Открытии урок по казахсому языку М?тін ж?не оны? т?рлері


Сабақтың тақырыбы: Мәтін және оның түрлері Сабақтың мақсаты: Оқушылардың мәтін жайлы түсініктерін кеңейту; мәтінді талдауға, негізгі ойды табуға, ой қорытындысын жасауға, оған өз пікірін, ойын қосуға, мәтін түрлерін ажыратуға, оның түріне қарай шағын мәтін құрастыруға дағдыландыру. АКТ-ны пайдалана отырып бірлескен жұмысты ұйымдастыру, танымын, өзіндік пікірін, зерттеушілігін, сындарлы сөйлеуін дамыту. әріптесін және өз-өзін әділ бағалауды жетілдіру. Күтілетін нәтиже: Оқушылардың мәтін жайлы түсініктері кеңейеді; болжау жасайды; қиялы, шығармашылығы дамиды; өзгенің пікірімен санаса білу, өз ойларын айта білу дағдысы қалыптасады; ақпараттық-коммуникациялық құзыреттілігі артады. Топқа бөліну: «Сөз»«Сөйлем» «Мәтін» Топтық жұмыс. Әрбір топ өзінің аты жайлы не білетінін жазып шығады. –Сөйлем арқылы бір нәрсені хабарлаймыз, сұраймыз, көңіл күйімізді білдіреміз. Ал мәтіндер қандай болады? Мәтін түрлері:Әңгімелеу мәтіні қандай да бір оқиғаны баяндап, не істеді? сұрағына жауап береді.Сипаттау мәтіні бір нәрсені, затты сипаттайды және қандай?, қалай? сұрақтарына жауап береді.Пайымдау мәтіні белгілі бір пікірді түсіндіреді, дәлелдейді және не үшін? сұрағына жауап береді. Сергіту сәті Суреттерге қарап ауызша мәтін құру Ой толғаныс Топтық тапсырма:Бүгінгі тақырыпқа байланысты бес жолды өлең.Сурет бойынша мәтін құрау.Өлең жазу. Үйге тапсырма 17-жаттығу Менің сүйікті ауылымМен демалысымды ауылда қалай өткіздім?Мен ауылымды неліктен жақсы көремін? тақырыптарына қысқаша мәтін құру.