1 Киіз ?й.2Киіз ?йді тігу.3.Ішкі жасау.
Батыс Қазақстан облысы Тасқала ауданы Ы.Алтынсарин атындағы ЖББО мектебі (Панорамалық сабақ) Орындаған: I санатты қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі Р.А.Утешева Іздену Бірыңғай мүшенің тыныс белгісі Шоқан Уалиханов 7 Сын тұрғысынан ойлауды дамыту Сөйлемнің бірыңғай мүшелері Жұлдыздар 6 Нәтиже сабақ 8 Дамыта оқыту Келер шақ Ішкі жасау 5 Деңгейлік тапсырмалар Өткен шақ Киіз үйді тігу 4 Проблемалық тұрғыдан оқыту Нақ осы шақ Киіз үй 3 Алгоритм Көмекші етістік Іле өлкесі 2 Модульдік технология Көмекші есімдер Іле өзені 1 Сабақтың әдісі Грамматика Тақырып-модуль Модуль саны Орыс сыныптарындағы жаратылыстану-математика бағытының 10- сынып оқулығы бойынша жасалған «Туған өлке» модульдік-тақырыптар жоспары Бүгінгі панорамалық сабақ №4-ші модуль бойынша өткізіледі.Соның ішінде 3 тақырып алынды.1 Киіз үй.2Киіз үйді тігу.3.Ішкі жасау.Сабақтың негізгі мақсатын жүзеге асыру үшін жүргізілетін тиімді әдістер:1.Проблемалық тұрғыдан оқыту2.Деңгейлік тапсырмалар 3.Дамыта оқыту4.Сын тұрғысынан ойлауды дамыту5.Іздену, зерттеу6.Модульдік технология7.Даралап оқыту 1.Білімділік:Қазақ халқының киіз үйі,оның тігілуі,оның жасауы туралы толық түсінік бере отырып ,оқулықта берілген мәтіндердің мазмұнын, берілген тапсырмаларды игерту арқылы сөздік қорды кеңейту, сөйлеу тілдерін қалыптастыру , етістіктің шақтарын қайталау.Дамытушылық:Ауызекі сөйлеу тілдерін жетілдіру, дүниетанымдарын кеңейту, топпен жұмыс, жеке жұмыс түрлеріне дағдыландыру. Пәнге қызығушылықтарын арттыру.3.Тәрбиелік: Қазақ халқының салт – дәстүрлерін, қол - өнерін дәріптей отырып, елжандылыққа тәрбиелеу. Эстетикалық талғам қалыптастыру. Мақсаты: Міндеттері: Қазақтардың көшпелі тұрмысына бейімделген киіз үйі құрылысын, олардың атауларын,ішкі жасауынан мәлімет беру;Ш.Уәлихановтың «Ұлы жүз» туралы атты шығармасынан алынған «Киіз үй» мәтіні бойынша тапсырмаларды орындату;Мәтінді пайдалана отырып, етістіктің шақтарын еске түсіру, пысықтау;Этнограф –ғалым Өзбекәлі Жәнібековтың «Жолайрықта» атты кітабынан алынған «Ішкі жасау» әңгімесі бойынша киіз үйдің ішкі жасауын суреттейтін мәтіннің мазмұнын түсіндіру;Киіз үйдің жабдықтарына байланысты айтылған мақалдар мен қанатты сөздер,тұрақты сөз тіркестерін таныту;Қазақ халқының салт -дәстүрін ,қол өнерін дәріптеу,оқушыларды қазақ халқының киелі киіз үйін қастерлеуге тәрбиелеу; Әдісі: мұғалімнің сөзі, топпен жұмыс мәтінді талдау, мәтінмен жұмысКөрнекілігі: Киіз үй жабдығы (слайд), интерактивті тақтамен жұмыс, суретпен жұмысПәнаралық байланыс: қазақ әдебиеті, тарих, этнографияҰстанымы: Ғылымилық, көрнекілік, қарапайымдылықтан күрделілікке. Сабақ 5 дидактикалық кезеңнен тұрады.1.