Программалы? жабды?таманы? (ПЖ) сыныптамасы мен жалпы сипаттамасы


Сәлеметсіздер ме! Сабақтың тақырыбы: Программалық жабдықтаманың (ПЖ) сыныптамасы мен жалпы сипаттамасы Сабақтың мақсаты:Программамен қамтамасыз ету туралы түсінік қалыптастыру, программалық жабдықтаманың түрлері мен қызметін көрсету, операциялық жүйенің қызметі, оның құрылымы, жүктелу тәсілі туралы ұғым қалыптастыру;Программалық жабдықтаманы нақты операциялық жүйенің бір түріне жатқызуды, ОЖ, драйверлерге, утилит-программаларға, қосымшаларға мысалдар келтіруді. Оқушылар білуі тиіс: «Программамен қамтамасыз ету» ұғымын, оның түрлерге бөлетінін, қызметін, құрамын, «операциялық жүйе», «драйвер» (қосымшалар) және «утилінетінін» түсініктерін, қолданбалы программалар қызметін, программалау жүйелерін, ОЖ қызметін;Оқушылар үйренуі тиіс:Программалық жабдықтаманы нақты операциялық жүйенің бір түріне жатқызуды, ОЖ, драйверлерге, утилит-программаларға, қосымшаларға мысалдар келтіруді. ІІ. Үй тапсырмасын тексеру:Білімді өзектендіру:1.Қандай құрылғылар қосымша құрылғылар деп аталады? Неге?2.Лазерлік принтерлердің жұмыс қағидасы неде?3.Сканер не үшін керек? Оларды қандай жағдайда пайдаланған жөн?4.Модемдер қандай қызмет атқарады?5.Аталған құрылғылардың қайсысы қосымша құрылғыларға жатпайды: монитор, процессор, жедел жады, принтер, пернетақта, қатқыл диск, флешка, колонкалар? Жаңа сабақ: Программалық жабдықтамасыз компьютер – текмикротәсілдер жиыны ғана.Компьютерде сақталатын барлық программалар оның программалық жабдықтамасын (ПЖ) құрайды.Жүйелік ПЖ-ға мына программалар жатады:Операциялық жүйе (мысалы, Windows). Ол компьютердің қондырғылары мен программалық жабдықтарының жұмысын басқарады.операциялық жүйені өндіріс орнының директерімен салыстыруға болады.Драйверлер – компьютерге қосылған түрлі құрылғылардың жұмыс істеуі үшін қажетті программалар. Мәселен компьютерге жаңа принтер қостық делік. Операциялық жүйе осы принтермен жұмыс істеу үшін оған программа драйвер керек. Драйверді – құрылғының компьютермен араласу тілі десек болады. Әдетте құрылғылардың драйверлері олармен бірге дискілерге жазылып таратылады. Кең тараған құрылғылардың драйверлері операциялық жүйелердің құрамына енген.Утилиталар – компьютерге мұрағаттау, дискілерді ақпараттық бұзылмауын тексеру, қажетті файлдарды іздеу сияқты қызметтер көрсететін шағын программалар.Операциялық жүйе – компьютердің жұмысын басқаратын басты программа.Компьютер іске қосылғанда операциялық жүйе дискілік жадыдан оқылып, компьютердің жедел жадына орналасады. Бұл үдеріс операциялық жүйенің жүктелуі деп аталады. Программалық жабдықтама (ПЖ)Жүйелік ПЖҚосымшалар Программалау жүйелеріОперациялық жүйеДрайверлерУтилиталарФайлдық менеджерлерАрхивтаушыларАнтивирустер Офистік қосымшаларДеректер қорыЖелілік қосымшаларОқытушы программаларЭнциклопедиялар, анықтамалықтарМәтінді тану программаларыШетел тілдерінен аударушы-программаларОйындар Программа – магниттік мәлімет сақтағышта (дискіде) файл түрінде жазылып сақталып, жұмыс істеуші адамның командасы бойынша компьютер жадына жүктеліп орындалатын машина тіліндегі нұсқаулар жиыны. Программалық қамтамасыз ету - компьютерде белгілі командаларды орындауға арналған программалар жиынтығы. Жүйелік программалық жабдықтама.Қойылған мақсатқа жетуге бағытталған әртүрлі элементтерден тұратын жүйелерге мысалдар: Жүйе Жүйе элементтері Жүйенің басты мақсаты ФирмаАдамдар, жабдықтар, материал-дар, ғимараттар т.б. Тауарлар өндіру КомпьютерЭлектрондық және электроме-ханикалық элементтер, желілерМәліметтер өңдеу Телекоммуникациялық жүйе Компьютерлер, модемдер, кабе-льдер, желілік программалар, т.б. Информация тасымалдау Информациялық жүйе Компьютерлер, желілер, адам-дар, информациялық және программалық жабдықтар Кәсіби информа-ция өндіру VІІ. Үйге тапсырма:§8. Программалық жабдықтаманың сыныптамасы мен жалпы сипаттамасы Зейін қойып, тыңдағандарыңызға рахмет!