Психология негіздері.Эмоция.Стресс-ж?не оны? т?рлері.
Эмоция.Стресс-және оның түрлері.Эмпатия Эмоция.Стресс-және оның сатылары.Импатия Адам айналадағы шындықты біліп-таныпотырып,ондағы құбылыстарға қатынасып,өзіне бір заттар мен құбылыстардың ұнайтынын,ал-екіншілердің –ұнамайтынын білдіреді.Олардың біреулері-қуантады,ал екіншілері –ренжітеді.Сондықтан сезім не эмоциялар-бұл адамның айналадағышындық құбылыстарға тікелей әсерленуі. Эмоциялардың пайда болуы ішкі және сыртқы себептерментікелей байланысты.Сондықтан эмоциялар басқа психикалық процестерсияқты шындықты бейнелеудің ерекше түрі.Эмоциялар –объективті түрде болатын табиғи құбылыс.Олар адамның барлық өмірімен ере жүреді. Сыртқы және ішкі жағдайға байланысты эмоциялар өте жылдам пайда болып,себептердің пайдалы не қауіпті екенін жылдам анықтауға көмектеседі.Сонымен эмоциялар –жануар мен адам өмірінің бейімделуіне байланысты,эволюциядан туатын,заңды,объективті,табиғи құбылыс. Эмоциялардың биологиялық пайдалылығы неде?Адам өмірінің негізін үнемі ауысып тұратын екі сатыға бөлуге болады:-қажеттілік пен құштарлықтыңқалыптасуы;екіншісі-соларды қанағаттандыру.Бұл классификацияныбарлық құштарлық түріне және қажеттілікті қанағаттандыруға пайдалануға болады. Эмоциялардың физиологиялық негіздері.Жоғары эмоциялар мен сезімдерді,адамның әлеуметтік дамуының жемісі болғандықтан,И.П.Павлов үлкен ми дарты шар қыртысының қызметі мен байланыстырады.Ми қыртысы астындағы орталықтардың эмоциялар пайда болудағы көрнекті рөлін көптеген ғылым тексерулер көрсетті Эмоциялар пайда негізгі қызметі гипоталамус атқарады.Лимбикалық жүйе,ми асты орталықтары ретикулярлық-эндотелияльдық жүйе және басқалар эмоцияға қатысты бар мүшелер мен жүйелердің қызметін реттейді.
.
Эмоциялардың пайда болуында гуморальды –эндокриндік факторларға үлкен мән беріледі.Мысалы,эмоционалдыққозу кезінде гипофиз бен бүйрек безіне гипоталамус өзінің әсерін күшейтіп,сол себептен адреналиннің бөлінуі көбейіп,жүрек пен бұлшық ет жиырылуына қажет глюкоза мөлшері қанда көбейеді. Эмоциялар организмнің сыртқы не ішкі реакйиялары ретінде білінеді. Сыртқы белгілерденбасқа эмоция кезінде ішкі мүшелердің өзгеруі нерв жүйесі мен қан арқылы атқарылады.Нервтердің күшті зорлануы тыныс алуды тежеп,ол үстіртін және сирек болады.Ұнамды эмоциялардың арқасында адам тынысын тоқтатып,онан соң «жеңілдетілген тыныс шығаруы»болады.Ұнамсыз эмоциялар асқазан жұмысын тежеп,тәбетті,қарын мен ішек бұлшық еттерінің тонусын төмендетіп,қарын сөлінің шығарылуын және оның құрамындағы тұз қышқылының мөлшерін азайтады.Ұнамсыз эмоциялар жиі қайталанса қарында патологиялық өзгеріс болып,қарын сөлінің қышқылдығы төмендейді.. Эмоция түрлері:Эмоциялар ұнамды және ұнамсыз,стеникалық пен астеникалық топтарға бөлінеді. Стеникалық-көңіл сергектігі,белсенділік пайда болу,істердің батылдық болу сезімдері. Астеникалық-Сезімдер өмір сүруді төмендетіп,пассивті әрекеттерге әкеліп соғады.Ұзақтығы мен білінуі жағынан сезімдердің төмендегі түрлері болады: Көңіл-онша білінбейтін,ұзаққа созылған эмоционалдық жағдай. Құмарлық-Адамдар үшін белгілі мәні бар,мақсатқа итермелейтін ұзақ және білінетін эмоция. Аффект-қысқа мерзімді,қарқынды эмоция.Эмоцияның зақымдануы. Эйфория-дегеніміз көңілді,жылжымалы,сойлегіш,күлкілі патологиялық көтеріңкі күй.Мұндай жағдай ішімдік не нашалық масайғанда,токсиманиялық заттарды қолданғанда,ауыр соматикалық және психикалық ауру кезінде болады. Депрессия-дегеніміз зарығу,мазасыздану,абыржу,қорқу сияқты сезімдер ере жүретін патологиялық түрде көңілдік төмендеуі.