Презентация та?ырыбы: Жамбыл деген ж?й атым, Халы? мені? шын атым! ” 3-сынып


Сабақ тақырыбы: “Жамбыл деген жәй атым, Халық менің шын атым! ” Бастауыш сынып мұғалімі:Султамуратова М.Б. Сабақ мақсаты:1. Білімділік: Жамбыл шығармашылығын терең зерттеп оқу. Жамбыл деген жәй атым,Халық менің шын атым! – деп жырлап өткен ұлы жырау шығармашылығы туралы оқығандарын ортаға салып талдауға үйрету.2. Дамытушылық: Өткен ғасырға үңілдіру. Оқушылардың Жамбыл өмірі мен поэзиясы туралы ұғымын кеңейту. Көркем дүниеге құрметпен қарау арқылы дамытуға ойландыру.3. Тәрбиелік: Жамбыл шығармашылығы арқылы оқушыларды атамекенді сүюге, ардақтауға тәрбиелеу. Қақаған қар аралас соғып боран, Ел үркей, көк найзалы жау торыған. Байғара, Жамбыл, Ханда мен туыппын, Жамбыл деп қойылыпты атым содан. Жамбыл Балалар аманбысың шырақтарым.Майысып көлге біткен құрақтарымЖүрмесем есендесіп тұра алмаймынІшінен асып кетсе бір аптаның.Қонаққа келді міне Жамбыл атаңСан жылдар жүк көтерген бүкір жотамҚарт бабаң дәуіріне мейірі қанғанҚуанып жастығына сендей жотам АҚЫН ӨМІРІ ЖАМБЫЛ ЖАБАЕВ(1846 - 1945) Шу өзенінің бойымен жүре берсеңіз Хан және Жамбыл деген екі тауға кез боласыз. Менің әкем Жабай бір кезде осы тауларда көшіп-қонып жүрген. Жамбыл тауының етегінде, қақаған қатты боранды күні мен туыппын! Маған сол көне Жамбыл тауының есімі ат болып тағылыпты. Бұл 1846 жылы февраль айы екен.Менің әкем Жабай шоқпыт шапанды көшпелі кедей болған. Тұрған жеріміз құлазыған кең, жазық дала еді. Сондықтан да мен балалық шағымда егісті де, бақты да, арықты да көрмедім. Жазық кең дала менің Отаным болды. Мен киіз үйде өстім. Сол кездегі барлық қазақ балаларындай мені де көшкенде бесігіммен алып жүрді. Бала кезімде мен тентектеу болдым. Қарттарды да, әкемді де тыңдағым келмеді. Мені қозы бағуға жіберетін, мен бармай қоятынмын. Маған отын тер дейтін — мен тіл алмай қасаратынмын. Менің ағам, әкемнің інісі белгілі домбырашы еді. Мен домбыра тыңдауға әуес едім. Он екі жасымда одан домбыраны үйрендім. Домбыра қолыма тигенде барлық тентектікті ұмытып, бүкіл жан жүйем елжірегендей болатын еді. Менің қой баққым келмеді. Домбыра тартып, ән салу мені қатты қызықтырды. 1937 жылы бүкіл еліміз Жамбылдың творчестволық қызметінің жетпіс бес жылдығын мерекеледі. Бұл күндері халық ақыны дүние жүзінің көптеген озат қайраткерлерінен құттықтау телеграммалар алды. 1941 жылы Жамбылға мемлекеттік сыйлық берілді. Ұлы Отан соғысы күндерінде Жамбыл өзінің өлеңдерінде Совет халқын Отанды қорғауға, еңбектегі ерлікке шақырды. Совет адамдарының батырлығын, СССР халықтарының мызғымас достығын жыр етті. 1943 жылы майданда Жамбылдың ұлы Алғадай қаза тапты. Бұл жөнінде ақынға хабар жеткенде, ол біраз үнсіз отырып барып, қайғылы хабарға өлеңмен жауап берді. Жамбылдың ақырғы жыры 1945 жылы 9 майда айтылды. Бұл неміс фашистерін біздің халқымыздың қаһармандықпен жеңгендігіне арналған еді. Жүз жасқа небәрі бірнеше ай қалғанда, 1945 жылы 22 июньде Жамбыл дүние салды. 