О?т?стік Американы? физикалы?-географиялы? орны


Оңтүстік Америка Ауданы 17,840,000 км²Халық саны 387,489,196 (2011) адамОрташа тығыздығы 21.4 адам/км²Тәуелді аймақтар 3Уақыт белдеулері UTC-2 тен UTC-5Ірі қалалары Сан-Паулу Буэнос-Айрес Рио-де-Жанейро Богота Лима Сантьяго Каракас Медельин Белу-Оризонти Кали Оңтүстік Америка – батыс жарты шардың оңтүстігіндегі құрлық.[1]Жерінің аумағы (аралдарымен қоса есептегенде) 18,28 млн. км². Халқы 340 млн. адам (2000). Солтүстіктен оңтүстікке қарай 7150 км-ге, батыстан шығысқа қарай 5150 км-ге созылған. Құрлықтың солттүстіктен Кариб теңізімен, батысын Тынық мұхиты, шығысын Атлант мұхиты, оңтүстіктен Магеллан, Дрейк бұғаздарының суы шайып жатыр. Солтүстік-батысында жіңішке Панама мойнағы арқылы Орталық және Солтүстік Америкаменжалғасады. Ең биік жері – Аконкагуа (6960 м). Теңіз деңгейінен ең төмен жатқан жері – Вальдес ойысы (–40 м). Оңтүстік Америкадағы ең ұзын өзен жүйесі – Амазонка (Мараньон саласымен қоса есептегенде – 6437 м). Дүние жүзіндегі теңіз деңгейінен ең биік орналасқан көл – Титикака(биіктігі 3812 м), ең биік су құламасы – Анхель (1054 м) және ең биік жанартау – Льюльяйльяко осында орналасқан. Оңтүстік Америка құрамына Отты Жер, Фолкленд, Галапагос аралдары, Чили топаралы, т.б. ұсақ аралдар кіреді. Iрi қалалары Жер бедерiОңтүстік Американың батыс бөлігін Кордильера тау жүйесінің жалғасы –Анд таулары алып жатыр. Ол қатпарланып созылған Солтүстік, Орталық, Оңтүстік Анд жоталарынан тұрады. Солтүстігінде Венесуэланың Кариб Андысы 2 тізбек құрайды. Колумбия Кордильерасы Шығыс, Орталық, Батыс болып бөлінеді. Эквадор Андысында Чимборасо (6310 м), Котопахи (5897 м), Сангай (5230 м) жанартаулары кездеседі. Орталық Анд енді, кең (750 км). Мұнда Титикака көлі, батыс жағалауында Атакама шөлі, Льюльяйльяко жанартауы орналасқан. Оңтүстік Америка дүние жүзіндегі ең ылғалды құрлық, әрі жерінің басым бөлігі төменгі ендіктерде орналасқандықтан күн сәулесін де мол алады. Оңтүстік Америка 6 климаттық белдеу деңгейінде орналасқан.Климаттағы өзгерістер әсіресе жауын-шашынның маусымдылығына тікелей тәуелді. Сол себепті құрлық үстінде қысым жыл бойы көршілес мұхит айдындарынан төмен болады да, ауа массалары оның ішінде экваторлық және муссонды-пассаттық циркуляция басым түрде құрлыққа қарай бағытталған. Оңтүстік Американың орографиялық ерекшелігі, яғни батыстағы Анд тау жүйесі құрлықта меридиан бағытында ауа қозғалысының қалыптасуына әсер етеді.Климаты Оңтүстік Америка қойнауы кен байлықтарына, әсіресе мыс, темір,марганец, молибден, қалайы, полиметалл мен сирек кездесетін метал кендеріне өте бай. Темір кенін өндіруден Бразилия дүние жүзінде 2-орынды, Чили мыс кенін өндіруден дүние жүзінде 1-орынды иеленеді.Перу, Чили, Боливия жерінде, Бразилияда алтын мен алмастың ірі кен орындары кездеседі. Боливияда солтүстіктен оңтүстікке қарай 940 км-ге созылып жатқан қалайы белдеуі орналасқан. Теңіздің жағалық жазықтары мен синеклизаларында мұнай мен газдың мол қоры кездеседі. Маракайбо, Ориноко, Магдалена, Гуаякиль ойыстарында мұнайдың, Амазона ойпаты мен Бразилия таулы үстіртінің оңтүстік-шығысында тас көмірдің ірі кен орындары бар. Колумбия Кордильерасындағы замартастың, Чилидің солтүстігіндегі алтынның және селитраның мол қоры дүниежүзілік маңызға ие.Кен байлықтары Ішкі суларыОңтүстік Америкадағы Амазон өзені-(Рио Амозонас)әлемдегі ең ұзын екі өзеннің бірі.Екіншісі -Африкадағы Ніл өзені.Амазон өзенінің су қоры деңгейі Миссисипи, Ніл және Янцзы өзендерінің су қорын қосқаннан да асып түседі.Амазон суымен суландырылатын жер аумағы да басқа өзен жүйелерімен суландырылатын аймақтардан әлде қайда үлкен. Рио де да плата-негізінде өзен емес,Парана мен Уругвай өзендерінің қосылған жерінде пайда болған саға. Топырағы мен өсімдігіҚұрлықтың топырақ-өсімдік жамылғысының қалыптасуы мен таралуы ең алдымен ылғалдану дәрежесіне тәуелді. Ұзақ уақыт құрлық жеке дара дамыған, органикалық дүниенің эндемизмі өте жоғары. Флоралық құрамы жағынан құрлықтың көпшілік бөлігі Неотропиктік, қиыр оңтүстік Голантарктикалық әлемге жатады. Неотропиктік әлем бес флоралық облысқа бөлінеді (Кариб, Гвиана, Амазона, Бразилия, Анд) және мезозойдан бері қалыптасқан көп түрлі өсімдіктердің эндемик формалардың көптігімен ерекшеленеді.  ЖануарларыПарагвай анакондасы.Жануарлар дүниесі алуан түрлілігімен және эндемизм дәрежесінің жоғарылығымен ерекшеленеді. Орталық Америкамен бірге Неотропиктік фауналық облысқа біріктіріледі. Сүт қоректілерден қалталы тышқандардың 70-тен астам түрі, құмырсқа жегіштің 3 түрі, сауыттылардың 20-дан астам түрі, жалқау аңның 5 түрі, приматтар және ірі жыртқыштардан: қабылан, шибөрі, оцелот, пампа мысығы, пума, көзілдірікті аю, жалды қасқыр, т.б. тіршілік етеді. Тұяқтылардан тапирдің 3 түрі, пекари, амазона бұғысы кездеседі. Андтың биік бөліктерін терісі өте бағалы аң – шиншилла мен америкалық өркешсіз түйе – ламаның екі түрі (гуанако және викунья) мекендейді. Құстардың 2,5 мыңнан аса түрі бар, оның 90%-ынан астамы эндемиктер. Әсіресе, басқа ешбір жерде кездеспейтін нанду, ара, тинаму, кондор, колибри (500 түрі бар), тукан, гоацин, т.б. бар. Жәндіктер, қосмекенділер және бауырымен жорғалаушылар да алуан түрлі. Назарларыңызға рахмет