Презентация по информатики на тему ДК с?улетіні? заманауи даму ба?ыттары (6 сынып)
17.10.2016 ж. Компьютер компоненттерінің құрамы оның конфигурациясы деп аталады. Компьютердің конфигурациясы Ақпаратпен қамтылуы Программамен қамтылуы Компьютердің сәулеті – компьютердің құрылымы мен жұмыс принциптерінің сипаттамасы. Компьютерлердің көпшілігі Джон фон Нейманның сәулетіне негізделген және құрастырудың модульдік (ашық сәулет) принципін пайдаланады. Джон фон Нейманның принциптері:o Екілік принципі – деректер мен бұйрықтарды бейнелеу үшін қолданылады.o Программалық басқару принципі – программа бұйрықтар жиынтығынан тұрады, процессор оларды бірінен соң бірін белгілі бір ретпен орындайды.o Жадтың біртектілік принципі – бір жадта программалар да, деректер де сақталады. Деректерге қолданылатын амалдарды бұйрықтармен де орындауға болады.o Жадтың мекенжай принципі – жады нөмірленген ұяшықтардан тұрады, процессор кез келген сәтте әр ұяшыққа қатыса алады.o Тізбектеп программалық басқару принципі – барлық бұйрықтар жадта орналасады және тізбектеліп, біреуі аяқталған соң екіншісі орындалады.o Шартты көшу принципі – программаның бұйрықтары әрқашан да бірінен соң бірі орындалмайды. Программада бұйрықтардың тізбектеліп орындалу тәртібін берілгендердің мәндеріне сәйкес өзгертетін шартты көшу бұйрықтары да болуы мүмкін. Дербес компьютердің (ДК) сәулеті – прцессор, есте сақтау құрылғылары (ЕСҚ), ішкі видеожүйе, шеткері орналасқан құрылғылар мен енгізу - шығару құрылғылары сияқты бөліктерінің құрастырылуы. Аналық тақша – заманауи дербес компьютердің есептеу жүйесінің негізі – екі негізгі үлкен микросызбадан тұрады. §7, 46-52 беттерді оқып, мазмұндау. Өзіңді тексер деген тест сұрақтарына жауап беру.