Дара ж?не к?рделі етістіктер


Сабақтың тақырыбы:Дара және күрделі етістіктер 1 тапсырма Көп нүктенің орнына тиісті етістіктерді қой.1.Салтанатты жиындарда Әнұранымызды . . . . . . 2.Астанаға шетелден қонақтар . . . . 3.Қалың орманда ағаш жапырақтары . . . . 4.Әсел ән айтқанды . . . 5. Асқар әжесін . . . . 6. Дәурен хайуанаттар бағынан аңдарды . . . . Тиісті етістіктер: ұнатады, сағынып жүр, айтамыз, көрді, шуылдайды, келіп тұрады. 2 тапсырма Берілген сөйлемдерді сөз таптарына талдау.Айгүл сурет салып отыр. Оқушылар топсеруенге шығатын болды. Балықшылар балық аулап келді. Автобус аялдамаға жақындап қалды. Түнде жаңбыр жауып өтті. 3 тапсырма Сөйлемдердің бастауышы мен баяндауышын тауып астын сыз.Адамдар санауды өте ертеде үйренген. Алғашында саусақтарын санайтын. Кейін он саусақ аздық етті. Енді есептеу үшін ұсақ тастар қолданылды. Адамдар әлгі тастарды жіпке тізіп қоятын. 4 тапсырма Сызбанұсқаға қарап, сөйлем құра.Зат есім зат есім етістік.Зат есім сын есім етістік.Есімдік зат есім етістік етістік.Есімдік сын есім зат есім етістік.