Махамбет ?теміс?лы Заманым мені? тар болды…


“Заманым менің тар болды” Маханбет Өтемісұлы (1804-1846) Мақсаты: Білімділік: ХІХ ғасырдың 1-ші жартысындағы Ішкі Бөкей ордасында болған шаруалар көтерілістің шығу себебін “Таудағы тарлан шұбар” батырлар Исатай мен Махамбет жайлы, ақын өлендерінің құрылымымен тіліндегі кейбір ерекшеліктерін ашу. Дамытушылы: жұмыс істеу қабілеттерін дамыт, басқаларды тыңдау, өз көзқарасын дәлелдеп қарғай білу қабілетін, сонымен бірге пән бойынша алған білімдерін жүйелі түрде қолдана білу дағдыларын артытру.Тәрбиелік: тиянақты тұжырымдама жасауға баулу, оқушыларды батырлыққа, қайырымдылыққа,елін, жерін қорғауға тәрбиелеу. Шаруалар көтерілісінің шығу себептері Исатай-басшы, мен-қосшы “Өтемістең туған он едік, онымыз атқа мінгеде, жер қайысқан қол едік” Махамбеттің балалық шағы Махамбет көтеріліс кезінде Көтерілістің туындауына Жәңгір ханның күйеу баласы Қарауылқожа Бабажанұлы 1833 жылы Каспий теңізі алабын жайлаған қазақ руларының билеуші етіп тағайындауы түрткі болды. Бөкей ордасындағы Орта жүз көтерілістері үш кезеңнен тұрады: 1. 1833-1836 жылдар-көтерілістің тууына себеп болған жағдайлардың қалыптасуы2. 1837 жылдың басы мен соны көтерілістің дамуы, патша мен хан итаршыларының жазалаушы жасақтармен қақтығысу кезеңдері.3. 1837 жылғы желтоқсан айы мен 1838 жылдың ішінде айы- көтерілісшілер күшінің әлсіреуімен жеңіліске ұшырау кезеңі. Көтерілісті старшина Исатай Тайманұлы мен Махамбет Өтемісұлы басқарды. Үлкен айқас 1836 жылы 14 көкек күні Қиялымола деген жерде болды.1837 жылы 2 қараша күні Исатай мен Махамбет бастаған үш мыңдай адам хан ордасына екінші рет аттанады. Геке басқарған орыс армиясымен соғыста 1838 жылы шілденің 12 күні Исатай қаза табады. Махамбет бірнеше жолдастарымен әскердің шебін бұзып шығып құтылады. Исатай қазасынан, көтеріліс басылғаннан кейінгі кезеңде Жалғыз қалдым...Адасып қалған үйректей.Бұл фәнидің жүзінде Махамбеттей зарығып Мұңды болған қайда бар... Махамбеттің жазған хаты “Ардақты ағаларымыз: Бабайға, Надырқұлға, Сәлиге, Жармұхамбет және Жамантайға-барлығына сәлем! Өздерің сықылды достардың дұғасымен, аллаға шүкір, есенмін. Мен Хиуадан аман- есен қайттым. Сіздерді сағындым, осынша-ақ көгім келеді, бірақ қиыншылықа түсіп тұр.Аскер шығардың алдында ханға (Хиуа ханы) тағы бір жолығып шығам. Әрілегенде әскер осы алдымыздағы жазда шығады. Егер жағдай көтерсе, қалай да старшын Сәлиді жіберіндер, ол жаққа (Хиуаға), барардың алдында мен сіздерді қандай хәлде екендіктеріңді білуім керек қой” – деп жазады. Осы хат ақының қас жауларының қолына түседі. Олар: “Махамбет елдің тынышын алуда, деген мен ел әлі күнге оны ұстап бермей жүр”,-деп, оның үстінен шекара комиссиясына шағым түсіреді. Махамбеттің портреті Жасы 37-де, бойы екі аршын және 5/4 вершок, шашы, қасы, мұрты, сақалы қара, бетінде дағы жоқ, қара торы, қой көзді.... Ақынның өлеңдерінің құрылымы мен тіліндегі кейбір ерекшеліктері “...Беркініп садақ асынбай, Біріндеп жауды қашырма,Білтеліге оқ салмай,Қорамсаққа қол салмай,Қозы жауырын оқ алмай... “Орай да борай қар жауса” Махамбет. “Мұнар күн” ...Қатарланған қара нарАрқанын қиып алған күн.Алма мойың арудыАт артына салған күн Махамбет. Мен, мен едім, мен едім, Мен, мен едім, мен едім, Мен Нарында жүргенде, Еңіреп жүрген ер едімМахамбет. Қызғыш құс Ал, қызғыш құс, қызғыш құс,Көл қорғаған сен едін,Сен де айрылдың көліңнен.Ел қорғаған мен едім, Мен де айырылдым елімнен.Махамбет.