Дидактикалық кезең -сабақтың тақырыбын, мақсатын, міндетін хабарлау. Міндеті: Оқушыларды сабаққа дайындау және оқушылардың қызығушылығын туғызу.2.Дидактикалық кезең – білімді актуалдандыру. Міндеті: Бұрыннан білетін білімдерін еске түсіру.3.Дидактикалық кезең- мәтінмен жұмыс. Міндеті: Мәтінмен жұмыс істеу, дағдыларын жетілдіру.4.Дидактикалық кезең- рефлексия. Сурет бойынша әңгіме құрау. Міндеті: Оқушыларды шығармашылыққа баули отырып,сөздік қорларын молайту. Жазбаша тілдерін жетілдіру.5. Дидактикалық кезең- Үй тапсырмасын түсіндіру. Міндеті: «Мұражайда» деген тақырыпқа құрылған сөйлесуді жалғастыру. І сабақ. Киіз үй.Сабақтың барысы:Сыныпты ұйымдастыру.Мұғалімнің кіріспе сөзі (сабақтың мақсаты мен міндетін түсіндіру).Ережені еске түсіру. Етістіктің шақтары отыр-ар-мынкөр-ер-мінотыр-мас-пынкөр-мес-пін отыр-ды-мкөр-ді-мотыр-ма-ды-мкөр-ме-ді-м отырмын(жай түрі)отырған жоқпынжазып отырмын(күрделі түрі)жазып отырған жоқпын Келер шақ Өткен шақ Нақ осы шақ 4.Мәтінмен жұмыс. «Киіз үй» мәтінін мұғалім оқиды.Мақсаты: Мәтіннің мазмұнын түсіндіру, оқушылардың мәтін бойынша білімдерін қалыптастыру. Қазақтардың киіз үйі көшпелі тұрмысқа бейімделген. Киіз үйдің орташасы бір түйенің жүгінен артылмайды. Киіз үй:тор көз керегелерден және уық пен шаңырақ, киізден тұрады. Керегелер үйдің бүкіл қабырғасын-іргесін қамтиды. Ал киіз үйдің ағаш қаңқаларының үстінен жабылады. Киіз бүкіл үйді жауын-шашыннан, қар, бораннан қымтайды. Киіз үйдің ағаш қаңқасы 3 бөліктен құралады. Олар:Кереге, уық, шаңырақ. Үйдің төменгі жағы тор көз кереге болады. Кереге ағаштары бір-бірімен қайыс баулармен байланыстырылады. Олар тез жиналады, тез жазылады. Уық немесе иілген ұзын ағаштар үйдің күмбезін құрайды. Олардың төменгі жағы керегеге бекітіліп байланады. Уықтың жоғарғы ұшталған жіңішке ұшы күмбездің төбесі – шаңырақтың бүйіріндегі тесіктерге кигізіледі. Шаңырақ деп дөңгелек ағашты айтады. Шаңырақ ошақта жағылған оттың түтіні шығуына және күндіз үйдің ішіне жарық түсіруге арналған. Шаңырақ қажетті кезде арнаулы киізбен жабылады,ашылады. Киіз үй керегесіКерегені құрайтын әрбір ағашты «желі» дейді. Желінің ең ұзынын керегенің «ерісі» (3) деп, одан қысқалауын «балашық» (2), ең кішісін «сағанақ» (1) деп атайды. Қатардың ұштары кереге.