Психологиялы? тренинг: Мен та?да?ан жол!!!


1 сынып 11 сынып Жоспар:-«есімдер аллитерациясы»--«фигуралар арқылы топқа бөлу.»-«мамандық таңдауда ұсынылатын ережелер» -«ең-ең .................» /ойын/- «Мен қаладым» сауалнаманың қорытындысымен таныстыру.-«мамандықты тап» /ойын/-«мейірімділік алаңы» /жаттығу/ -«бос микрофон» «Кәсіп таңдау тек қана болашаққа үңілу емес, ол өзіңнің ішкі жан-дүниеңе үңілу.» «Есімдер аллитерциясы» ата-ана баласының , бала ата-анасының есімін және де бір жағымды қасиетін айтып шығады. «Мамандық таңдауда ұстанатын ережелер» -Мектептегі оқу пәндері –нақты мамандық емес . Пәнге деген қызығушылық оған байланысты жұмыстың ұнайтынын білдірмейді.-Қалаған мамандықтың мазмұнына көңіл аудару.-Егер мамандық сенің досыңа ұнаса, саған ұнайды деген қортынды жасауға болмайды.-Мамандықтың мазмұны, қызықты қырлары , жұмыс тәртібі мен жағдайы туралы сұрақтарға жауап бере алғанда ғана сенің таңдаудағы ой-ниетің салмақтана түспек. -Сән қуып, мамандық таңдаудың қажеті жоқ. Оқуды тәмамдап жұмыс істегенше, ол мамандық сәннен шығып қалуы мүмкін.-Алдағы өмірлік жоспарың қандай болмасын, шетел тілін үйреніп , компьютерде жұмыс істеуді игерген аса пайдалы.-Заманның ағымына қарай кейбір мамандықтар тез өзгеріп, оның орнына жаңа мамандықтар басып жаыр. Сондықтар кез-келген жағдайда қосалқы таңдаған мамандық болуы керек.-мүмкіндігінше таңдаған мамандықтың өзіңнің денсаулық жағдайыңа тура келетін –келмейтіндігі жөнінде кеңес алған жөн. «Ең-ең,..................»/ойын/ –Ең жасыл мамандықтар -Ең ақшалы мамандықтар -Ең таза мамандықтар -Ең көңілді мамандықтар -Ең тәтті мамандықтар2-3 минуттың ішінде топтың ішінде ақылдасып мамандықтардың тізімін құру керек және де топтың мүшесі тізімдерімен таныстырып шығады. «Мен қаладым» сауалнаманың қорытындысы Мақсаты: оқушының бейімділігін және таңдауларын қорыта келгенде қандай еңбек түріне бейім екендігі анықталады. Салалар: табиғат, техника, басқа адамдар, белгі жүйесі, көркем образдар, адамның өзі. «Мен қаладым» сауалнама Мақсаты оқушының бейімділігін және таңдауларын қорыта келгенде қандай еңбек түріне бейім екендігі анықталады. 1.Оқушының аты-жөні: ......................................................................2. Сыныбы:.............................................................................3. Салалар: «табиғат, техника, басқа адамдар, белгі жүйесі, көркем образдар, адамның өзі» өзіңе ұнаған саланың астын сыз.4.Болашақта қандай мамандық таңдар едің: ....................................................................................................................................... 5. Ата-анаңның ойы бойынша қай мамандықты иесі болғаныңды қалайды: ...................................................................................................................................... 6.Ол үшін қай пәнге көп мән берілу керек: .......................................................................................................................................7. Ол мамандық не себепті ұнайды: ................................................................................................... «Мамандықты тап» /ойын/ Тренингке қатысушыларға карточкаларға жазылған мамандықтар таратылады, ал олар сол мамандықтарды ыммен көрсетуге тырысу керек. Қалғандары мамандықты табу керек «Мейірімділік алаңы» / жаттығу/ Қатысушыларға түрлі түсті қағаздардан қиылған күннің шуақтары, гүлдер , жасыл шөптер таратылады. Гүлдерге-оқушыларға, жасыл шөптерге-ата-аналарға, күннің шуақтарын-ұстаздарға арналған кәсіби бағалар таңдауда ұсыныстар жазылады және де ақ ватманға бекітіледі. «Бос микрафон» /рефлексия/ Еркін түрде қатысушыларға психологиялық тренингтен алған әсерлері туралы пікір бөліседі. Мен ғажаппын (ауто тренинг). - Мен ғажаппын, мен кереметпін. - Мен тамаша жанмын. - Мен мейірімді, жылы жүректі адаммын. - Мен сабырлымын, салмақтымын. - Мен әділетті, адал жанмын. - Мен алдыма қойған мақсатыма жетемін. - Мен үшін өмірдің қызығы мол. - Мен бәріне ризамын. - Мен бақытты адаммын.