Депрессияныңауыр түрінде суицидтік ойлар мен әрекеттер болады. Дисфория-дегеніміз көңілдің зарығуы мен ызалануы.Мұндай жағдай церебральды атеросклерозда,мидың зақымдануында,эпилепсияда болады. Апатия-сезімдердің жоғалуы,психикалық қызметтің ауыр зақымдануы.Мұндайжағдай шизофренияда болады. Ынжықтық-эмоциялардың жылдам ауысуы.Қалыпты жағдайда балаларда,қартайған адамдарда церебральды атеросклероз кезінде болады. Патологиялық аффект-өзінің әрекетімен айналаға қауіпті,сананың терең тұңжырауы.Осы өзгерісті анықтаудың сот-психиаторлық тәжірибеде маңызы бар.Стресс-қатты күйзелк,абыржу,мөлшерден тыс ширақтылық деген сияқты бірнеше мағынаны қамтитын жалпылама сөзбен айтылған адамның ерекше күйі.Ғылымға ең алғаш осы ұғымды енгізген канадалық физиолог-Ганс Селье.Оның анықтамасы бойынша стресс-өте жағымсызәсерлерге жауап ретінде туған организмның қалыпсыз бейімделу әрекеттерінің жинағы.Адамның жеке ерекшеліктеріне,мінезі,жоғарғы жүйке әрекетінің типтеріне орай,стресстің бірнеше түрлері байқалады.Стресс үш кезеңнен тұрады.1.Үрейлену-жағымсыз тітіркендіргіш әсер еткен сәтте туатын жауаптың алғашқы кезеңі.Таңырқау іспетте сезім пайда болады. 2.Төзімділік-жағымсыз тітіркендіргіш әсеріне беріліп кетпей,оған төзу реакциясы туады.Бұл кезде гипоталамус-гипофиз жүйесінің ықпалымен бүйрек үсті безінің гармондарының мөлшері қанда тез мөлшерде көбейіп кетеді.Симпатикалық жүйке жүйесінің әсерімен жүректің соғу ырғағы жылдамданады,тыныс алу,ырғағы да жиілене түседі.Бұлшық еттердің жиырылу қабілеті күшейеді.3.Әлсіреу бейімделу-қорының мүмкіндігі азайып,таусылады сондықтан психологияда пайда болады. Стресстің көпке созылған түрі адамды жүдетіп қайғыға батырады.Стрессті тудыратын әсерлерге қарай физиологиялық және психологиялық стресс деп екіге бөлінеді. Импатия-дегеніміз гректің «patho»деген сөзінен шыққан.Импатияның алғашқы түсініктері философиялық пән этика және эстетикамен және басқа симпатия деген атқа ие болады.Импатияның жиі кездесетін 3 анықтамасы бао:1.Басқа адамның сезімдері мен қажеттіліктерін түсіну.2.Табиғатты өнер объектісін оқиғаны сезіну.3.Психотерапевттің кәсіби қасиеті.Импатия –ең алдымен қарым қатынаста көрінеді. Сөзжұмбақ т р я я и д и о ф с я и р и р о ф с а с т е н е а ф с с е я и т к р э й ф қ ы л қ ұ м а а а к с т е н п а т и Сұрақтары Көңілдің зарығуы мен ызалануы дегеніміз не?Сезімдер өмір сүруді төмендетіп,пассивті әрекеттерге әкеп соғады?Қатты күйзелу абыржу мөлшерден тыс ширақтылық деген сияқты адамның ерекше күйі?Қысқа мерзімді қарқынды эмоция?Көңілді,жылжымалы,сөйлегіш,күлкілі патологиялық көтеріңкі күй?Адамдар үшін белгілі бір мәні бар,мақсатқа итермелейтін ұзақ және білінетін эмоция?Көңіл сергектігі,белсенділік пайда болу,істердің батылдық болу сезімдері?Сезімдердің жоғалуы,психикалық қызметтің ауыр зақымдануы? Ребус ,, , , , ,,,,,, ,,,,,, , , , 8 ,,,, ,,,,, ,, , ,,, я Бос орындытолтыр 1. ________-дегеніміз сезімдердің жоғалуы,психикалық қызметтің ауыр зақымдануы2.________-дегеніміз сезімдер өмір сүруді төмендетіп,пассивті әрекеттерге әкеп соғады3 _________-дегеніміз қатты күйзелу абыржу мөлшерден тыс ширақтылық деген сияқты адамның ерекше күйі4._________-дегеніміз қысқа мерзімді қарқынды эмоция5._________-дегеніміз көңілді,жылжымалы,сөйлегіш,күлкілі патологиялық көтеріңкі күй6._________-дегеніміз адамдар үшін белгілі бір мәні бар,мақсатқа итермелейтін ұзақ және білінетін эмоция қ Анаграмма ұ м р а к т с а с с а қ ы л т т п я и н е я а и л л і ң и м д а о ф с к с й э н м и и р т а п е р т т с р п о р а т о ф и с и н е а к с я я и т к е ф ф