Сенім — мені? серігім 11 сынып?а арнал?ан тренинг саба?


психологиялық тренинг 11 сынып оқушыларын ҰБТ-ға байланысты сенімділікке үйрету, стрестік қалыптан арылту, бір-біріне деген қарым-қатынасын нығайту. Жаттығудың мақсаты: Оқушылардың көңіл-күйін көтеру, бір-бірімен қарым-қатынасын нығайту.Шарты: Балалар дөңгелене тұрып, жұп-жұп болып, бір-біріне қарап жазылған сөйлемді аяқтайды. Яғни, сұрақты өз ойларымен толықтырады және екіншісі жауап береді. Мақсаты: оқушыны стрестік жағдайдан арылтып, сенімділікке үйрету.Шарты: Оқушыларға бос ақ парақ таратылады. Сол парақты қаламсаппен теңдей екіге бөлу ұсынылады. Ол бөліктерді 1,2 деп белгілеп, бірінші бөлікке жағымды қасиеттерін, екінші бөлікке жағымсыз қасиеттерін жазу керек те, ортасы қырқылып алынады. Жағымды қасиеттерін өзінде қалдырып, жағымсыздарын қатты мыжып, қоқыс жәшігіне салады. Мақсаты: Оқушының өмірлік жетістіктеріне жету мақсатына талпындыру, сенімділігін нығайту. Жаттығу барысы: Қатысушылардың біреуі шығады. Оған мынадай нұсқау беріледі: «Қабырғаға жақын тұр, сосын секір. Қай жерге дейін секіргенін белгілеу. Мұнан соң тағы да былай деймін: «Енді барынша жоғары секір. Төбеге дейін жетуге тырыс. Секіріп жеткен жеріңді белгіле».Талдау: бірінші және екінші белгі салыстырылады. Қатысушылар мынадай сұрақтарға жауап береді:-Белгі қойылған биіктіктердің айырмашылығы болды ма?-Бұл айырмашылыққа не әсер етті?-Қойылған талап пен мақсат нәтижесі жақсарады ма, әлде нашарлады ма?-Қалай ойлайсыңдар, өмірде де осындай жағдайлар кездесе ме? Оқушылар өтілген жаттығулардан, түсіндірме жұмыстардан алған әсерін және достарына арнаған тілектерін жазып, «Тілек ағашына» апарып жапсырады.