Сонда бір қанат кереге 14 ерістен, 9 балашықтан, 9 сағанақтан құралады. Желілердің қиылысқанынан пайда болған торды «көз» деп атайды. Ал оны көлеміне қарай «желкөз», «торкөз» деп екі түрге бөледі. Қазақ үйіне жабылатын киіздер көлемі жағынан да, атауы жағынан да әртүрлі болып келеді. Керегелерді жабатын төменгі жақтың киізін туырлық дейді. Жоғары жақты –уықты жабатын киізді үзік дейді. Шаңыраққа жабылатын төртбұрыш киізді түндік деп атайды. Туырлық пен керегенің арасына әртүрлі әдемі жіппен тоқылған ши ұстайды. Шидің қасиеті-үйді көріктендіріп тұрады әрі бақа-шаян сияқты ұсақ жәндіктердің үйге кіріп кетуіне бөгет болады. . 5.Мәтін бойынша тапсырмалар. Мақсаты: Оқулықтағы берілген тапсырмаларды орындау арқылы мәтінді меңгерту, тілдік тапсырмаларды орындату: А) Мәтіннің әр бөлігіне тақырып қою.1.Үйдің құрылымы2.Ағаш қаңқасы3.Уық4.Шаңырақ5.Киіз түрлері6.Ши Ә) Интерактивті тақтамен жұмыс.Кестені толтырыңдар. Көшпелі тұрмысқа ыңғайлы,тез жиналып,тез құрылады Баспана ретінде қолданады Кереге,уық,шаңырақ Киіз үйдің ерекшелігі Не үшін қолданады? Киіз үйдің құрылымы Б) Сөздерді ретімен орналастырып, сөйлем құраңдар.Киіз үй бейімделген тұрмысқа көшпелі.Қазақ халық көшпелі халқы.Үйдің керегесі уықтары болады шаңырағы киіз.Дөңгелек ағашты атайды шаңырақ деп.Тез жиналды киіз жазылады тез үй. В) Мәтін бойынша осы шақ тұлғасында тұрған баяндауыштарды тауып көшіріңдер.Тұрады, жабылады, ашылады........ Г) Оқулықпен жұмыс. Мәтіннің мазмұны бойынша құрылған сөйлесуді оқып, ауызша баяндаңдар. -Ш.Уәлихановтың бұл әңгімесі қашан жазылған?-Ш.Уәлихановтың бұл әңгімесі 1860 жылдың шамасында жазылған.-Қазақтың үйі қандай өмірге бейімделген?Қазақтың үйі көшпелі өмірге бейімделген. Орташа киіз үй бір түйенің жүгінен артылмайды.-Киіз үйдің құрылысы қандай?- киіз үй: керегелерден, уық, шаңырақ, киізден құрастырылады.-Киіз үйдің ағаш қаңқасы неше бөліктен тұрады?-Киіз үйдің ағаш қаңқасы үш бөліктен тұрады. Олар: кереге, уық, шаңырақ.- Үй қалай құрылады?-Үйдің төменгі жағы тор көз кереге болады. Кереге ағаштары бір-бірімен қайыс баулармен байланыстырылады.-Ал уық деген не?- Уық (иілген ұзын ағаштар) үйдің күмбезін құрайды. Уықтың төменгі жағы керегеге байланады. Уықтың жоғарғы (жіңішке ұшы) жағы күмбездің төбесіндегі шаңырақтың бүйіріндегі тесіктерге кигізіледі.-Шаңырақ деген не?-Шаңырақ деп дөңгелек ағашты атайды. Ол үйдің ең жоғарғы жағында болады. Шаңырақ күндіз үйдің ішіне жарық түсіру үшін әрі ошақта жағылған оттың түтіні шығу үшін қажет. Шаңырақ қажетті кезде арнаулы киізбен жабылады, ашылады.-Киіз үйіне жабылатын киіздер қалай аталады?-Керегелерді жабатын киізді туырлық дейді.-Үзік деген не?- Үйдің жоғарғы жағын (уықты) жабатын киізді үзік дейді.-Шаңыраққа жабатын киізді қалай атайды?-Шаңыраққа жабатын киізді (төртбұрышты) түндік дейді.