Презентация ?аза? тілінен Дауыссыз дыбыстарды пысы?тау 2 сынып


Сабақтың тақырыбы Дауыссыз дыбыстарды пысықтау Қарашаның жиырмасыСынып жұмысы

Сабақтың мақсаты: БІЛІМДІЛІК:бұрынғы өтілген материалдармен сабақты байланыстыру,сөз жасау, сөйлемдерді дұрыс құру тәсілдерін меңгерту, дауыссыз дыбыстардан алған білімдерін шыңдау;ТӘРБИЕЛІК:- Орындаталатын тапсырмалар мен жаттығулар арқылы жақсылыққа, ізгілікке тәрбиелеу, тіл құдіретін сезіне білуге, сөз мағынасын келістіре отырып, оларды дұрыс қолданып, дәл түсінуге тәрбиелеу.ДАМЫТУШЫЛЫҚ:- Ойлау, пайымдау қабілеттерін дамыту; Сөйлеу шеберлігіне, ой ұшқырлығына баулу; Түрлі әдістерді пайдалана отырып оқушылардың тапқырлық, жылдамдық, есте сақтау қабілеттерін арттыру, сөйлеу тілін жетілдіріп, сауатты жазуға дағдыландыру;
Сабақтың түрі : Білімді пысықтауСабақтың әдіс-тәсілдері : сұрақ – жауап, топпен жұмыс, талдау, жаттығу орындау, ойлау, дәлелдеу. Сабақтың барысы:Ұйымдастыру бөліміҮй тапсырмасын тексеру3. Қызықты ойындар мен тапсырмалар арқылы білімді пысықтау.4. Психологиялық дайындық. Топ өлеңі.5. Сабақты қорытындылау6. Үйге тапсырма беру7. Бағалау Қайталау білім анасы- демекші өтілген сабақта дауыссыз дыбыстар туралы алған білімді пысықтау. Суретпен жұмыс жүргізу.”Күз” суретіне сөйлем құрастыру.ІІІ топтан бір-бір оқушы шығып интерактив тақтамен жұмыс жасайды.Сұрақ-жауап арқылы оқушылар бағаланды. І. Ой қозғауАл балалар сендер дауыссыз дыбыстар туралы не білесіңдер? Балалар , біздер бүгін дауыссыз дыбысты қайталап, қорытуға арналған жаттығуларымызды бастамас үшін осы дауыссыз дыбыстардың шығу тарихы жайлы аңыз әңгімемен танысайық.Кәнекей ертегілер еліне саяхат жасайық: 2 оқушы ертекті бастайды. Аңыз әңгіме1- оқушы: “Әліппе” ханшайымы барлық әріптерге ән орындаудан жарыс жариялаған еді . Сонда осы жарысқа барлық дауысты әріптр жиналған болатын,себебі олардың дауыстары жақсы болатын және олар ән айта алатын. Барлық әріптер көзге түскілері келді, жеңіске жетуді қалады. Олар өте-мөте тырысып бақты: өздерінің ең жақсы әндерін шырқады.Бұл байқалған жайт ханшайымның назарынан тыс қалмады. Жарысқа қатысушылардың қайсысын жеңімпаз деп жарияласам екен деп , ол түні бойы ойға батты. Себебі олардың бәріде жарасымды ән салды емес пе. Таң атқаннан кейін біздің ханшайымыз өзінің дана шешімін жария етті- ол дауыстылардың сингармонизмі, яғни дауыстылардың сөз ішінде біріңғай не жуан не жіңішке болып , әуендесіп үндесіп айтылуы туралы заң шығарды. Дауысты дыбыстар жуан , жіңішке, еріндік, езулік, ашық қысаң болып олар жеке жарасымды қала болып бөлінді. Дауысты дыбыстар 15 Жуан дауыстылыр а,о,ы,ұ, (и,у) Жіңішке дауыстылар ә,ө,ү,і,е, (и,у) Ал дауыссыз дыбыстар ше?2-оқушы: Ал, дауыссыз дыбыстарды қуатты үш алқапқа жайғастырды. Ал мұнда дауыссыз әріптерБір қатарға тұрыпты.