Баяндама информатика п?ні бойынша ЭЛЕКТРОНДЫ? О?УЛЫ?ТАРДЫ О?У ?РДІСІНДЕ ТИІМДІ ПАЙДАЛАНУ
«Информатика ілімі – болашақтың ғылымы» тақырыбындағы ғылыми – практикалық конференция Жалпақтал аграрлық және салалық технологиялар колледжі Баяндама тақырыбы: ЭЛЕКТРОНДЫҚ ОҚУЛЫҚТАРДЫ ОҚУ ҮРДІСІНДЕ ТИІМДІ ПАЙДАЛАНУ Өндірістік оқыту шебері: Каримова Аксамал Жакиповна Бүгінгі күні әлемдік ақпараттық білім кеңістігінің деңгейіне көтерілудің тиімді жолы – білім беру сапасын толықтай ақпараттандыру. Қазақстан Республикасының «Білім туралы» заңында білім беру жүйесін ақпараттандыру осы саладағы мемлекеттік саясат негізінде анықталынып, осы жүйедегі басты міндеттердің біріне айналып отыр. «Қазақстан 2050» стратегиялық бағдарламасы білім берудің ұлттық моделінің қалыптасуымен және Қазақстанның білім беру жүйесін әлемдік білім беру кеңістігіне кіріктірумен сипатталады. Ел президентінің Қазақстан халқына Жолдауында компьютерлік сауаттану жөнінде баса айтылған. Осыған байланысты ХХІ ғасырда ақпараттанған қоғам қажеттілігін қанағаттандыру үшін: компьютерлік техниканы, интернет, компьютерлік желілерді, электрондық және телекоммуникациялық құралдарды, электрондық оқулықтарды оқу үрдісінде тиімді пайдалану арқылы білім сапасын көтеру қажеттілігі туындап отыр. Электронды оқулықтың мазмұны оқушының зерделі ойлау қабілетін дамытуға бағытталуы және оның мына қасиеттерді қанағаттандыруы өте қажет: қисынды ойлау жүйесінің қалыптасуы, жинақтылығы, жүйелілігі, эстетикалық көркемділігі, жылдамдылығы т.б. Электронды оқулықтың тиімділігі, қашықтан оқытуға, оқушының өздігінен оқып үйренуіне және өзіндік жұмыс қабілетін дамытуға мүмкіндік береді. Электронды оқыту – комплексті емес біртұтас, дидактикалық, әдістемелік, интерактивті бағдарламалық жүйе, ақпараттық әр - түрлі формаларын қолданып оқу материалынан кездесетін қиындықтарды артта қалдырады және мультимедианың соңғы мүмкіндіктерін қолданып, ғылыми зерттеу әдістерін толықтырады. Бұл жерде оқытудың түсінікті, кең көлемде қарастырылған материалы қолданылады. Электронды оқыту негізінен үш бөліктен құрастырылады: негізгі ақпараттық курс бөлімінен тұратын презентациялық бөлім, алған білімдері бойынша бекітілетін жаттығулар, оқушының білімін көлемді түрде бағалау үшін тестілер. Компьютерлік оқыту негізгі оқулықты, анықтаманы, есептеуішті зертханалық жұмыстарды бір-бірімен байланыстырады.Студенттер үшін электронды оқу құралы – ЖОО-да және колледжде оқыған жылдардың барлығында да өздері толықтырып отыра алатын және нәтижелік сынаққа дайындалуға көмектесетін мәліметтер қоры болып табылады. Сонымен қатар, ол студенттердің өз бетімен жұмыс істеуіне толық мүмкіндік туғызады. Электрондық құралдармен жұмыс істеу әрбір студенттің өз мүмкіндігін есепке ала отырып, оқып үйрену ісін жеке дара жүргізуі болып саналады. Электрондық оқулық – компьютер экранында көрінетін жай ғана мәтін емес, ол студентке өз жолымен керекті материалдарды жеке меңгеруге арналған күрделі, көп сатылы жүйе, оқулықтың қажетті бөлімдерін қайталап, игеру тәсілі мен логикасын да өзіне тән етіп таңдап алып, осы сәтте ең керек деген материалдарды қарап шығуға мүмкіндік береді. Электрондық оқулықтарды жеке тұлғаның ақпараттық мәдениетін қалыптастыру құралы ретінде пайдалану – алғашқы қадам, яғни бұл білім жүйесін дамытудың көрнекті белесі, ол мұғалімнің қазіргі кездегі рөлін дұрыс түсінуге мүмкіндік туғызады. Электрондық оқулықтар WebPageMaker.exe – бағдарламасы арқылы электрондық оқулық жасау үстіндемін. Электрондық оқулықтын атауы «Информатика». Оқулық мынадай құрлымдардан тұрады: 1. Кіріспе 2. Қауіпсіздік ереже 3. Компьютер құрылымы4. Windows операциялық жүйесі5. Файлдар және бумалар6. Microsoft office пакеті7. Microsoft Word бағдарламасы8. Бейне фильмдер9. Әдебиеттер 10. Тест Қорыта келгенде, электрондық оқулықтарды оқу-тәрбие үрдісінде тиімді пайдалану студенттердің білім сапасын көтеруге мүмкіндік беретіндігіне және электрондық қабықша құру нәтижесінде студенттердің білім алу деңгейі жоғарлағандығына көз жеткіздім. Қорытынды. Оқушының пәнге қызығушылығы артады. Оқушы өзіне деген сенімі оянды. Өз бетімен жұмысжасауға үйренді. Жеке тұлға ретінде мәдениеттілігіартады. Қолданылған әдебиеттер тізімі:"Ақпараттық технологиялар", автор Ермеков Н.Т, Астана - 2007"Компьютерлік өңдеудің әдістемелері", автор Хакімова Т, Алматы - 2007"Информатика", автор Грузин В.В, Астана - 2007"Компьютерлік өңдеуді автоматтандыруда иновациялық технологияларды пайдалану", автор Хакімова Т, Алматы -2007"Информатика", автор Ермеков Н.Т, Криворучко В.А, Ноғайбаланова С.Ж, Алматы -2006"Компьютер үйренудің нәтижелі әдісі", автор Абуов А.Х, Абуова Ж.К. Орал -2003«Информатика негіздері» ғылыми әдістемелік журнал