?ош бол ??тты ?ліппем


Әліппені аяқтауды салтанатты түрде атап өту,балалардың Әліппеге деген сүйіспеншілігін арттыру,өздерінің сауатын ашқан оқулығына байланысты өлеңдерді мәнерлеп айтуға үйрету. Ана тілі оқулығымен таныстыру,қызығушылығын арттыру. Оқушылардың эстетикалық талғам сезімдерін байыта түсуге тәрбиелеу. Көрнекілігі: Шарлар,нақыл сөздер,тәждер. слайд. Барысы: Мұғалім сөзі: Құрметті ата-ана,ұстаздар,қонақтара! Бүгін сіздер 1-сынып оқушыларының алғаш рет қолдарына ұстап, әріп таныған оқулығы Әліппемен қоштасуға арналған ертеңгілікке келіп отырсыздар, қош келдіңіздер. Мереке баршаларыңызға құтты болсын! Төрт ай бойы 42 әріпті оқып жазуға үйренген, өлең жаттап тілдерін жаттықтырған,жаңылтпаш айтып тілдерін ширатқан,шағын мәтін,ертегілерді оқып,мазмұнын айтуға үйренген 1-сыныптың талантты,өнерлі,әдемі оқушыларын ортаға шақырайық. 1-сынып оқушыларының тақпақтары . ШұғылаДиана Жанбота Назым Болашаққа жол бастар,Балаң келді ортаға.Білім деген ғажаптың,Әліппесін меңгерген.Болашағы қазақтың,Басталады біздерден. Рауан Рауан Хор 1-сынып Армысыздар, жас достар!Армысыздар, ата-аналар.Болашаққа жол бастап,Әліппе келді ортаға.Білім деген ғажайыптыңӘліпбейін меңгерген.Келешегі Қазақтың.Басталады сендерден.