Презентация на классный час на тему Жамбыл деген — жай атым, Халы? — мені? шын атым


Қазақ тілі мен әдебиет пәнінің мұғалімі Джакаева Айткул Жуматаевна Жамбыл атындағы орта мектебі АШЫҚ ТӘРБИЕ САҒАТЫ“Жамбыл деген - жай атым, Халық - менің шын атым” Жамбыл Жабаев өмірі мен шығармашылығы жайында Жырдың толассыз бұлағы, өшпес өнегесі, тозбайтын асылын жас ұрпақтың бойына сіңіру- Жас ұрпақты отаншылдыққа, еркіндікке ерлікке, туған елін, жерін сүюге тәрбиелеуТӘРБИЕ САҒАТЫНЫҢ МАҚСАТЫ ТӘРБИЕ САҒАТЫНЫҢ МІНДЕТІҚабілетті, дарынды, шығармашыл тұлға қалыптастыра отырып,елінің өнерін сүюге тәрбиелеу * Қабілетті , дарынды оқушыларды топтастыру* Көркем шығарманы мәнерлеп оқуға қабілетті оқушыларды іріктеу* Поэзияға бейім оқушылардың қабілеттіліктерін анықтауҰйымдастыру: Тәрбие сағатының бөлімдерімен таныстыру:* Жамбылдың адамдық, азаматтық тұлғасы* Жамбылдың отаншыл өлеңдері* Жамбыл-сатиралық өлеңнің шебері* Жамбыл- ақындар айтысының алыбы Жамбыл жырлары теңіз түбінде шашылып жатқан маржан секілді.Оны жинап алып халқының қолына беру-біздің әрқайсымыздың азаматтық борышымыз.Сәкен Сейфуллин, жазушы Жамбыл – ақыл-ойдың алғыры, өзгеге ұқсамайтын дара, оқшау бет-бейнесімен аса зор құбылыс. Оның бір өзі әрі эпик ақын, әрі айтыс ақыны, әрі азаматтық әуеннің де ақыны.Мұхтар Әуезов, жазушы Жамбыл өмірге жымия қарап, сынай өскен ақын еді. Оның ойлы көздерінің түбінде қашан да бір сықақ ұшқыны тұратын!Ғабит Мүсірепов, жазушы Жамбыл – жүз жасаған адам, соның 85 жылы ақындықпен өтті. Ол әлеуметтік және жеке өміріндегі сөзінің көбін өлеңмен сөйлеген кісі.Сәбит Мұқанов, жазушы Жамбыл жырлары Бұғымүйіз, Бесмойнақ жайлауларының гүліндей алуан түрлі. Хош иісі күншілік жерден аңқып тұрады. Ақын жырын тыңдаған сайын, көк жайлауға қарағандай әсер аласың.Ілияс Жансүгіров, жазушы Жамбыл Жабайұлы (1846-1945) – қазақ халық поэзиясының әйгілі тұлғасы, өлең сөздің дүлдүлі, жырау, жыршы. Туған жері – Жамбыл облысындағы Жамбыл тауының етегі. Топырақ бұйырған жері – Алматы облысының Ұзынағаш елді мекені. Шыққан тегі – Ұлы жүз Шапырашты тайпасының ішіндегі Екей руы Жамбыл Жабаевтың жеті атасы. Жамбыл ата үш рет кезекпен үйленген. Бірінші бәйбішесі Момын апа қайтыс болғаннан кейін, Талқайрат апаға үйленіп, ол дүниеден озғаннан соң Қанымжан апаны алған. Осы үш ападан 10 баласы болған. 2 қыз, 8 ұл. 2 ұлы майданда қаза болған. Қазіргі таңда осы балаларынан 100-ден астам ұрпақтары бар. Ұстазы мен шәкіртіМенің пірім – Сүйінбай Сөз сөйлемен сыйынбай.Сырлы, сұлу сөздері,- Маған тартқан сыйындай Жамбылдың адамдық, азаматтық тұлғасы«Әкеме»«Шағым» «Әділдік керек халыққа»«Жаныс ақынға»«Кедей күйі»«Патша әмірі тарылды»«Зілді бұйрық»«Жылқышы» Жаны сергек, санасы өрелі Жамбыл өзінің өлеңдерінде елдің әлеуметтік саяси өмірін ақындық шыншылдықпен, азаматтық жауапкершілікпен бедерлейді. Халқына қадірі артып, даңқы өрлеген Жамбыл, шабыт тұғырына қонған Алатаудың ақ иық қыранындай жыр нөсерін селдетті. Оның сөздері ұранға айналып, халық поэзиясының атасы аталды. Жамбыл-ақындар айтысының алыбы«Жамбылдың Құлмамбетпен айтысы»Жамбыл атамыз көптеген айтыскерлермен айтысқан. Бұл 35 жасында Құлмамбетпен айтысқан кезінен көрініс. Құлмамбет байлықты, мансапқорлықты жырласа, Жамбыл әділдікті, шындықты жырлап, Құлмамбетті жеңген екен. Жамбылдың жанына жолбарыс келіп жантайғанда оған шабыт келіп, домбырасын қолына алып, гуілдетіп өлең шығара бастаған және шығарған өлеңдерін ұмытпай, есінде сақтап отырған екен. Суретте атаның 1936 жылғы домбырасыБұл Жамбыл атаның дүниеден озған уақытында тоқтап қалған сағаты Санк Петербург қаласындағы Жамбыл бабаның мүсіні Өмір есігін жаңа ашқан сәби«Бесік жыры» Дарынды оқушылар Назарларыңызға рахмет!