Презентация по обществознанию Мукагали Макатаев
Аты-жөні : Анесова Жаннат Қаруқызы Туған жылы: 10.05.1968 ж. Жұмыс орны, Тоқмұхамедов Қ.Қ.атындағы жалпы білім беретін атқаратын қызметі: №14 орта мектеп, қазақ тілі мен әдебиеті пәні мұғалімі Білімі: Жоғары Бітірген оқу орны: Әл-Фараби атындағы Қазақ мемлекеттік ұлттық университеті Бітірген жылы 1993 жыл Еңбек өтілі 22 жыл Санаты ІІ Сабақ беретін сыныптары, 5 “Б”, 6 “В” жетекшілік ететін сыныбы: 6 “В” сыныбының жетекшісі Мұғалім туралы мәлімет Еліміздің ертеңі бүгінгі жас ұрпақтың қолында, ал жас ұрпақтың тағдыры ұстаздардың қолында. Н.Ә. Назарбаев М.Мақатаев “Үш бақытым”өлеңі
(1931-1976) Білімділік: өлеңнің тақырыбын, идеясын ашу, мазмұнын меңгерту арқылы әдеби талдау жасау, көркемдік ерекшелігін таныту. Дамытушылық: ақын шығармаларын талдай отырып, әр оқушының сөйлеу тілін дамыту, өз бетінше ізденуге, шығармашылыққа баули отырып, өз пікірін айтуға, сөйлей білуге машықтандыру. Тәрбиелік: тілдің құдіретін сезіндіру, оқушыларды отансүйгіштікке, сөз өнерін құрметтей, қастерлей білуге тәрбиелеу. Сабақтың түрі: дәстүрліСабақтың типі: аралас сабақСабақтың әдісі: репродуктивті,іздендіру,баяндау,Блумның сұрақ қою өлшемі арқылы талдау,мәнерлеп оқу.Сабақтың көрнекілігі: ақынның портреті,шығармалар, слайд, т. б.Пәнаралық байланыс: тарих, қазақ тілі, музыкаТехникалық құрал: мультимедиялық қондырғы 1.«Барлығы да сендердікі» өлеңін мәнерлеп оқу. «Мен таулықпын» өлеңін жаттау.2. Шығармашылық жұмыс:а) М. Мақатаевтың өмірі мен шығармашылығы туралы хабарлама.ә) «Тау баласы» деген тақырыпқа шағын шығарма немесе өлең жаз. Үй тапсырмасы Оқушылар шығармашылығы Мұқағали Мақатаев (1931-1976)Алматы облысы, Райымбек ауданына қарасты Қарасаз ауылында дүниеге келген. Ақынның шын аты Мұқаметқали. Мұқағали Сүлейменұлы Мақатаев - қазақтың лирик ақыны, жазушы және аудармашы. Ол 1962 жылы Алматыға қоныс аударып, әдеби ортаға етене араласа бастайды. Алматы Шет тілдері институтының неміс тілі, Қазақ мемлекеттік университетінің филология факультеттерінде оқып және Мәскеудегі М.Горький атындағы әлем әдебиеті институтында білім алады. Ақын дүниеге келген үйдің макеті Ақын тербелген бесік және ақынның сүйікті қара домбырасы М.Мақатаевтың бейіті Үй тапсырмасын қорытындылауМұқағали — өзіне дейінгі өлең өру мен жыр сомдаудағы қазақ халқының ұлттық мектептері мен дәстүрлерін жалғап қана қоймай, оны жан-жақты дамытқан, тереңдеткен, қазақтың өлең-сөзін жаңа заңғарларға көтерген, жаңа кеңістіктерге алып шыққан жиырмасыншы ғасырдың санаулы саңлақтарының бірі, ақынның өз сөзімен айтқанда:Ақынмын деп қалай мен айта аламын,Халқымның өз айтқанын қайталадым.Күпі киген қазақтың қара өлеңін,Шекпен жауып өзіне қайтарамын, — деген екен жырдың жаратушысы, Ұлы тұлға, Ұлы ақын. Жиырма тоғызыншы наурыз Мұқағали Мақатаев “Үш бақытым ” өлеңі Үш бақытым Ең бірінші бақытым – халқым менің,Соған берем ойымның алтын кенін.Ол бар болса, мен бармын, қор болмаймын,Қымбатырақ алтыннан нарқым менің. Ал екінші бақытым – тілім менің, Тас жүректі тіліммен тілімдедім. Кей-кейде дүниеден түңілсем де, Қасиетті тілімнен түңілмедім.Бақытым бар үшінші – Отан деген,Құдай деген кім десе, Отан дер ем!Оты сөнген жалғанда жан барсың ба?Ойланбай-ақ кел-дағы от ал менен. Үш бірдей бақытым бар алақанда, Мені мұндай бақытты жаратар ма? Үш күн нұрын төгеді аспанымнан, Атырау, Алтай, Арқа, Алатауға!!! Үш бақытым Ең бірінші бақытым халқым менің,Соған берем ойымның алтын кенін.