Химия п?ні бойынша презентация ж?мысы «Оттекті? таби?атта?ы айналымы, ?олданылуы»


Қош келдіңіздер! Сабақтың құрылымы:I. Ұйымдастыру: Оқушыларға психологиялық ахуал туғызу.II. Үй тапсырмасын сұрау: «Оттектің химиялық қасиеттері. Жану.» тақырыбы бойынша 66 беттегі №3, №5 сұрақтар. №3. Мұнда, берілген заттардың оттекпен әрекеттесу реакциясының теңдеулерін жазып, теңесіру керек.а) Mg + O2ә) Ca + O2б) Si + O2в) H2 + O2 №5. Берілген реакция теңдеулерін аяқтап, коэффиценттерін қойыңдар:1) CuS + O2 CuO + 2) H2S + O2 SO2 + III. Өткен тақырыпты қайталау:Жану реакциясы дегеніміз не? Қыздырған жағдайда оттек нелермен шабытты реакцияға түседі? Соңында не түзеді? Жай және күрделі заттар жанған кезде нелер түзіледі?

IV. Жаңа тақырыпты хабарлау: 20.01.2015 жылСабақ тақырыбы: “Оттектің табиғаттағы айналымы, қолданылуы” Сабақтың мақсаты: Оқушылырдың периоттық жүйедегі оттек элементінің табиғаттағы айналымы туралы және оттек элементінің адамзат өміріндегі маңыздылығы мен қолданылуы туралы білім беру;Міндеттері:Білімділік: Оқушылардың өздеріне сұрақтар қою арқылы, биология, география пәндерінен алған білімдері бойынша, оттегінің табиғаттағы айналымын анықтау.Дамытушылық: Бірлескен іс-әрекет арқылы ой қорытуға, өз көзқарасын, пікірін айта білуге дағдыландыру.Тәрбиелік: Оқушыларды топпен жұмыс жасата отырып, бір-бірінің арасындағы қарым-қытынастарын одан әрі жақсарту, ұжымшылдыққа, сыйластыққа тәрбиелеу. Өз өлкесінің табиғатына жауапкершілікпен қарайтын ұрпақ тәрбиелеу. Сабақ типі: Саяхат – ойын сабақ.Сабақ түрі: Ізденіс сабағы.Күтілетін нәтиже: Топтық жұмысқа бейімделеді. Өздігінен ой қорытып, ойын жүйелі жеткізеді, пікірін қорғай алады.Қолданылатын әдіс-тәсілдер: Ұжымдық, модульдық оқыту технологиялары, топтық бағалау.Керекті құрал-жабдықтар: интербелсенді тақта, слайд шоу, оқулық, жұмыс дәптері, бағалауға арналған “күлегіш” жапсырмалары, сұрақ-жауап. Пән аралық байланыс: биология, география, физика, математика. I бөлім: «Сәлем саған, Бәйтерек!»II бөлім: «Билет алайық!»III бөлім: «Лифт»IV бөлім: «Мәссаған!»

V. Жаңа тақырыпты игеру:I бөлім: «Сәлем саған, Бәйтерек!»1. Оттектің тірі ағзалар үшін маңызы қандай?2. Табиғатта оттек қалай түзіледі?
II бөлім: «Билет алайық!»1. Жер қыртысы негізінен қандай қосылыстардан тұрады? 2. Органикалық заттар шіріген кезде, атмосфераға көп мөлшерде қандай газ бөледі?
III бөлім: «Лифт»Табиғатта бос күйіндегі малекулалық оттекті бөліп шығаратын реакцияны атап, формуласын жазыңдар.Жер атмосферасында оттектің қоры қалай сақталады?
IV бөлім: «Мәссаған!»1. Табиғатта оттек элементінің қатысуымен болатын қандай бүліну процестері бар? 2. Оттектің тұрмыста қолданылуы қандай жағдайларға негізделген?3. Қандай оттектің жалынымен металды пісіріп, кесуге болады?

VI. Қорытындылау: 1. «Орман – планета өкпесі» деген сөз неге байланысты айтылған? Жер бетіндегі орман азайса не болады?2. Оттектің пайдасы мен бұлдіргіштік қасиеттерін атап беріңдер.
VII. Бағалау: {5C22544A-7EE6-4342-B048-85BDC9FD1C3A}Аты-жөніҮй тапсырмасыСабақ барысыҚорытынды Ахметов ЕрниязИсаева БалсаяРамазанова БалнұрШестаева ҚорланШестаева АйсұлуГүлім VIII. Үйге тапсырма: §25, 66-68 беттер. Оқу, мазмұндау, дәптерге лекция жазу, 1-сызбанұсқаны сызу. №6 сұраққа жазбаша жауап беру. «Орман – планета өкпесі» тақырыбына ой-толғау жазу.