Музыка п?нінен Дина та?ырыбында видеоурок


Білімділік : Оқушылардың жан – жақты білімдерін арттыру. Тәрбиелік : Жас өспірімдердің музыкаға деген ықыласын дамыту,есте сақтау, ырғақты айыру,тыңдай білу, айыра білу, есту қабылеттерін қалыптастыру, дамыту.Дамытушылық : Күйші композиторларының музыкалық шығармалары арқылы халық музыканың тәрбиелік мәнін тыңдату , сезіну , арқылы бойына сіңіру. Ықылас Дүкенұлы Қасқыр Керітолғау Ерден Қамбар-Назым Айраулық Қазан Жез киік Ықылас Дүкенұлының күйлері Қобыз-қазақтың ұлттық аспабы.Қобыз екі шекті,ысқышпен тартылатын ыспалы аспап. Сабақтың барысы: Күй атасы-Құрманғазы болса, күй анасы-Дина. Дина Нүрпейісова –Атырау жерінде дүниеге келген. Динаның ұстазы Құрманғазы болған. Динаның күйі «Бұлбұл», «Науайы», «Қара қасқа ат», «Сегізінші март», «Тойбастар» «Әсем қоңыр»т.б көптеген күйлері бар. Дина өзінің «Әсем қоңыр» атты күйін немересі Қоңырға арнаған.Домбыраның үнін мұқият тыңдасаң,күй «әсем қоңыр»деп сөйлеп тұрғандай болады. Бірде күй атасы Құрманғазы сегіз жасар керемет домбырашы қыз бар дегенді естіп,оны әдейі іздеп барады. Кішкентай Динаның өнерін көріп,қайран қалған Құрманғазы: «Қазақтың қара домбырасының атағын шығаратын адамныңдүниеге келгеніне қуанып отырмын.Өнерің өрлей берсін»,-деп батасын береді. Құрманғазы Динаның әкесіне бұрылып: «Кішкентай қызыңның аты елге тарап жатыр.Рұқсат берсен,мен домбыраның қыр-сырын үйретейін»,-дейді.Сонда Динаның әкесі: «Ау,Құреке,бізде қуаныштан басқақарсылық болама ?Өз қолыңызға тапсырдық»,-деп шын ықыласын білдіреді. Сөйтіп Дина Құрманғазының қасына еріп,тоғыз жыл шәкірт болған.Дина ұстазы Құрманғазының күйлерін үйреніп, бізге жеткізді,Өзі декөптеген күйлер шығарған. Дина шебер домбырашылығының арқасында «күй анасы» атанады. Динаның күйі. - Сабақты қорытындылау Бағалау Назарларыңызға Рахмет!