Ол бар болса, мен бармын, қор болмаймын,Қымбатырақ алтыннан нарқым менің. Ал екінші бақытым – тілім менің, Тас жүректі тіліммен тілімдедім. Кей-кейде дүниеден түңілсем де, Қасиетті тілімнен түңілмедім.Бақытым бар үшінші – Отан деген,Құдай деген кім десе, Отан дер ем!Оты сөнген жалғанда жан барсың ба?Ойланбай-ақ кел-дағы от ал менен. Үш бірдей бақытым бар алақанда, Мені мұндай бақытты жаратар ма? Үш күн нұрын төгеді аспанымнан, Атырау, Алтай, Арқа, Алатауға!!! Сөздікпен жұмыс Алтын Ауыспалы. Бағалы, қымбат. Кен 1. Жер астынан қазылып алынатын пайдалы қазба, байлық. 2. Ауыспалы. Қайнар көзі, мол жер.Нарық 1. Заттың кесімді бағасы, құны. 2. Ауыспалы. Қадір-қасиет.Оты сөнген Ісі ілгері баспаған, талабы кері кеткен.От ал Жігер беру.Жалғанда Жарық дүниеде, бұл өмірде, тіршілікте. Ой қозғауАқынның үш бақыты не екен?Ақын Халқын, Тілін, Отанын қандай көркем сөздерге теңейді?Халық, Тіл, Отан сөздерінің синонимін тауып көрейік. Өлеңге әдеби талдау Сабақты бекіту тапсырмалары: 1. Авторы 2. Тақырыбы 3.Тегі 4. Жанры 5. Идеясы 6. Өлең құрылысына талдау Шумақ Тармақ Бунақ Буын саны Ұйқасы 7. Өлең тілі Тұрақты тіркес 8. Өлеңдегі ажарлау. Эпитет 9. Өлеңдегі құбылту. Метафора(құбылту) 1-қатардың тапсырмасы.Ақын өлеңіне сатылай кешенді талдау. «Бес жолды өлең» 2- қатардың тапсырмасы ОтанҚасиетті, ардақты.Ұмытылмайды,сағындырады,табындырады.Менің елім, жерім,тілім,Ел. ТілКөркем, бай.Сөйлетеді, жырлатады,кемелденеді.Халықтың баға жетпес байлығы,Қазына. «Менің үш бақытым» ойтолғау 3- қатардың тапсырмасы Мұқағали ақынға арнау Ақын ата өзіңізге ел сенді, Табиғаттың тентек күші жел сенді. Шаршағанда жырыңыздан қуат ап, Шабыттанам, көтеремін еңсемді. Қастерлеймін ана тілді сіз сүйген, Отанымды мақтан етем сіз сүйген. Дүниеге сіздей ұлды әкелген Халқымды да сүйемін мен сіз сүйген! Бимурзаева Айжан Менің үш бақытым(ойтолғау) Менің бірінші бақытым – анамның денсаулығы. Анам ешқашан ауырмаса, мен бақыттымын. Екінші бақытым – ақылым, ойым, білімім. Ақыл мен ойымның арқасында мен білімді боламын. Терең білім алсам, өскенде жақсы жұмыс тауып, ата-анама қамқор боламын. Үшінші бақытым – елімнің амандығы. Елім аман болса ғана мен бақытты боламын. Ибраев Берікбол Мені анам жалғыз өзі өсіріп жатыр. Қанша шаршаса да ол екі жұмыста істейді. Мен жақсы киіну үшін, тәтті тамақтану үшін, жақсы заттар алу үшін анам екі жұмыста істеуге мәжбүр. Менің бірінші бақытым – анамның бақытты болуы. Екінші бақытым – білім. Егер білімді болмасам, өскенде анамды қалай асыраймын? Үшінші бақытым – Отаным. Мен ешқашан Отанымды сатпаймын. Есжанов Нұрболат «Не артық?» ойыны Сергіту сәті Өз елің-алтын бесік Ел мен жер егіз Елің-панаң,Жерің-анаң Не артық? Тіл қаруы-сөз Отан-қуат Ел іші алтын бесік Отан оттан да ыстық Сөз шынды табар Өлең-алтын,сөз-күміс Не артық? Өз елім-өлең төсегім Тіл –буынсыз,ой-түпсіз Сөз асылы -мақал 1.Еліне, Отанына деген шексіз сүйіспеншілігі арқылы ақынға қандай мінездеме беруге болады? 2.Өлеңнің идеясы не? Жаңа сабақты қорыту үшін сұрақтар: ...Мұқағали маған адамнан гөрі поэзия үшін, шексіз дала мұңын шерту үшін, әлемдегі барлық тірлікке, мейірімділікке махаббатын арнау үшін табиғаттың өзі жаратқан жанды жыр сауытындай көрінеді ... Ә.Тәжібаев «Үш бақытым» өлеңін жаттау. Үй тапсырмасы Тірек сөздерді пайдалана отырып, өлең құрастыру: асылым, ғасырым, жасынмын, тасыдым, жасыдым, ұмытпай, құрметтеп. Ана тілім Ана тілім Ана тілмен Ана тілсіз Ана тілді Ана тілді Жайна, жаса Көкті тілген