежүзілік мұхит Материктер мен континенттерАралдарТүбектерМұхит бөліктеріТеңіздер: ішкі , шеткі.ШығанақтарБұғаздар Дүниежүзілік мұхиттар - Жер бетінің су басып жатқан аса ірі кеңістігі.Бүкіл жер бетінің жалпы ауданы - 510 млн км Дүниежүзілік мұхиттың үлесіне - ѕ бөлігі немесе 361 млн км2 тиеді.Материктер мен континенттер - мұхиттар мен теңіздер қоршап жатқан құрлық жер. Материктердің үлесіне - 149 млн км2 тиеді. Материкте - :Еуразия, Африка, Солтүстік Америка, Оңтүстік Америка, Аустралия және Антарктида. Тынық мұхит - Жер шарындағы ең үлкені ,жалпы көлемі 180 млн км2 әрі ең тереңі 11022 метр Мариан шұңғымасы. Солтүстік және Оңтүстік Американың батыс жағалауларынан бастап, Еуразияның Шығыс бөлігіне және Аустралия мен Антарктидаға дейінгі аумақты алып жатыр.Атлант мұхиты - Үлкендігі жөнінен Тынық мұхиттан 2 есе кіші. Жалпы ауданы 92 млн км2. Ең терең жері Пуэрто – Рико 8742 метр. Солтүстік және Оңтүстік Американың шығысынан бастап Еуразия мен африканың батысына және Антарктидаға дейін барады. Атлант мұхит Оңтүстік полярлық аймаққа дейін аймаққа дейін созылып жатыр. Атлант мұхиты арқылы батыс және шығыс жарты шарда орналасқан елдерді бір бірімен жалғастыратын кеме жолдары өтеді. Үнді мұхиты - Оңтүстік жарты шардың едәуір бөлігін алып жатыр. Бұл ең жылы мұхит. Жалпы ауданы 75 млн км2. Ең терең шұңғымасы Зонд 7729 метр. Солтүстік Мұзды мұхиты - Мұхиттардың ішіндегі ең кішісі. Оның жалпы көлемі 14 млн км2. Ең терең жері Греланд теңізі 5527 метр. Ол Солтүстік Америка және Еуразия жағалауларымен шектеседі. Оның көпшілік бөлігін жыл бойы мұз басып жатады. Аралдар - Құрлықтың барлық жағынан су қоршаған шағын бөлігі. Оларға: Гренландия, Тасмания, Мадагаскар, Шри-ланка, Исландия. Түбектер - Құрлықтың су кеңістігіне терең сұғынып кіріп тұрған бөлігі. Оларға: Арабия, Апенин, Лабрадор, Үндістан, Үнді Қытай. Мұхит бөліктері - Теңіздер, шығанақтар, бұғаздар. Теңіздер - Мұхиттың суының қасиеті мен жануарлара дүниесі жөнінен ерекшеленіп тұратын бөлігі. Ішкі теңіздер - Материкке сұғына еніп жататын теңіздер. Оларға: Қара теңіз, Жерорта теңізі, Азов теңізі, Қызыл теңіз.Шеткі теңіздер - Еуразия жағалауындағы теңіздер жатады. Оларға: Баренц, Кара, Лаптевтер, Жапон, Охота, Шығыс Қытай.Шығанақтар - Мұхиттың немесе теңіздің құрлыққа сұғына еніп жатқан шағын бөлігі. Оларға: Гудзон, Мексика, Парсы, Бенгал, Гвинея.Бұғаздар - Екі жағынан материктердің немесе аралдардың жағалары қысып шектеп тұрған енсіз су айдыны. Оларға: Дрейк, Мозамбик, Гибралтар, Ла-манш . Дүниежүзілік мұхитБүкіл жер бетінің жалпы ауданыДүниежүзілік мұхиттың үлесінеМатериктер мен континенттерМатериктердің үлесінеМатериктер:Тынық мұхит Жер бетінің су басып жатқан аса ірі кеңістігі.510 млн км 2ѕ бөлігі немесе 361 млн км2 тиеді.Мұхиттар мен теңіздер қоршап жатқан құрлық жер. 149 млн км2 тиеді. Еуразия, Африка, Солтүстік Америка, Оңтүстік Америка, Аустралия және Антарктида. Жер шарындағы ең үлкені ,жалпы көлемі 180 млн км2 әрі ең тереңі 11022 метр Мариан шұңғымасы. Солтүстік және Оңтүстік Американың батыс жағалауларынан бастап, Еуразияның Шығыс бөлігіне және Аустралия мен Антарктидаға дейінгі аумақты алып жатыр. Атлант мұхитыҮнді мұхитыСолтүстік Мұзды мұхитыАралдарТүбектерМұхит бөліктеріТеңіздер Үлкендігі жөнінен Тынық мұхиттан 2 есе кіші. Жалпы ауданы 92 млн км2. Ең терең жері Пуэрто – Рико 8742 метр. Солтүстік және Оңтүстік Американың шығысынан бастап Еуразия мен африканың батысына және Антарктидаға дейін барады. Атлант мұхит Оңтүстік полярлық аймаққа дейін аймаққа дейін созылып жатыр. Атлант мұхиты арқылы батыс және шығыс жарты шарда орналасқан елдерді бір бірімен жалғастыратын кеме жолдары өтеді.