Презентация по казахскому языку на тему К?п ма?ыналы с?здер


КӨП МАҒЫНАЛЫ СӨЗДЕРОрындаған: Ражан Дана Көп мағыналы сөз Сөздер өзінің негізгі мағынасынан басқа да мағынада қолданыла береді. Бірнеше мағынада қолданылатын сөздерді көп мағыналы сөздер дейді. Көп мағыналы сөздер көркем шығармаларда жиі қолданылады. Өздерінің шығармаларында ақын-жазушылар кейбір сөзді екі не үш мағынасында қатар алып жұмсай береді. Екі күймек бір жанға әділет пе, Қаны қара бір жанмын, жаны жара. Ашиды жаның, қайнайды қаның, Мінездерін көргенде Көп мағыналы сөздер мен омонимдерді шатастыруға болмайды. Көп мағыналы сөздердің әр мағынасы бір-біріне жақын, бір-бірімен байланысты болса, омоним сөздердің мағыналары бір-бірімен байланысты емес, мағыналары бүтіндей бөлек болады. Мысалы 1.Қанат құстардың ұшып, қонатын дене мүшесі.  Алты қанат ақ орданы тігуге кірісті.2.Көзім ауырып дәрігерге көрініп жүрмін. Иненің көзіне жіп өткізе алмадым.3.Сөздің басын арыдан бастады. Адамның басы- Алланың добы. Тарақтың тісі, адамның тісі. Көйлектің жағасы, көлдің жағасы Сөздің басы, жолдың басы, адамның басы, таудың басы,жұмыстың басы Көп мағыналы сөздердің қатарын жалғастыр 1 Адамның аяғы,....2 Домбыраның құлағы,....3 Жараның ауызы,....4 Пышақтың жүзі,..... Дыбысталуы, сыртқы тұлғасы бірдей, бірақ ешбір мағыналық байланысы жоқ сөздер омонимдер деп аталады. Мысалы: Біз 21-ші жылы қысқа қарсы келдік (Ж. Ай.). 2. Етікші бізге жарымайды (мақал). Осы келтірілген мысалдардағы есімдік біз деген сөз бен құралдың аты, зат есім біз деген сөздің дыбысталуы, тұлғасы бірдей, ал мағыналары әр басқа сөздер. Омонимдер мен көп мағыналы сөздердің өзара жақындығы бар. Осыдан келіп, кейде оларды бір-бірінен айыру қиындыққа соғады. Бірақ көп мағыналы сөздерден омонимдерді айырудың қиындығы барлық омонимдерге бірдей қатысты емес. Мысалы, — өкпе (өкпесі қабыну) деген сөз бен «реніш» деген мағынаны білдіретін өкпе деген сөздін омонимдес сөздер екені бірден ашық аңғарылады. Көп мағыналы сөздер әр түрлі заттың атауы болғанмен, олардың арасында қанда да мағыналық жақындық, ұқсастық болады. Ал омоним сөздер арасывда ондай мағыналық жақындық, ұқсастық болмайды. Бас деген сөздің көп мағыналығы мен омонимдік мағынасын былайша салыстыруға болады:Көп мағыналы сөздер Омоним сөздер адамның басы таудын басы судың басы адамның басы аяғыңды жай бас көрікті бас РАХМЕТ