1946 жылы февральда Қазақстан жұртшылығы даңқты ақынның жүз жылдығын салтанатпен атап өтті. Юбилейіне қарай ақынның таңдамалы шығармаларының академиялык жинағы орыс және қазақ тілінде басылып шықты. Жамбыл Жабаев Ленин орденімен, Еңбек Қызыл Ту және «Құрмет белгісі» ордендерімен наградталған. Атаның әлдиі Балаларға Балама хат Бесік жыры. Жастық жыры Жаңа жыл Жаңа жыл сәлемі. Жеңіс жырын сайраңдар. Жүз жасаған жүректен Ленин. Ленинградтық өренім. Шәкірт балаларға. 1941-1945 Ленинградтық өренім! ! Аттандыру Атаңнан бата ал, баламАлшайып атқа мін,балам.Ақ сақалым желбірепАртыңнан қарап мен қалам.Құлағыңда құлыным,Дауысым жүрсін жырлаған:Алғадайым арлы едің,Ата сөзін сыйлаған;Перзентімнің алды едіңКөңілімді қыймаған.Аттандырдым майданға,Аман-есен жүр балам! Абыройға ие бол,Ағат баспа бір қадам.Атақ берген атаңаЕл қадірін біл балам!Ел ерлігі, ел бірлігіСынға түскен бұл заман!Саған айтқан сөзімненСабақ алсын тыңдаған.Айтылған сөз деп ұқсын,Аңғарлы жан «бұл маған!»Хош, хош балам! Хош айттым,Қолымды міне, шошайттым Ол бозбала шағының өзінде ақ өскен ортасын ән мен жырға кенелтіп, тіптен көршілес қырғыз еліне де даңқы жайылып үлгерген. Осы кезде өрттей жалындап, жұрт аузына іліккен жас Жамбыл Жетісудың дүлдүл ақыны Сүйінбайға жолығып, оның арқалы өнеріне құныға ден қойып батасын алады. Мұнан әрі жал –құйрығы сүзілген жүйріктей арындап, сол кездегі Айкүміс, Бақтыбай, Сары, Сарбас, Досмағанбет, Шашубай, Құланаян Құлманбет сияқты ақындықтың жылжыған жорға, жылмиған жүйріктерімен айтысқа түскен Жамбыл ұдайы шоқтығын асырып отырған. Бұлар ғана емес қырғыздың Балық, Тыныбек, Қалығұл, Найманбай, Қатаған, Арыстанбек, Сағымбек сияқты ақын-жырау, манасшылармен өнер өрелестіріп, қырғыздың көл-көсір поязиясынан тағылым алады, ақындық өнерін одан әрі шыңдай түседі. Жамбыл енді ақындық суырыпсалмалық өнеріне қоса «Көрғұлы», «Шаһмардан» сияқты жыр-дастандарды апталап-айлап жырлап, ақындық жыраулық өнерін соны қырымен таныта бастайды. Мұхтар Әуезов Жамбыл бастаған ақын, жазушылар арасында. 1936 жыл. «Туған елім» атты толғауы 1936 жылы жарық көріп, онан соң орыс тіліне аударылған нұсқасы «Правда» газетінде жарияланып, қарт ақынның даңқы бүкіл әлемге жайылды. Халқына қадірі артып, даңқы өрлеген Жамбыл, шабыт тұғырына қонған Алатаудың ақ иық қыранындай, жыр нөсерін селдетеді. Оның 1936-1945 жылдар аралығында шығарған жырлары 13 мың тармақтан асады екен. Ол ел өміріндегі табыс пен жаңғыруларды, жеңіс пен ерлік істерді ерекше шабытпен жырлайды. Шағын жыр-толғаулар ғана емес, оның қарт көкірегінен «Өтеген батыр», «Сұраншы батыр» сияқты эпикалық туындылар