Ата — аналар?а арнал?ан тренинг Ренішті ?алай кешіруге болады?


Ата-аналарға арналған тренинг Ренішті қалай кешіруге болады? Нурмухаммед ЖақыпСәби бақытыӘнімен Ой шақыру Өзіңді өзің тани біл.Мен _____________________________Мен______________________________Мен туралы басқалар не деп ойлайды? Оқып, талдап,ғибрат қыл. Ертеде бір кісі баласын әбден есіртіп,еркелетеді. Өсе келе тілі удай ащы, есерсоқ, бейәдеп жігіт атанады. Жұрт безердей болғандықтан, оның қасына ешкім жүрмеуге тырысады.Әкесі әбден ойланып, мынадай айла жасайды. Баласын шақырып алып, бір жалпақ тақтай береді. Күніне қанша адамды ренжітсең, мына тақтайға сонша шеге қақ дейді. Бірінші бала тақтайға 37 шеге қағады.«Балам,өзіңді тежеп ұстап, шегеңді азайтуға тырыс» депті. Баласы әкесінің сөзін тыңдап, азайта отырып, бір күні ешкіммен ұрыспайтын, шеге қақпайтын да күнге жетіпті. Сол күні әкесі былай деп ақыл айтады:«Енді балам, ешкіммен ұрыспайтын болдың. Бір адамды қуантқанда бір шегеден суырып отыр». Бала әкесінің сөзін орындауға тырысып, тақтайдағы шегені де күндердің бір күнінде таусыпты. Әкесі қуанып «Балам мен сені дұрыс адам болмайтын шығар деп қорқып едім. Міне өзіңді өзің тәрбиеледің, жақсы адам болып жолға түстің. Бірақ балам, мына тақтайға қарашы,бұрынғысындай тегіс әдемі емес. Беті шұрық тесік. Сен қанша кешірім сұрасаң да олар қанша кешірдім десе де кезінде айтылған сөздерді қалай өшіресің? Бәрібір ол жүректің түбінде қалады ғой. Әрине, бұл күндердің әркіммен бір ұрысып жүргеннен жақсы. Бірақ бұл саған өмірлік сабақ болсын, тіліңе ие бол», -дейді. Жақсы мен жаман қасиеттер.Алла мықты жаратқан сегіз батыр,Баяғыдан соғысып әлі жатыр.Кезек-кезек жығылып, жатып тұрып,Кім жеңері белгісіз түбінде ақыр.Абай атамыздың «Сегіз батыр» жұмбағы ТазартуТерең дем алып, барынша қайта шығарыңыз. Денеңізді босатыңыз.Өзіңізге былай деңіз: «Мен өмір сүруіме кедергі келетін барлық өкпе реніштен тазарғым келеді. Мен барлық қысымнан осылайша босаймын. Барлық ескі реніш, өкпелерімнен құтылғым келеді. Мен жанға рахат жайбырақаттылықты сезінемін. Мен өз қалпымдамын. Өз өмірімнің ағынымен барамын. Бірақ өкпені ұмыттым, кештім». Қорытынды Адам бойында екі сәуле пайда болады екен. Ол ақ сәуле адам бойында басым болса,жақсылық пен мейірімділік көп жасалады. Ал қара сәуле басым болса, жамандықты көп жасайды екен. Сондықтан бойымызда ақ сәулені басым ұстап, ешкімді ренжітпеуді, ренжітсек кешіре білуді басты мақсат етіп қояйық. Өмірдегі болып жатқан нәрселерге екі жақты көзқараспен қарап, бір бірімізге кешірімді, мейірімді, иманды болайық.Тренингке келіп қатысқандарыңыз үшін көп рахмет! Нурмухаммед ЖақыпӘке Ана Әнімен Үндеу.Құрметті ата –аналар! Біз сіздерді мектептегі оқушы өміріне қатысты өтетін іс – шараларға және мектептегі жиналыстарға белсенді түрде қатысуларыңызды шақырамыз!