Білім алушыларды? зерттеу м?дениетін ?алыптастыруда интернет технологияларды? ?олдануы.


Білім алушылардың зерттеу мәдениетін қалыптастыруда интернет технологиялардың қолдануы. Интернет-технологиялар негізінде зерттеу мәдениетінің қалыптасуын бағалау үшін мынадай критерийлар ұсынылыды: Зерттеу мативациясы;Ойлаудың ғылыми стилі;Оқу-зерттеу іс-әрекетіне технологиялық дайындық; Білім алушылардың шығармашылық белсенділігі; Оқушылардың зерттеу мативациялары мынадай көрсеткіштермен сипатталады: Тану қажеттілігінің қарқындылығы; Зерттеудің құндылығын түсіну; Зерттеумен әуестену; Оқушылардың ойлауының ғылыми стилі олардың оқу-зерттеу мәдениетінің критерийі ретінде мынадай көрсеткіштері қамтиды: Өзіндік зерттеу іс-әрекетінің құрылымдық бөліктерін ой елегінен өткізу; Олардың ғылыми стилінің нормасы мен талаптарын орындау Оқушылардың шығармашылық белсенділігі идеалары мен олардың арасындағы байланысты түрленудегі тәуелсіздік деңгейімен, ғылымының тарихы және олардың проблемалары мен таныстық деңгейімен анықталады.  Оқу зерттеу мәдениетін қалыптастыру бойынша интеренет технологияларды қолданудың негізгі бағыттары: Интернет желісінде ғылыми жұмыстар үшін материалдарды іздестіру; Конференциялар, конкурстар, гранттар алу ; Конференцияларға сұраным, баяндамалар жіберу; Мектептің сайтында зерттеу жұмысының нәтижесін жариялау; Зерттеу жұмыстарын ұйымдастыратын ұйымдармен байланыс жасау;Басқа қалалардағы, елдердегі әріптестерімен хат жазысу;Үй тапсырмасын орындау үшін ізденіс;Оқушылардың тандаған проблемасы бойынша рефераттар жазу; Бұл мақсат үшін төмендегідей ақпараттар жиналады: сайттар тізімі жасалады; Үй жұмысын орындау үшін ақпараттарды іздеу ұйымдастырылады ;Пікірталастық тобы құрылады; Коммуникация әдістерін оқытатын әдстемелік ұсынымдар жасалады; оқушылар үшін конкурстар туралы ақпарат жиналады; Зерттеу мәселелерін шешу үшін интернет желісін қолдану арқылы оқушылар гипермәтінмен жұмыс әдістемесін, бағдарламалық өнерлерді қолдану арқылы коммунакативтік дағдыларды меңгереді. Интернеттегі жұмыстын тиімділігін артыру үшін зерделенетін оқу тақырыбына байланысты проблемалық сұрақтарды тіркеу үшін картотекалар қолдану тиімді.