-Қазақ үйіне ши не үшін қажет?-Әдемі жіппен тоқылған шиді кереге мен туырлықтың арасына ұстайды. Шиді әдемілік үшін және үйге ұсақ жәндіктер кіріп кетпес үшін ұстайды. II.Сурет бойынша әңгіме құрастыру 1.Қазақтардың киіз үйі қандай тұрмысқа бейімделген?2.Ағаш қаңқаларының үстінен не жабылады?3.Киіз үй неден қорғайды?4.Ағаш қаңқалары неше бөліктен тұрады.5.Кереге ағаштары немен байланыстырылады?6.Үйдің күмбезін нелер құрайды?7.Шаңырақ деген не? Ол не үшін қажет?8.Үйге жабылатын киіздер қандай болады?9.Туырлықтың қызметі не?10.Үздіктің қызметі не?11.Түндік дегеніміз не?12.Шиді қай жерге ұстайды? Не үшін? Бекіту бөлімі: Мәтін бойынша сұрақтарға жауап беру. Үйге тапсырма:”Қазақтың киелі шаңырағы – киіз үй” деген тақырыпқа реферат дайындау Бағалау отыр-ар-мынкөр-ер-мінотыр-мас-пынкөр-мес-пін отыр-ды-мкөр-ді-мотыр-ма-ды-мкөр-ме-ді-м Отырмын (жай түрі)отырған жоқпынжазып отырмын(күрделі түрі)жазып отырған жоқпын Келер шақ Өткен шақ Нақ осы шақ Сабақтың барысы:Сыныпты ұйымдастыру.Мұғалімнің кіріспе сөзі (сабақтың мақсаты мен міндетін түсіндіру).Ережені еске түсіру. Етістіктің шақтары. ІІ сабақ. Киіз үйді тігу. Мәтінмен жұмыс. Оқушы мәтінді оқиды.Слайд жасауМұғалім мәтінге шолу жасайды. Қазақтарда киіз үйді тігу - әйелдердің ісі. Киіз үйді тігу тіптен оңай. Алдымен керегелерді бір-бірімен байланыстырады. Сонан соң шаңырақты көтереді. Оған уықтарды шаншиды. Олардың үстінен үйді шеңберлей буады. Керегелердің дөңгеленіп кеп қосылған жеріне есік босағаларын бекітеді. Үй тігудің бар жұмысы осы. Киіз үйдің ең сәулетті әсемін ақ боз түсті киізбен жабады. Бұл түсті қазақтар басқа түстерден артық бағалайды. Кереге, уық, шаңырақ ағаштары сары қызыл қошқыл түсті жуса деп аталатын минерал бояумен сырланады. Шаңырақты ұзын сырықпен тіреп, көтеріп қояды. Сырық - бақан деп аталады. Үйдегі ең қастерлі орын – төр. Қазақтардың негізгі тұрағынан басқа тағы бір үйі болады. Оны қос дейді. Қос жылқышылар үшін немесе көшкенде пайдаланылады. Ол бір аттың үстіне сыйып кетеді. Ш.Уәлиханов Тілдік тапсырмалар: І деңгей:Мәтінді түсініп, мазмұнын айту;Мәтіннің негізгі ойын анықтаңдар;Мәтіннің жоспарын құрыңдар; ІІ деңгейлі тапсырмалар:Сөздер мен сөз тіркестерін қатыстырып сөйлем құраңдар.