?аза? ?дебиет п?ні.8 сынып. Дулат Бабатай?лы О,А?тан жас,А?тан жас презентациясы


Сабақтың тақырыбы:Дулат Бабатайұлы “ О, Ақтан жас, Ақтан жас....” Өмір-дерек Қазақ әдебиеті тарихындағы көрнекті тұлғалардың бірі Дулат Бабатайұлы 1802 жылы қазіргі Шығыс Қазақстан облысының Аягөз ауданында дүниеге келеді. Ауыл молдасынан оқып, мұсылманша сауат ашады. Алайда, ақындық өнерді ерекше қастерлеген аймақта өмір сүрген, көне ақын, жыраулар мұрасынан, ескі тарихи аңыздар мен эпикалық жырлардан нәр алып өскен Дулат өз заманындағы аса зерделі адамдардың бірі болды. Өнер жолына ерте түскен Дулат 19-ғасырдың орта шенінде Сарыарқадағы ең атақты ақындардың санатына қосылды. Өмірінің соңғы күндеріне дейін үлкен құрметке, даңққа бөленіп өткен ақын 1874 жылы өз елінде қайтыс болады. Бұқар мен ақтамберді жырауларды ұстаз тұтқан, көне түркі поэзиясынан тағылым алған, өлеңді суырып салып та, жазып та шығарған. Дулат қазақ поэзиясының мазмұн, тақырып жағынан барынша байыта түсті, түр, көркемдік тәсілдер тұрғысынан жаңа сатыға көтерді. Ақынның терең мағыналы өлеңдері ұлы Абайға да әсер етті. |Негізгі идеясы – Ақтан сияқты ер жігіттердің болуын армандаған ақынның ақ батасы « О, Ақтан жас, Ақтан жас» өлеңі Ақын халықтың бірлігін нығайтып, елдің даңқын арттыруды жырлайды, Ондай міндетті де, өзінің үмітін де ол жастарға артады. Ол қазақ ішінен жас батыр шығып, бытыраған елдің басын қосып, тәуелсіз елдікті орнатуға тиіс деп біледі. Ақынның бұл ойын біз «Ақтан жас» өлеңінен көреміз. Ақын Ақтан деген бір жетім бала туралы ол ер жетіп, « бадана көз, тоғыз тор сауыт киіп», қашан ғана жауды қуар екен деп армандайды. О, Ақтан жас, Ақтан жас, Сен ер жетер ме, екенсің? Жетімдіктің белінен Асып өтер ме екенсің?! Бадана көз, тоғыз тор Сауыт киер ме екенсің. Білтеліні тұтатып. Түтін үзбей оқ атып, Жау қашырар ма екенсің?! Ақынның ойынша, жігіттің даңқын шығарып, оны дегеніне жеткізетін бір-ақ жол бар. Ол-ел мақсаты үшін жан аямай күресу жолы, бұрынғы батырлар дәстүрін берік ұстап, сыртқы жауларға қарсы қол бастау. Ел тілегін тілеген, Ер азбайды батадан... Еліменен ер жетіп Емендей өсіп толады. Ерлікке ұмтылса, жетім Ақтанның да кейін қатарға қосылатыны, жетілетіні күмәнсіз дейді ол. Ту ұстап, тұлпар жаратпай, Алдыңнан топ таратпай, Елді аузында қаратпай, Жай отындай оқ атпай. Анадан тудым дегенмен, Бастамаса ел, ұлан ба?-деп, Дулат-тұлпар мініп, ту ұстап, ел тәуелсіздігі үшін аттануға үндейді. Ел тәуелсіздігі үшін күресте қазақ халқының алауыз болмай, бірлігіі мығым болуы шарт екенін де атап айтады. Бұл мәселеде ол құмырсқаның тірлігін үлгі етеді. Сендер түгіл құмырсқа, Ісін қойып дұрысқа, Илеуін сап жабылып, Жемін тасып сабылып, Бір орыннан табылып, Біріне-бірі бағынып, Береке бірлік шақырды. Жәндіктің ең кішкенесі құмырсқа да илеуін бірлесе салады, тірлік үшін күресіп, дамыл таппайды. Біз сол құмырсқа құрлы тірлік жасауға тиіспіз деп, халық намысына тиеді. Дулаттың осы бір пікірін кейін ұлы ағартушымыз Ыбырай Алтынсарин де қайталап, оқушыларын еңбекке, бірлікке тәрбиелеген еді. style.colorfillcolorstroke.colorfill.typestyle.colorfillcolorstroke.colorfill.typestyle.colorfillcolorstroke.colorfill.typestyle.colorfillcolorstroke.colorfill.type Ақтанға айтқан ақылын ақын өршіл үмітпен аяқтап, оның болашағына үлкен сенім артады. Ел-жұртты осындай жас батыр төңірегіне топталуға, бөденеше беталды жортып, бытырап, азып-тозбауға үндейді: Бытырап азып тозған ел, Бөдене емей немене? Жетімдіктен өсерсің Шаң бермей әлі кетерсің. Қажыма, Ақтан, қажыма, Жетерсің, әлі жетерсің! Риторикалық сұраулы сөйлем-ойды, сезімді, әсерлі жеткізу үшін жауабы өзінен-өзі айқын нәрсені әсерлі леппен, сұрау түрінде айту. Өлеңде қойылған сұраудың жауабында екі ұштылық, шүбәлану болмайды, оны оқушы іштей біліп отырады. Балалық өлді, білдің бе? Жігіттікке келдің бе? Жігіттік өтті, көрдің бе? Кәрілікке көндің бе? ( Абай) « Ой сергіту» Әр қатарға ынтымақ, бірлік, батырлық, ерлік сөздері беріледі. Сол сөздерді қатыстырып, мақал-мәтел құрау. Жаңа сабақты қорыту.Ақтанға айтқан ақ тілек батасынан ел қатарына қосылған ер жігітке тән қандай сипаттарды байқауға болады?« О, Ақтан жас, Ақтан жас» өлеңінің жалпы идеясы қандай? style.colorfillcolorstroke.colorfill.typestyle.colorfillcolorstroke.colorfill.typestyle.colorfillcolorstroke.colorfill.typestyle.colorfillcolorstroke.colorfill.type « О, Ақтан жас, Ақтан жас» өлеңін мәнерлеп, түсініп оқы;Өлеңнің көркемдік ерекшелігі туралы өз ойыңды жаз. Үй тапсырмасы: