Презентация по биологии на тему Г?лді? ??рылысы (6 класс)


Өткізген: Ақтөбе облысы, Байғанин ауданы, Жарқамыс селосы Жарқамыс орта мектебінің –Биология пәні мұғаліміТамабаева Гүлнұр Өтесінқызы Сабақтың мақсаты: Өсімдіктің көбею мүшелерінің құрылысын, гүлдің бөлімдерінің құрылысын, қызметін меңгерту және гүлдің өсімдік көбеюінде алатын маңызын таныту. Сонымен қатар оқушылардың өсімдік мүшелері туралы білімін одан әрі жетілдіру. Гүлдің өсімдік тіршілігінде маңызын таныта отырып, аялау, қорғауға тәрбиелеу. Өсімдіктің көбею (генеративті) мүшелері Гүл Жеміс Тұқым Гүл бөлімдері Гүлдің құрылысыАталық КүлтеАналықТостағаншаГүл табаныГүл сағағыАталық тозаңқабыАталық жіпшесіАналық аузыАналық мойыныЖатыны Аналық және аталықтың құрылысы 1 2 3 4 5 6 7 Аналық аузыАналық мойыныАналықЖатыныАталық тозаңқабыАталық жіпшесіАталық Жай гүлсерікті гүл Тостағанша жапырақша мен күлте жапырақшаны гүл серігі дейдіЖай гүлсерікте тек тостағанша болып, күлте жапырақшалары болмайды(қалақай, қызылша, қымыздық, еменнің аталық гүлдері қарағаш гүлдері). Немесе керісінше, күлте жапырақшалары ғана болады(қызғалдақ, лалагүл, інжугүл) Қос гүлсерікті гүл Қос гүлсерікті гүлде тостағанша да, күлте де болады (алма, өрік, шие ағаштарының гүлдері) Гүл бөлімдері Аналық Аталық Гүл сағағы Гүл табаны Күлте Тостағанша ІІІ. Толғаныс. Тақырыпты бекіту тапсырмаларыТөмендегі гүл бөлімдерінің құрылысын қызметін табыңыз Гүл сағағы – жапырақ сағағына ұқсаған гүлдің жіңішкерген жері. Сағағы арқылы сабаққа бекінеді. Гүл сағағы болмаса отырмалы гүлдер дейді(беде, қашқаргүл) Гүл табаны(тұғыры) – гүлдің барлық бөлімдері бекінетін гүл сағағының жоғарғы жағындағы кеңейген жері Тостағанша көбінесе жасыл түсті, гүлдің сыртында бірікпеген жеке немесе біріккен жапырақшалардан тұрады. Атқаратын қызметіне байланысты әр түрлі өзгеріске ұшырайды. Жемістер мен тұқымдарды желмен тарату үшін(бақбақта) үлпекке айналады. Кейбір өсімдіктерде бір –бірімен тұтасып, жемістің сыртын қорғайды және жануарлар арқылы таралуға бейімделген өсімдіктердің тостағаншалары ұшы иіліп, ілмешекке айналған Күлте– тостағанша жапырақшалардан кейін орналасады. Күлте түбіндегі жіңішкерген жерде тәтті шірне бөлетін шірнеліктер орналасады. Күлтенің хош иісі, тәтті шірнесі, ашық реңдері гүлді тозаңдандыратын бунақденелілерді еліктіреді Аталық – гүлдің көбеюге қатысатын бөлімі. Аталық – аталық жіпшесінен және тозаңқаптан тұрады.Аталықтың жіңішкерген жері – жіпшесі. Тозаңқап бір – бірімен байланысқан екі бөліктен құралған. Әр бөлігінде 2 – ден тозаң ұясы бар. Тозаңқапта мыңдаған тозаң түйіршіктері түзіледі, пісіп жетілген тозаңдары сыртқа шашылады Аналық – гүлдің жеміс түзуге қатысатын негізгі бөлімі гүлдің дәл ортасына орналасады. Аналықтың ұшын- ауыз, ортаңғы жіңішкерген жерін мойын, түп жағындағы жуандаған жерін жатын дейді. І. Қызығушылықты ояту. (Тірек суреттер символдары) Суреттерді пайдалана отырып шағын әңгіме құрау. ІІ. Мағынаны тану (Кубизм)Әрбір жұп өздеріне берілген тақырып бойынша оқып, талдап суреттерді пайдалана отырып басқа топтарға түсіндіредіӨсімдіктің көбею мүшелеріГүл бөлімдерінің құрылысы, қызметіАталықтың құрылысы, қызметіАналықтың құрылысы, қызметіЖай гүлсерікті және қос гүлсерікті гүлдер Үй тапсырмасыГүл бөлімдеріне семантикалық карта толтыру және гүл бөлімдерінің суретін салу