Әйелдердің ісі, керегелерді, шаңырақты, көтереді, шаншиды,уықтарды,жабады,үй,туырлық,киіздері,арқанмен,шеңберлей, керегелердің,босағаларын,бекітеді, тігудің. Берілген сөздерді сөз тұлғасына ажырату;Әйелдердің, байланыстырады, уықтарды, киіздерді, керегелердің, сырықпен, жылқышылар, сырланады, ағаштары, жеріне. Синоним сөздерді аударыңдар Жұмысы,ісі- алдымен,әуелі-Оңай,жеңіл- сонан соң,содан кеін-Буады,байлайды- шаншиды,кіргізеді-Ақ боз,ақшыл- үй тігу,үй құру-Түсті,түрлі- сәулетті,көрікті-Қастерлі,қасиетті- әсем,әдемі-Тұрағы,мекені- артық,басым-Тіптен, сондай- сырланады,боялады- ІІІ деңгей тапсырмалары:Мәтін бойынша киіз үй жабдықтарының атауларын жазу;Киіз үй жабдықтарына байланысты мақалдар мен қанатты сөздер, тұрақты сөз тіркесін айту; Қазақ түндік арқылы көп жайды аңғартады. «Түндігің түтінді болсын» деген ақ батада ырыс, береке деген мағына бар. Жас әйел түндігін ерте ашса, оның шаруқор, пысық екендігі , басқа үлкен үйдің түндігін ашса, әдептілігі көрінеді. Салақ, жалқау әйелдерді «түндігі кеш ашылатын келін»деп теңейді. Ал «Түндігі ашылмай қалды» деген сөз сол үйдің адамдарының барлығының қайтыс болып кеткендігін білдіреді.Киіз үй туралы өз ойың; Бекіту бөлімі: Мәтін бойынша сұрақтарға жауап беру.1.Киіз үйді кімдер тігеді?2.Алдымен нелерді байланыстырады?3.Сонан соң нені көтереді?4.Уықтарды қайда шаншиды?5.Туырлық пен үзік үстінен немен шеңберлей буады?6.Есік босағаларын қайда бекітеді?7.Ең сәулетті әсем киіз үйдің түсі қандай болады?8.Киіз үй ағаштарын қандай бояумен бояйды?9.Шаңырақты немен тіреп көтеріп қояды?10.Сырықты не деп атайды?11.Үйдегі ең қастерлі орынды қалай атайды?12.Қазақтарда тағы қандай үй болады?13.Ол қай кезде пайдаланылады? Үйге тапсырма: «Мұражайда» деген тақырыпқа құрылған сөйлесуді жалғастыру.Бағалау. ІІІ сабақ. Ішкі жасау.Сабақтың барысы:Мұғалімнің кіріспе сөзі (сабақтың мақсаты мен міндетін түсіндіру).Сыныпты ұйымдастыру.Ережені еске түсіру. Етістіктің шақтары. отыр-ар-мынкөр-ер-мінотыр-мас-пынкөр-мес-пін отыр-ды-мкөр-ді-мотыр-ма-ды-мкөр-ме-ді-м отырмын(жай түрі)отырған жоқпынжазып отырмын(күрделі түрі)жазып отырған жоқпын Келер шақ Өткен шақ Нақ осы шақ 1.Мәтінмен жұмыс:Слайд арқылы мәтінді түсіндіру. Киіз үйдің ішкі жасауын орналастыру тәртібі ұрпақтан-ұрпаққа жалғасады.Қалыптасқан тәртіп бойынша,киіз үйге кіре берістегі сол жақ босағада ер-тұрман,құсбегілікке қажет саймандар ілінеді.Одан әрігірек киім ілетін адалбақан мен шымылдық ұсталған төсекағаш қойылады.Төрде жүкаяқтарға,кебежелерге қойылатын әбдірелердің үстіне екі-үш қатар етіп көрпе-төсек жиналады. Үйдің оң жақ қанаты салт бойынша бос қалдырылады.Онда қарттар жайғасады. Киіз үйдің ортасында үш аяқты темір ошаққа қазан асылып,от жағылады.Төрге төселген текеметтің,кілемнің үстіне айнала көрпеше салынып ,ортаға дастархан жайылады.Жаз айларында үйдің ортасына жайылған алаша,кілем,текеметтердің үстіне жозы (дөңгелек үстел) қойылып,айналасына жержастықтар тасталады. Ө.