Презентация. Пиязды? адам а?засына пайдасы ?ылыми жоба 45 бет
Пияздың адам ағзасына пайдасы
Біздің халқымыз «Көкөністер дастарқанның – сәнің, тағамның – дәмін келтіреді» дейді. Атақты ғалым Гипократ: «Біздің емдік дәріміз – біздің тағамымыз, ал біздің тағамымыз – емдік шипалық дәрі», - деген екен. Көкөністер – адам ағзасында алуан түрлі дәрілердің, витаминдердің, микроэлементтердің, минералды тұздардың, басқа тағамдарда кездеспейтін органикалық қышқылдардың хош иісті майлардың қайнар көзі.
Пияздың өзіндік ерекшеліктерін таныта отырып, оның адам ағзасына тигізетін пайдалы жақтарына терең талдау жасау. Пиязды тұрмыста пайдалану және оның емдік қасиеттерін ашып көрсету. МАҚСАТЫ:
Пияз (Allіum cepa) — жуа туысының ең көп тараған түрі, 2 жылдық шөптесін, түйнекті өсімдік. Көзден жас ағызатын пияздың тағам дәмін кіргізумен қатар емдік қасиеті де бар екенін көпшілік біле бермейді. Пияздың шыққан жері – Жерорта теңіз елдері: Қиыр Шығыс, Орталық Азия және Ауғанстан. Бірте-бірте Мысыр, Греция елдеріне жетіп, басқа елдерге тарай бастаған. Қай жерде болмасын, кез келген заманда пиязды ғажайып пайдалы өсімдік ретінде қабылдаған.
Ертеде римдіктер мен гректер пиязды жауынгерлерге күш және батылдық беретін әрі жарақатты жазатын шипалы, қасиеті күшті өсімдік ретінде берген. Олар пияздың бір түріне жеңімпаз деп ат берген. Қиыр Шығыс пен Сібір елдерін аралаған жиһанкездер пиязбен қырқұлақ (цинга) ауруын емдеген.
Гүл шоғыры — шар тәрізді шатырша, гүлдері қос жынысты. Тұқымы — қарашық, ұсақ (1000 данасының салм. 3,5-4,0 г), қара, пирамида пішіндес, 2-4oС-та өне бастайды. Тығыз және ұзақ бөртетін қабықты болғандықтан тұқымы өте баяу өнеді. Құнарлы, қарашірігі мол, қышқыл емес, қоректік заттарға бай, арамшөптерден тазартылған топырақта жақсы өседі. Қазылып алынған бадананың аязға төзімділігі кемиді, толық піскендері 3оС суыққа шыдай алады. Үсікке пияздың ащы сорттары төзімдірек келеді. Бадананың құрамында (сортына қарай) 2,4-14% қант, 2-13,9 мг% С витамині, 18% құрғақ зат, 2%-дың шамасында белок, эфир майы; жапырағында — 25-47,7 мг% С витамині және 1,3-5,9% А провитамині бар.
Жалпы, пияздың аю пиязы немесе жабайы пияз, жеңіс пиязы деген түрлері бар. Аю пиязы бізде кездеспейді, жеңіс пиязы (черемга) Орал, Ақтөбе өңірінде өсіріледі. Дәміне қарай пияз: ащы пияз, жартылай ащы пияз, тәтті пияз деп бөлінеді. Аспаздар мен мамандар пиязды: басты пияз (қатпарлы), батун – пияз, корей – пияз, шнитт – пияз, шалот – пияз деп және тағы да басқа атаулармен сорттап жатады.Пияз сұрыптары
Пиязды күзде ауа-райы құрғақ кезде сабақтары қурай бастағанда жинайды. Оны сәл қысқалау етіп сабағын қалдыра кеседі. Толық телегей пиязды құрғақ, жылы жерде кептіреді. Пиязды 0°С-ден 3°С-ге дейінгі температурада ауаның салыстырмалы ылғалдылығы 70-75% жерде сақтаған жөн. Пияздың ащы сорттары кез келген құрғақ әрі салқын жерде, тіпті, әдеттегі үй жағдайында да қыс бойы, жаңа өнімді жинағанша, жақсы сақталады, тек оны сақтаудың алдында жақсылап кептіру керек.
Домалақ басты пияз табиғи антибиотик болып табылады. Ол зат алмасуын жылдамдатып, ас қорытуды жақсартуға, артериялық қысымды қалпына келтіруге және потенцияны көтеруге де қабілетті. Пияз шырыны тұмау, сарп, ұйқысыздық сынды ауруларға қарсы тұрады. Пияз тек қана дәрумендерге емес, ұлпалар мен органдарға белсенді әсер ететін эфир майларына, сонымен қатар жүректі ынталандыратын калийге, қан жасалуына көмектесетін темірге, адамға қажетті сирек элементтер – марганец, мыс, кобальт және молибденге бай.Домалақ пияз
Ғылыми жобалар жалпы қойылатын талапқа сай дайындалған.Уорд нұсқасы, аңдатпалар, пікірлері, күнделігі және көрнекі жасалынған тұсаукесері (презентация) ғылыми жобаның құрылымы жүйеленген толық нұсқасын құрайды. Ғылыми жобаның толқы нұсқасын жүктеу ақылы. Ол үшін халық банкінің 4402 5735 5419 3229 шотына (ЖСН 750115401055) немесеQiwi кошелек арқылы 8-701-859-48-75 (телефонға емес) номеріне 2500 теңге аударып, осы номерге телефон соғып, қажетті ғылыми жобаңызды айтасыз немесе saulealt@mail.ru поштасына не ватсапқа түбіртектің сканерленген түрін салып, қажетті ғылыми жоба тақырыбын жазып жібересіз.Хабар алынысымен Сіздің поштаңызға қалаған ғылыми жобаңыздың толық нұсқасы салынады. Сондай-ақ, өзіңізде бар ғылыми жобаның толық нұсқасымен айырбас жасауға болады, сіз онымен сайтымыздың толыға түсуіне көмектесесіз!!! Ғылыми жобаның толық нұсқасын talshin.ukoz.net сайты арқылы да ала аласыз!