қайта жаңғырып ақтарылады. Айтыс Жамбыл - әрі эпик, әрі айтыс ақыны; абыз жырау әрі жауынгер жыршы. Ол шын мағынасындағы биік парасатты өнерпаз, азаматтық саяси поэзияны қалыптастырушы. Жамбылдың ұлылығы оның тек ақындық шеберлігімен ғана емес, сонымен бірге халық поэзиясының бұтақ жайған жаңа бір бәйтерегі болуымен, басқаша айтқанда , халық ақындарының жасампаздық рухтағы жаңа ұлы көшін бастаған даралығымен де өлшенеді. Оның сөздері ұранға айналып, өзі халық поэзиясының атасы аталды. Ол жыраулардың байтақ эпикалық дәстүрін, қазақ сөз өнеріндегі ғажайып импровизациялық үрдісті бүтіндей жаңа арнаға бұрып, оған жаңа мазмұн дарытты. Жамбыл – ізгілік жолындағы азатшыл азаматты нәсіліне, ұлтына бөлмеген шын мәніндегі интернационалист ақын. «Жамбыл жырлары теңіз түбінде шашылып жатқан маржан секілді. Оны жинап алып халқының қолына беру – біздің әрқайсымыздың азаматтық борышымыз» - деген еді Сәкен Сейфуллин. Жамбыл - жырдың толассыз бұлағы, өшпес өнегесі, тозбайтын асылы. Ол жасампаз ұрпақпен сырласындай, қимасындай мәңгі бірге жасай береді. Жамбылдың қанатты шабытпен дүниеге келген шығармалары әлемнің ондаған тіліне аударылып дүние жүзіне тарады. Жамбыл көзінің тірісінде ақ КСРО Мемлекеттік сыйлығының лауреаты атағын алып, өзінің де, халқының да даңқын дүйім дүниеге паш етті. Жамбыл бейнесі қазақ өнерінің барлық түрінде, барша жанрында шабытпен бедерленіп, ұлттың рухы биік ұлы тұлғасы екенін әйгіледі.1945 жылы 22 маусымда Жамбыл дүние салды.1946 жылы ақпанда Қазақстан жұртшылығы даңқты ақынның жүз жылдығын салтанатпен атап өтті. Мерейтойына қарай ақынның таңдамалы шығармаларының академиялык жинағы орыс және қазақ тілінде басылып шықты. Жамбыл Жабаев Ленин орденімен, Еңбек Қызыл Ту және «Құрмет белгісі» ордендерімен марапатталған. АТАНЫҢ ӘЛДИІАл, Қуаныш, ҚуанышСені етейін жұбаныш,Алғадайым өлгеліБоп кетіп ем жылағыш«Ата, ата» — деп келгесін,Айналайын, алайын.Ақ бетіңнен өбкен соңЖүрегімді жамайын.Ермек болып отырсаң,Мен бір әнге салайын.Көңілімді шат қылсаң,Көтеріліп қалайын! Жамбыл Нежность Жамбылдың өлеңдері Жүз жасаған жүркетен, Жырларымды төгейін. Көктемнің күніндей, Жауды жеңіп, күлімдеп, Келгеніңді көрейін! Қаһарманым, күнім деп, Беттеріңнен өбейін!... Ж.Жабаев Жамбыл мен Күләш Бәйсейітова Жамбыл қырғыз ақындарының ортасында М.Калинин Жамбылды орденмен марапаттауда Жамбыл және жазушы В.Ивановпен әнгімелесуде Жамбыл және Дина Нұрпейісова Жамбыл мен Ғабит Мүсірепов Жамбыл халық ақындарының ортасында Шәкірті Кенен Әзірбаев «Егер біз Жамбыл даналығын тәу етіп, ұлылығын ұлағат тұтып жатсақ, оның басты себебі Жамбыл арманының адамзаттық арман аңсарымен ұласып жатқандығында. Сондықтан да қазақтың Жамбылына адамзаттың Жамбылы ретінде құрмет көрсетіп, өлмес рухының алдында басымызды иеміз» Н.Ә.Назарбаев