Жәнібеков Көрпе жинайтын жиһаз Киім ілетін ілгішДөңгелек үстел ӘбдіреАдалбақанЖозы Қызметі,ерекшеліктері Ішкі жасау 2.Интерактивті тақтамен жұмыс:Кесте толтыру. 3.Сөйлемдерді көшіріп жазып, баяндауыштың қай шақта тұрғанын көрсетіңдер.Қазақта бұрын киіз үйлерді бір-біріне тіркестіре тігетін дәстүр де болған. Жетісу жеріндегі қазақ байлары таудағы жайылымдарда төрт киіз үйді тіркестіре тіккен.Бұл үйлерді монша жасаған. “Киімшең”деп аталған бірінші үйде шешінеді. “Қауыз”деген екінші үйде шомылады. “Тас бұлау” деген үшінші үйде қыздырынады.Төртінші үй- “бүйрек”моншадан кейін тынығып,демалатын орын болған.Ө.Жәнібеков 4.Сөйлемдерді көшіріп , қарсылықты білдіретін сөздердің астын сызыңдар.Қожанасырдың көршісі арқан сұрапты.-Арқаным жоқ,-депті Қожанасыр.Көршісі:-Арқаның кеше бар еді ғой,-дейді.Қожанасыр:-Қазір арқан жоқ,-дейді.Көршісі:-Қожеке,арқанды қайда жібердің?-дейді.Қожанасыр:-Арқанға ұн түйіп қойып едім,арқан қазір жоқ,-дейді.Көршісі:-Қалайша,арқанға ұн түйе ме екен?-дейді.Қожанасыр:-Бергің келмесе,не десең де болады,-дейді. 1.Ұрпақтан-ұрпаққа не жалғасады?2.Киіз үйдің сол жақ босағасында не тұрады?3.Төсекағаш қайда тұрады?4.Төрге не қойылады?5.Көрпе-төсек қайда жиналады?6.Үйдің оң жақ қанатында не болады?7.Киіз үйдің ортасында не болады?8.Көрпешелер қайда салынады?9. Төрге не төселеді?10.Жаз айларында үйдің ортасына не қойылады? 5.Тіл ұстарту. Мәтін бойынша сұрақтарға жауап беріңдер. Мақтаншақ бар ақылын мақтанумен тауысады. Туа білмейді, жүре біледі. 6.Мақалдарды түсініп оқып, есте сақтаңдар. Бекіту бөлімі: Өзіңді-өзің тексер. Тест тапсырмаларын орындау.1.Ағаш қаңқаларының үстінен не жабылады? А) мата Ә) киіз Б) дастархан2.Ағаш қаңқалары неше бөліктен тұрады? А) 3 Ә) 5 Б) 13.Керегелерді жабатын төменгі жақтың киізін қалай атайды?А) туырлық Ә) алаша Б) арқан4.Киіз үйді кімдер тігеді? А) қариялар Ә) әйелдер Б) балалар5.Үйдегі ең қастерлі орынды қалай атайды? А) босаға Ә) төр Б) табалдырық6. Қазақтарда тағы қандай үй болады? А) ағаш үй Ә) қос үй Б) Тас үй7. Киіз үйдің ортасында не болады? А) үш аяқты темір ошақ ә) сандық Б) әбдіре8. Киіз үйдің сүйегін неден жасайды?А) кепкен талдан,жіңішке қайыңнан,теректен Ә) тастан,қыштан Б) матадан,қағаздан9.Жиһаздарды қоса есептегенде киіз үйдің салмағы қанша? А) 300-400 кг Ә) 100-50 кг Б)500-600 кг10.Киіз үйді әдетте қанша адам,қай уақытта құра алады?А)10-12 адам 5 сағ Ә) 2- 3 адам 1 сағ Б) 6-8 адам 3 сағ Тест жауаптары.Өзіңді -өзің тексер. 1. Ә2. А3. А4. Ә5. Ә6. Ә7. А8. А9. А10. Ә Үйге тапсырма: «Біздің ауылда өткен - Наурыз тойы» атты тақырыпта шағын әңгіме жазу.Бағалау.