Тарих п?нінен ашы? саба? ?аза? жеріні? Ресейге ?осылуыны? ая?талуы
Қазақстан тарихы Сабақтың мақсаты: 1) Жас ұрпақтың тарихи танымын кеңейту. Ұлт тарихын жан-жақты білуге және бабалар мұрасын қастерлеуге үйрету,оқушыларға Қазақ тарихы жөнінде мол мағлұмат беру.2) Оқушылардың өз ойын еркін жеткізе білуіге,өз бетімен ізденуге бағыт беру,топпен жұмыс жасауына ықпал ету.3) Ана тіліне құрметпен қарайтын ата-дәстүр мен тарихи танымы мол,ұлтжанды ұрпақ тәрбиелеу. Сайыс шарттары:Сайыс 5 бөлімнен тұрады1. Сандар сыр шертеді2. Тарихтағы тау тұлғалар3. Көшбасшылар сыны4. Оқиғалар ізімен5. Кім жылдам? І. «Сандар сыр шертеді». Бұл сайыста екі топқа кезек-кезек сұрақ қойылады. І.кезең 1465-66 жыл 2) 1731жыл 3) 1635 жыл 4) 1758 жыл 5) 1726 жыл 6) 1643 жыл 7) 1735 жыл 8) 1710 жыл 9) 1580-82 жыл 10) 1680-1748 жыл 11) 1711-1781 жыл 12) 1511-1518 ж 13) 1582-1598 жыл 14) 1603 жыл15) 1583 жыл 16) 1627 жыл 17) 11761 жыл 18) 1773-1775 жыл 19) 1783-1797 жыл 20) 1730 жыл ІІ. Тарихтағы тау тұлғалар. 1) Ол хандықты басқарғанда мемлекеттің жер көлемі үлкейді.Халық саны 1 млн.асты.Атты әскердің саны 300000-ға жетті. Алыс-жақын елдермен тең саясат жүргізді..Мемлекеттің орталықтары батыста-Сарайшық,оңтүстікте-Сығанақ қаласы болды. Ол қазақтың қай ханы? 2) Ол мемлекетті 24 жыл басқарды. Оның кезінде Қазақ хандығына қауіп төндірген Жоңғар мемлекеті болды. Оның барлық ел басқарған уақыты елін,жерін сыртқы жаудан қорғаумен өтті,оның тамаша ерлігі Грекиядағы 300 Спартандықтың ерлігінен де асып түсті. Ол кім? 3) Қазақ хандығының басқару жүйесіне тиімді реформа жүргізді. Үш жүздің басын құрап, мемлекетті бір орталықтан басқарды.Тек қазақтардың емес қарақалпақтар мен қырғыздарға да билігін жүргізді. Ол билік құрған уақыт, «қой үстіне бозторғай жұмыртқалаған заман» деп аталады. 4) 40жылдан астам уақыт Қазақ жерінде кеңес одағының ажал оты-ядролық сынақтар жүргізілді. Жер асты және жер үсті жарылыстарының салдарынан Семей халқына қазіргі таңға дейін зардабын тигізуде. Халықтың қамы үшін өз өмірін де,қызметін де құрбан етіп ,Семей полигонының жабылуына бастан аяқ мұрындық болған ,бірақ сол еңбегі қазіргі таңға дейін ескерілмей келе жатқан тау тұлға? 5)Қазақтың жерінің бөлшектенуіне қарсы тұрып, «егер солтүстіктегі облыстар Ресейге берілетін болса , КСРО ның Конституциясын да өзгертіңдер» деп Хрущевке қаймықпай қарсы тұрған қайталанбас тұлға? 6) Ел басына күн туған қиын заманда үш жүздің әскерін бастаған. Жоңғарларды шешуші шайқастарда ойсырата жеңді,алайда мемлекет ішіндегі өз бақталастарын көрші мемлекетке арқа сүйеу арқылы жеңуді ойластырды.Ең басты мақсаты Ресейге сүйеніп, мемлекеттің тұтастығын сақтап қалуды көздеген көшбасшы? ІІІ. Көшбасшылар сыны ІІІ. Көшбасшылар сыны Тарихқа қатысты ақын-жыраулардың өлеңдерінен үзінді.Картамен жұмыс А) Ноғай Ордасы орналасқан өзендер аралығы?Ә) Өзбек хандығымен әскери стратегиялық, саяси-экономикалық қалалар үшін ҚазақХандары соғыс жүргізді.Қай қалалар және қай аймақ?Б) Қазақ хандының алғашқы туы тігілген жер қай жер және қай өзеннің бойы?В)Үш жүздің территориясын көрсет.Г) Аңырақай шайқасы болған жер. ІV. Оқиғалар ізімен. 1)Қалмақ қырылған.2) Аңырықай шайқасы.3) Орбұлақ шайқасы.4) Қатаған қырғыны.5) Ақтабан шұбырынды, Алқакөл сұлама 6) «Елім-ай» әні 7) Жеті жарғы 8) Игельстром реформасы V. «Кім жылдам?» 1) Қазақ хандығы неше сатылы басқару жүйесінен тұрады?2) Кіші жүздің биі?3) Абылайдың кеңесшісі?4) Тәукенің тұсындағы үш жүздің игі жақсылары бас қосқан жер?5) Билердің атқарған қызметі?6) Сұлтандар басқарған аймақ?7) Қазақ қоғамы нешеге бөлінді?8) Сібір тарихының авторы?9) Түмен сөзінің анықтамасы10) М.Х.Дулати шығармасы? 11) Шыңғыснаманың авторы?12) Орта жүздің биі?13) Қасымның заңдар жинағы 14) Кіші жүз ханы Әбілхайырдың өмір сүрген жылдары?15) Жайық бойындағы орта ғасырлық қала? 16) Жоңғария картасының авторы?17) Ауылды кім басқарды?18) Жоңғарияның соңғы ханы? 19) Тәукенің тұсындағы Төбе би20) Қабдеш Жұмаділовтың «Дарабозы» қай батыр туралы?