Оңтүстік жарты шардың едәуір бөлігін алып жатыр. Бұл ең жылы мұхит. Жалпы ауданы 75 млн км2. Ең терең шұңғымасы Зонд 7729 метр. Мұхиттардың ішіндегі ең кішісі. Оның жалпы көлемі 14 млн км2. Ең терең жері Греланд теңізі 5527 метр. Ол Солтүстік Америка және Еуразия жағалауларымен шектеседі. Оның көпшілік бөлігін жыл бойы мұз басып жатады. Құрлықтың барлық жағынан су қоршаған шағын бөлігі. Оларға: Гренландия, Тасмания, Мадагаскар, Шри-ланка, Исландия. Құрлықтың су кеңістігіне терең сұғынып кіріп тұрған бөлігі. Оларға: Арабия, Апенин, Лабрадор, Үндістан, Үнді Қытай. Теңіздер, шығанақтар, бұғаздар. Мұхиттың суының қасиеті мен жануарлара дүниесі жөнінен ерекшеленіп тұратын бөлігі. Ішкі теңіздерШеткі теңіздерШығанақтарБұғаздар Материкке сұғына еніп жататын теңіздер. Оларға: Қара теңіз, Жерорта теңізі, Азов теңізі, Қызыл теңіз. Еуразия жағалауындағы теңіздер жатады. Оларға: Баренц, Кара, Лаптевтер, Жапон, Охота, Шығыс Қытай.Мұхиттың немесе теңіздің құрлыққа сұғына еніп жатқан шағын бөлігі. Оларға: Гудзон, Мексика, Парсы, Бенгал, Гвинея.Екі жағынан материктердің немесе аралдардың жағалары қысып шектеп тұрған енсіз су айдыны. Оларға: Дрейк, Мозамбик, Гибралтар, Ла-манш . ІV. Жаңа сабақты мына тапсырмалар арқылы бекітеміз.а) Сандар сөйлейді. Шарты: Төменде берілген тапсырмаларды орындарын тауып, сандардың қасына орналастыру. 510 млн .км2 – 361 млн .км2 – 149 млн .км2 –180 млн .км2 – 92 млн .км2 – 75 млн .км2 – 14 млн .км2 - 11022 м – 8742 м - 7729 м – 5527 м – Бүкіл Жер бетінің жалпы ауданы, құрлық бетінің ауданы, мұхиттардың жалпы ауданы, Атлант мұхитының көлемі, Тынық мұхитының көлемі, Солтүстік Мұзды мұхитының көлемі, Үнді мұхитының көлемі, Тынық мұхиттың ең терең жері, Солтүстік мұзды мұхиттың ең терең жері, Атлант мұхитының ең терең жері, Үнді мұхитының ең терең жері. Шарты: Адасқан обьектілерді орындарына орналастыру. Беринг бұғазы Оңтүстік америка материгі Қара теңіз Гренландия аралы Үндістан түбегі Арабия түбегі Дрейк бұғазы Бенгал шығанағы Жерорта теңізі “Мағынасын тап” ойыны. Географиялық диктант. Шарты: Нүктелердің орнына тиісті сөздерін қойып, жазу.1. Жер бетінің су басып жатқан аса ірі кеңістігі........................... деп аталады.2. Мұхиттар мен теңіздер қоршап жатқан құрлық жер.................. деп аталады.3. Құрлықтың барлық жағынан су қоршаған шағын бөлігі ............... деп атайды4. Құрлықтың су кеңістігінен терең сұғынып кіріп тұрған бөлігін .....................деп атайды. 5. Мұхиттың суының қасиеті мен жануарлар дүниесі жөнінен ерекшеленіп тұратын бөлігін ................... деп атайды. 6. Мұхиттың немесе теңіздің құрлыққа сұғына еніп жатқан шағын бөлігін ............................. деп атайды.7.Екі жағынан материктердің немесе араладардың жағалары қысып шектеп тұрған енсіз су айдынын ......................... деп атайды. Үйге тапсырма:§39 Дүниежүзілік мұхит және дүние бөліктері. Дәптерге 68- суретті салу. Кескін картаға мұхиттар, материктер, теңіздер, аралдар, шығанақтар, түбектер, бұғаздарды түсіріп келу.