6 сынып?а ?аза? ?дебиеті п?нінен саба? жоспары. Та?ырыбы: Б.Со?па?баев Мені? атым-?ожа повесінен ?зінді


Бердібек Соқпақбаев Сыныбы: 6 бПәні: әдебиет Сабақты тақырыбы: “Менің атым-Қожа” 2- сағаты МАҚСАТЫ Оқушыларды мәтіннің мазмұнымен таныстыра отырып мәтіндегі негізгі ойды, идеяны ұғындыру. Мәнерлеп оқу дағдыларын, қызығушылығын арттыру, ойларын, пікірлерін еркін айтуға, өз көзқарастарын дәлелдей білуге үйрету. Жазушы шығармалары арқылы әр оқушыны өзіндік ой – қиялына ерік бере отырып, өзінше ой түюге баулу, мәтінмен жұмыс істеу, көркем шығармаға әдеби талдау дағдыларын дамыту, ғылыми жұмысқа бейімдеу, ізденуге талпындыру, шығармашылық қабілеттерін дамыту. : Қожа бейнесі арқылы, оқушыларды адамгершілікке, мәдениеттілікке, әдебиетті сүюге, үлгі - өнеге алуға шақыру. Жағымсыз қасиеттерден аулақ болуға тәрбиелеу. Сабақтыңтүрі: шығармашылық-ізденіс сабағы Әдіс-тәсілі: Әңгімелесу-сұхбат, ой тастау, жүйелеу, практикалық және шығармашылық ізденіс тапсырмаларымен жұмыс Жұмыс формалары топтық, жұптық, жекелей. Көрнекілігі: Тірек-сызбалар, кинофильм, Б. Соқпақбаевтың “ Менің атым-Қожа” повесті І. Ұйымдастыру кезеңіПсихологиялық тренинг Ітоп І Ітоп ІІІтоп ІҮтоп Топ басшысын сайлау “Кім жылдам?” 4- топқа: Құпия кеңесте жеке бас тәртібін қараған кім? 3-топқа: Хикаят қалай басталады? 2-топқа: Қандай шығармаларын білесің? 1- топқа:Б. Соқпақбаев қай жылы дүниеге келді?          “Менің атым Қожа” атты кітап, хикаят, яғни, повесть, кіріспені қоспағанда 27 тараудан тұрады, ал біздің оқулықтағы үзінді  – 5 тарау. (Үй тапсырмасын тексеру) І топ: “Менің атым ...” “Ағаттық аяқ астында” ІІІ топ: “ Ағаттық азабы” ІІ топ: “Бір сәтті кез” ІҮ топ: “ Түбі адам болатын бала” Жұптық тапсырма Іжұп Үжұп ҮІІІжұп ІІжұп ІІІжұп ҮІжұп ІҮ топ ҮІІжұп Кестені толтыр Белсенді кейіпкер Тасадағы кейіпкер Қожаның сотқар болуына себеп нәрселер: “ Біреуді біреуге атыстырып,от тастап жүретін қу, сабақ үстінді сыбырлап- сыпсыңдағыш” Бұл кім? Мінездеме бер Лагерге жолдама бермегені үшін Майқанова апайды ренжіткен Қожаның ісіне қалай қарайсың? Қожа қандай бала? Қожаның құпия кеңес ашып, түзу жолға түсемін деп, өзіне-өзі серт беруі оның қандай бала екенін көрсетеді? Хикаяттағы мақал- мәтелдерді теріп жаз. Мақалдардың мәнін аш Қожаның портретін тауып жаз: Қожаның әдепті жолға түсуіне кімдер әсер етті? ІІІ кезең. “Ой шақыру”Дебат ұйымдастыру 1-жағдаят “Менің атым...” бөлімі бойынша ой бөлісу 2-жағдаятҚожаның оқулық сатып алудағы әрекетіне көзқарасың 3-жағдаят“Ағаттық азабы” бөлімі бойынша пікірің Б. Соқпақбаевтың “Менің атым Қожа” хикаяты бойынша тест тапсырмалары:1. “Қожа, сен көшедегі иттерді тәртіпке салу үшін ауылда қалатын болдың” деген кімнің сөзі?А) Майқанованың  В) Жантастың  С) Жанардың  Д) Оспановтың2. Қожа Майқанованы ең алғаш қайда кездестіріп еді?А) мектепте  В) көшеде  С) дүкенде  Д) жиналыста3. А. С. Пушкиннің “Қысқы кешін” өте жақсы жаттаған оқушы кім?А) ешкім  В) Жанар  С) Жантас  Д) Қадыров4. Қожаға әкесін мақтаған қарияА) әжесі  В) Сәйбек  С) Әубәкір  ДӘ Дәуірбаев5. “Қадыров – түбінде адам болатын бала” деген пікір кімдікі?А) директордікі  В) Оспановтікі  С) Майқанованікі  Д) Ахметовтікі6. Қожа: “Адам жанын ол керемет түсінеді”,-   деп кімге баға берді?А) С. Майқановаға  В) Анфиса Михайловнаға  С) Оспановқа  Д) Ахметовке7. “Жақсымен жолдас болсаң, жетерсің мұратқа,      Жаманмен жолдас болсаң, қаларсың ұятқа”, – деп кім туралы айтады?А) Жантас  В) Сұлтан  С) Жанар  Д) өзі8. “О, қасиетіңнен айналайын, қазақ жері. Осының бәрі сенің топырағыңнан өсіп, өнген кереметтер емес пе?!” Осы сөзден Қожа бойындағы қандай қасиетті көруге болады?А) әділдік  В) патриоттық  С) тәртіптілік  Д) жомарттық9. Қожа қай команданың капитаны?А) “Қайрат”  В) “ Динамо”  С) “Ертіс”  Д) “Спартак”  10. “Масқара! Сұрай қалса, масқара болдым- ау!” деп Қожа неге өкінді?А) өлең жаттамағанға             В) есеп шығармағанғаС) шығарма жазбағанға          Д) ереже жаттамағанға11. Оспанов қай пәннен сабақ береді?А) география  В) қазақ тілі  С) орыс тілі  Д) зоология12. Қандай сөзді айтқанда Қожаның жүрегі қарс айырылады?А) әке  В) ана  С) Отан  Д) қазақ13. “Спартак” “қайраттықтардан” неше болып ұтылды?А) 7/5    В) 6/6    С) 5/7    Д) 7/614. Қай тарау “Бір сәтті кез” деп аталады?А) 24    В) 4     С) 17    Д) 2315. Қожаның басы не тәрізді доп- домалақ?А) доп  В) қарбыз  С) қауын  Д) глобус16. Хикаят неше тараудан тұрады?А) 28    В) 30   С) 29    Д) 2717. Кинофильмде Қожа рөлінде ойнаған кім?А)  Марат Көкенов                  В)Жүсіп ШамузовС) Нұрлан Сегізбаев               Д) Бердібек Соқпақбаев18. Осы кинофильмді түсірген режиссерА) Абдулла Қарсақбаев          В) Абай ҚарпықовС) Талғат Теменов                  Д) Шәкен Айманов 1. 2. 3. 4. 5. 6. 7. 8. 9. 10. 11. 12. 13. 14. 15. 16. 17. 18. Дұрыс жауаптар