Дауыс пен шудан Олар құрылыпты.Ұяң қала орналасқан , ал бұл қалашықта әрдайым ұяң: б,в,г,ғ,д,ж,з.Қатаң қалада үйлер бос тұрмайды, олар әрқашан қатаң естілетін дауыссыздар: п,ф,к,қ,т,с.ш,щ,х,ц,ч,һ.Мұрын жолды үнді алқабы өзінің қонақжайлылығымен атақты. Ол өзіне мейман келгенді әрқашан жақсы көреді, атап айтқанда дауысты. У әріпінің келуіне қуанады. Үнді: р,л,й,м,н,ң,(у).Ханшайым барлық қаланы екпін теңізінің бойына орналастырыпты.Ештеңені шатастырып алмас үшін өздерінің визит карточкаларын жасапты. Сол визит карточкаларды сіздерге де почта арқылы салып жіберген екен, қабыл алыңыздар . (оқушыларға визит карточкалар таратылады. І ІІ ІІІ Достық Отан Кітап сөздеріне фонетикалық талдау жасау. Психологиялық дайындық.”Жүректен жүрекке”.Әр бір адам?-Туыс, дос, жұрағат.Әрбір сабақ?-Үйрету, ұғу , ұлағат.Әрбір ісің?- Тірлік, тірек, адамдық.Әрбір сөзің?- Шындық , бірлік,адалдық. 2. Ал балалар сабағымызды жалғастырайық.Оқулықпен жұмыс жүргізу.11-жаттығу . Сөйлем құрау.Дәптерімізді ашайық,Салақтықтан қашайық.Қолға қалам алайық,Сауатты етіп жазайық.Оқушылар тақтадан 11-жаттығуны көшіріп жазады.3. 12-жаттығу. Ауызша орындау . Дауыссыз дыбыстарды тап. Суретпен жұмыс 4. Сергіту сәтіАспанға қарап, ай көрдік,Төменге қарап жер көрдік.Оңға бұрылып солға бұрылып, Егеменді ел көрдік.Топпен жұмыс.Балалар біз енді қазақ ақын – жазушылардың өлеңдеріне тоқталамыз,осы өлеңнің ішінен дауыссыз дыбыстарды табамыз. 1. Фонетикалық екі ұғым бірі мен бірі сыбайлас,Бірі айтылады да естіледі,Екіншісі – жазылады да көрінеді.2. Өз құрамында 3 буын, 7 әріп,Жалпы қарауындағы әріптері құрамындағыдан алты есе көп.3. Бір ағашта 37 алма, Оны алып жемек болсаңОн шақтысы тамағыңнан еркін өтеді,Қалғандары қақтығып барып өтеді.4. Егер Ж –дан басталса, жыл мезгілі,Қ-дан басталса, онда ол құс белгілі.Ол қай сөздер?(жаз, қаз)5.К-ден басталсам,Маған қарап сабақ айтады.П-дан басталсам,Маған балалар жүгін артады. 6. Басы-ашық, аяғы-қысаң, Екі-ақ дыбыс, есеп қылсаң. Саған да ол керек болар, Өзен-көлге жақын тұрсаң.7. Дыбыс емес, таңба Оқылмайды, жазылады. Бірақ сөзден табылады Ол қай әріп еді? Ойлап көрші, есіңде бар ма?8. Жылқышының қолында- «Ұ» әрпімен, Ондық саны тобында- «Ы» әрпімен. 9. «С»-мен айтсаң, Тағам ішем онымен. «З»-мен айтсаң, Қағам жерге оны мен.10. «Қ»-мен егер бітірсең, Ыдыс-аяқ ол бірі. «Н»-мен егер бітірсең, Балықтың ол бір түрі. Бекіту бөлімі:« Бақшаға саяхат» Үйге тапсырма :1.Дауысты, дауыссыздар тақырыбына 10 сөйлем құрастыру.