Презентация: Word м?тіндік процессоры. 9 класс
Word мәтіндік процессоры
Сабақтың мақсаты: Ақпараттық: оқушыларға Word мәтіндік процессоры тақырыбына байланысты мәліметтер беру, стандартты терезесіне тоқталып, құжат құруды және пішімдеуді таныстыру. Коммуникативтік: оқушыларды компьютерді пайдалана білуге сауаттылығын арттыру және оқушыларға компьютердің жаңа мүмкіндіктерімен таныстыру, яғни, интерактивті тақтада Word мәтіндік процессорында жұмыс істей білуге үйрету. Проблеманы шешу: оқушылар үйге берілген тапсырманы орындап келуі және оқушылардың жаңа материалды меңгеріп, тапсырманы тиянақты түрде орындай білуі, сондай-ақ оқушылардың Microsoft Word бағдарламасын практика жүзінде ұтымды пайдалана білуі.
ПішімдеуМәтін теріліп және өңделіп болғаннан кейін пішімдеу, яғни рәсімдеуді өзгерту жүргізіледі. Пішімдеу деп мәтіндік құжаттарды рәсімдеу бойынша жүргізілетін әр түрлі әрекеттерді атайды. Құжат пішімдеуді құжат құрғанға дейін де, сол сияқты одан кейін де жүргізуге болады. Пішімдеудің орындалу реті құжаттың ақырғы нәтижесіне әсер етпейді, бірақ құжатты баспаға шығармай тұрып, пішімдеу керек. Егер алынған құжат қаңдай да бір себептермен сендерге ұнамаса, онда пішімдеу параметрлерін өзгертіп, оны қайта пішімдеуге болады. Пішімдеу әрекеттерін орындай отырып:Әр түрлі қаріптерді пайдалануға;Жұмыс өрісінің шекараларын өзгертуге, сол, оң жақ, жоғары төмен өрістерін айқындайды;Беттегі мәтінді туралауға;Жоларалық интервалды орнатуға және өзгертуге;Мәтінді бағандарға бөлуге;Мәтінді рәсімдеумен байланысты басқа да мүмкіндіктерді қолдануға болады.Пішімдеу операцияларын бүкіл мәтінмен де, оның бөлімдері: символмен, сөзбен, жолмен, абзацпен , бөліммен, бетпен де жүргізуге болады.
Пішімдеу режимдері Мәтін енгізу кезінде символдарды пішімдеу режимдерін бірден беруге болады немесе бұл режимдерді бүкіл құжаттың мәтіні теріліп болғаннан кейін қолдануға болады. Символдарды пішімдеуАбзацтық шегіністерТуралауЖоларалық интервалТасымал жасау
1. Символдарды пішімдеуСимволдарды пішімдеудің ең жылдам тәсілі пішімдеу панелінің батырмаларын пайдалану болып табылады. Жартылай қарайтылған- белгіленген мәтін жартылай қарайтылған символдармен рәсімделедіКурсив- белгіленгенді курсивпен безендіреді. Асты сызылған- белгіленгеннің астын тұтас сызықпен сызады.
Пішімдеудің бірнеше баптауын бірден өзгерту үшін Формат- Шрифт командасын орындау керек.
style.rotation
Үнсіз келісім бойынша мәтін нөлдік абзацтық шегініспен енгізіледі, яғни қызыл жолсыз және туралау сол жақ шекарасы бойынша жүргізіледі. Абзац диалогтық терезені ашу үшін: Формат Абзац 2. Абзацтық шегіністер
3. Туралау. Үнсіз келісім бойынша терілген мәтін беттің сол жақ шекарасы бойынша тураланатын айтқанбыз, енді мәтінді оң жақ шекарасы, ортасы, беттің ені бойынша туралайық. Ол үшін: 1. Бүкіл мәтінді немесе оның үзіндісін белгілеңдер. 2. Аспаптар батырмасының бірін шертіңдер. - абзацты сол жақ шеті бойынша туралайды. -абзацты бет шеттерінің ортасы бойынша туралайды. - абзацты оң және сол жақ шеттері бойынша туралау. - абзацты оң жақ шеті бойынша туралау.
4. Жоларалық интервал- абзацтағы жолдардың арақашықтығы. Мәтіндік редактор іске қосылғанда үнсіз келісім бойынша Ординарный жоларалық интервал орнатылады. Пайдаланушы бүкіл немесе мәтін үзіндісінің жеке абзацтың жоларалық интервалын өзгертуге болады.
5.Тасымал жасау- Мәтін енгізу барысында жол оң жақ шекараға жеткенде автоматты түрде төменгі келесі жолға тасымалданады. Егер мәтін беттің ені бойынша тураланса , онда жолдағы сөздердің арасы бос орынмен толтырылады.