Дене импульсі. Материялды? н?ктеде импульсті? ?згеруі. Денелер ж?йесі.Импульсті? са?талу за?ы презент


Сабақтың жоспары 1 –кезең “Ой қозғау”Есте сақтау қабілетін байқау, ойымызды саралау көзделеді.(ІІ тарауды пысықтау). 2- кезең “Ой толғау”-жаңа сабақты түсіндіру;есептер шығару 3- кезең “Ой сергіту”Оқушылардың сөйлеу мәдениеті, тіл байлықтарын байқау көзделеді. 4- кезең “Ой қорыту”Оқушылардың білімдері тиянақталады. Нәтижесі бағаланады. 1 –кезең“Ой қозғау ” сұрақтары: Күштің түрлерін ата Ауырлық күшіСерпімділік күшіҮйкеліс күшіТартылыс күші Күш дегеніміз не? Дененің басқа денелер тарапынан болатын әрекеттің нәтижесінде үдеу алатынын сипаттайтын және осы әрекеттің өлшемі болып табылатын физикалық шама Теңәрекетті күш дегеніміз не? Денеге бір мезгілде әрекет ететін бірнеше күштің әрекетіндей әрекет жасайтын күшті айтады. Ньютонның І заңы Денеге басқа денелер әрекет етпесе немесе олардың әрекеті теңгерілген болса, онда дене не тыныштықтағы күйін сақтайды, не түзусызықты және бірқалыпты қозғалысын жалғастырады. Салт атты шауып келе жатыр. Егер ат сүрініп кетсе немесе оқыс тоқтаса, онда қандай жағдай байқалуы мүмкін Ньютонның ІІ заңын тұжырымда: Денеде туындайтын үдеу оған әрекет ететін күшке тура пропорционал Ньютонның ІІІ заңын тұжырымда Әрекет етуші күшке әрқашан тең қарсы әрекет етуші күш бар болады. Басқаша айтқанда, денелердің бір – біріне әрекет етуші күштері модулі бойынша өзара тең және бағыттары қарама – қарсы F= -F Дене импульсі. Импульстің сақталу заңы. ІІ кезең“Ой толғау”Жаңа сабақ Сабақтың мақсаты Білімділік: Оқушыларға импульс. Импульстің сақталу заңы жөнінде мағлұмат беру. Дамытушылық: Дене импульсі, күш импульсі, импульстің сақталу заңы негізінде оқушылардың физикалық түсініктерін дамыту. Формулалармен таныстыру, есептер шығарудағы машығын тереңдету.Тәрбиелік: Теориялық білімдерін практикамен ұштастыруға, нақтылыққа, жүйелілікке, ұқыптылыққа тәрбиелеу. Сабақтың жоспарыДене импульсі, дене импульсінің бағыты, өлшем бірлігіКүш импульсі, оның бағыты, өлшем бірлігіКүш импульсімен дене импульсінің арасындағы байланысТұйық жүйеИмпульстің сақталу заңы Барлық физикалық құбылыстар сол бір сақталу заңдарына бағынған. Фейнман. Дене импульсі Анықтамасы: Дененің массасы мен оның қозғалыс жылдамдығының көбейтіндісіне тең болатын физикалық шама Белгіленуі:рФормуласы: р=m V Өлшем бірлігі: Кг*м/с Бағыты V векторы бағытымен бірдей “Мен ойлай аламын, демек бармын” Күш импульсі Анықтамасы: Күш пен оның әрекет ету уақытының көбейтіндісі күш импульсі деп аталады. Формуласы: р = F t Өлшем бірлігі: Н*с Бағыты F векторы бағытымен бірдей Тұйық жүйе дегеніміз: Сыртқы күштер әрекет етпеген жағдайда жүйеге енетін денелер бір – бірімен ішкі күштер арқылы ғана әрекеттесетін жүйені айтады. Р. Декарттың өзінің белгісіз оқырманға жіберген хаттарының бірінде ол: “ Ғалам кеңістігінде, барлық пайда болған материяда ешқашан артпайтын әрі азаймайтын қозғалыс мөлшері бар деп санаймын, егер бір дене екінші денені қозғалысқа келтірсе, онда ол екінші денеге қанша қозғалыс берсе, сонша қозғалыс жоғалтады.” Импульстің сақталу заңы Анықтамасы: Тұйық жүйедегі өзара әрекеттесетін денелер импульстерінің қосындысы өзгермейді. Формуласы: Есеп: массасы 1 кг дене түзусызықты қозғала отырып, өзінің жылдамдығын 10 м/с –тен 20 м/с –ке дейін өзгертеді. Дененің импульсінің өзгерісін анықтау керек. Бірінші дененің массасы 2 кг, жылдамдығы 6 м/с, ал екінші дене тыныш тұр. Соқтығыстан кейін, екі дене бірге 2 м/с жылдамдықпен қозғалып кетті. Екінші дененің массасын анықтаңдар Ой толғаудың есебі: 6 км/сағ жылдамдықпен келе жатқан массасы 60 кг адамның импульсі қандай? 20 м/с жылдамдықпен түзу сызық бойымен қозғалып келе жатқан массасы 2 кг дене массасы 3 кг денемен соқтығысады да, әрі қарай екеуі бірігіп V жылдамдықпен қозғала бастайды. Сыртқы күштер әрекет етпейді деп есептеңдер. Денелердің соқтығысуға дейінгі , соқтығысудан кейінгі жалпы импульстерін және соқтығысудан кейінгі жылдамдығын анықтаңдар. Массасы 50 кг бала 5 м/с жылдамдықпен жүгіріп келе жатып , 2 м/с жылдамдықпен келе жатқан массасы 100 кг арбаның үстіне қарғып мінді. Осыдан кейін арба қандай жылдамдықпен қозғалады. ІІІ кезеңОй сергітуОқушылардың сөйлеу мәдениеті, тіл байлықтарын байқау көзделеді. Адамды бір тал шашынан тартқанмен батпақтан шығара алмайсың (малгаш мақалы). Он адам шыңға сүйрейді, ал етекке біреуі де құлатады (орыс мақалы). Түзу жолда, қисық жүрме (қазақ мақалы). Жеңіл балғамен шегені қаға алмайсың (корей мақалы). Шама Белгіленуі Формула Өлшем бірлігі Дене импульсі Күш импульсі Импульстің сақталу заңы ІV кезең. “Ой қорыту” Дене импульсі дегеніміз не?Векторы қалай бағытталған? Дененің массасы мен оның қозғалыс жылдамдығының көбейтіндісіне тең болатын физикалық шама, жылдамдық векторымен бағытталған Күш импульсі дегеніміз не? Күш импульсінің векторы қалай бағытталған? Күш пен оның әрекет ету уақытының көбейтіндісі Дене импульсінің өзгеруі қандай шамаға байланысты? Күш импульсіне Тұйық жүйе деп қандай жүйені айтамыз? Сыртқы күштер әрекет етпеген жағдайда жүйеге енетін денелер бір – бірімен ішкі күштер арқылы ғана әрекеттесетін жүйені айтады. Импульстің сақталу заңын тұжырымдаңдар Тұйық жүйеде өзара әрекеттесетін денелер импульстерінің қосындысы өзгермейді. Бағалау парағы Толық жауап берген оқушы әр кезеңге 5 ұпай қойып отырады. “5” – 18-20 ұпай“4” – 13- 17 ұпай“3” – 7-12 ұпай Үйге тапсырма: 19,20 тақырыпты мазмұндау;17 жаттығудың 4 есебін шығару;« Дене импульсі. Импульстің сақталу заңы»тақырыбына ребус, сөзжұмбақ құру;