Презентация. ?ыры??абатты? адам а?засына пайдасы ?ылыми жоба 32 бет
Ертеде Юпитер атты құдай сәуегейлік кітабының афоризмдерін құрастыру барысында қатты қиналып, әбігерге түседі де, терлей бастайды. Нәтижесінде, жер бетіндегі барлық құдайлардың әкесінің маңдайынан біртіндеп тер тамшылары ағады. Жерге түскен осындай бірнеше тер тамшыларынан орамжапырақ өсіп шыққан. Алайда, көпшілігіміз жиі қолданатын «капуста» сөзі көне рим тіліндегі «капутум», яғни «бас» деген сөзден шыққан. Осы сәйкестікке қарап, көптеген ғалымдарымыз жоғарыдағы аңыздың ақиқат болуы мүмкін деген болжамдар айтады да, орамжапырақтың отаны – Рим деген қорытынды шығарады. Білесіз бе, көне грек ғалымы, философ Хрисипп орамжапыраққа кітап арнаған екен. Онда көкөністің адам ағзасына тигізер пайдасы туралы баяндалған. Кітапқа сенсек, гректер мен римдіктер орамжапырақтың көптеген кеселдерге шипа болар, емдік қасиеті бар деп санаған. Орамжапырақ бас ауруды басып, саңыраулықты емдейді және ұйқысыздықтан құтқарып, ішкі ағза ауруларына шипа бола алады. Екi жылдық шөптесiн өсiмдiк. Бiрiншi жылы тұқымнан кiндiк тамыры мен қысқарған сaбақ өсiп шығады. Осы сабақтан дөңгелек орам жапырақтары бар қаудан (кочан) түзiледi, оның ортасында өзегi болады. Сабақтағы жапырақтардың арасында шағындау қолтық бүршiктерi мен бiр төбелiк бүршiк жетiледi.Қауданның (кочанның) сыртқы жапырақтарының түсi жасыл болады. Осы жапырақтарда фотосинтез процесiнiң нәтижесiнде қант түзiледi. Ол соңынан суда ерiп, қауданның iшкi ақ жапырақтарына өтедi. Қырыққабаттың түрлері Аққауданды қырыққабат С1, В1, В2, РР витаминдері мен каротин, минералды заттарға бай.Ақ қауданды қырыққабатты жаңа піскен күйінде, қайта өңделген қалпында жыл бойы ас мәзірінде пайдаланады. Қырыққабаттың қауданын ашытады, бұқтырады, бұрыш, қияр, қызанақ, сәбіз, қызылша, алма, жасыл бұршақ, пияз, сарымсақ қосып тұздап та жейді. Пайдалы жақтары: Жапырақтарының түсі күлгін қызыл. Кең таралған түрлері: «Каменная головка 447» (135-145 күнде піседі), орталық, шығыс, солтүстік өңірлерде егу тиімді. Гако сорты (155-165 күнде піседі) оңтүстік және қуаңшылық аудандарда өсіріледі. Ол 00С температурада бірнеше ай бойы сақталады. Осылайша, жаңа піскен қырыққабат гастрит, асқазан ойық және ұлтабар (бірақ өткір сатысында), бауыр және өт көпіршік аурулар, зоб, семіздік пен қан айналымы жүйесі ауруларынан зардап шегетін адамдар үшін азық-түлік пайдалануға ең пайдалы болып табылады. Медицинада қырыққабаттың құрғақ сөлі қолданысқа ие. Мұның түймедақ (таблетка) түрінде шығарылған дәрісін асқазан жарасын емдеу үшін былайша пайдаланады. Тамаққа дейін 30-60 минут бұрын 1-2 таблеткадан ішеді; 3-4 апта бойы пайдалану қажет, 3-6 айдан соң бұл емді тағы да қайталайды. Егерде дәл осындай дәрі жоқ болса, қырыққабат сөлін күніне 5-6 стақаннан ішіп, емделеді. Гастритті де осылай емдесе, өте шипалы. Ашыған қырыққабатта пайдалы дәрумендер көп болады. Тұздау (ашыту) үшін тек қана аққауданды қырыққабаттың орташа және кеш мерзімде пісетін сорттары таңдап алынады.Қаудандарды сыртқы көгінен, лас жапырақтарынан тазартып, жуып, ұсақтап турап, бөшкеге, эмальданған кастрюльге т.б. тығыздап салады. Оған тұз, ірі үгітілген сәбіз қосады. Бөшкеге салар алдында ұсақталған қырыққабатты ағаш астауда, таза жуылған столда тұзымен бірге таза қолмен мыжып, дайындайды. Қырыққабатқа алма, итбүлдірген, мүк жидегін қосса дәмді болады. Ғылыми жобалар жалпы қойылатын талапқа сай дайындалған.Уорд нұсқасы, аңдатпалар, пікірлері, күнделігі және көрнекі жасалынған тұсаукесері (презентация) ғылыми жобаның құрылымы жүйеленген толық нұсқасын құрайды. Ғылыми жобаның толқы нұсқасын жүктеу ақылы. Ол үшін халық банкінің 4402 5735 5419 3229 шотына (ЖСН 750115401055) немесеQiwi кошелек арқылы 8-701-859-48-75 (телефонға емес) номеріне 2500 теңге аударып, осы номерге телефон соғып, қажетті ғылыми жобаңызды айтасыз немесе saulealt@mail.ru поштасына не ватсапқа түбіртектің сканерленген түрін салып, қажетті ғылыми жоба тақырыбын жазып жібересіз.Хабар алынысымен Сіздің поштаңызға қалаған ғылыми жобаңыздың толық нұсқасы салынады. Сондай-ақ, өзіңізде бар ғылыми жобаның толық нұсқасымен айырбас жасауға болады, сіз онымен сайтымыздың толыға түсуіне көмектесесіз!!! Ғылыми жобаның толық нұсқасын talshin.ukoz.net сайты арқылы да ала аласыз!