Ж?сіпбек Аймауытовты? А?білек романы


Ж. Аймауытовтың «Ақбілек» романы Теориясы «Білу»(Кім? Не? Қашан? Қайда? Не істеді?) Жазушы қандай мәселені көтерді? «Ақбілек» романының әр тарауларына басты оқиғаларды көрсетіп, жоспар жасату. Әр тарауға қандай тақырып қояр едіңдер? Теориясы «Түсіну»(Неге? Неліктен? Не үшін?) Романда қай өңірлер суреттеледі?Психологиялық роман дегеніміз не? Ж.Аймауытовтың «Ақбілегі»психологиялық роман ба? Ақбілек тағдыры не үшін қиыншылыққа тап болды? Практикасы «Қолдану»(Оқулықта берілген тақырыптар бойынша жұмыс) Шығарма мазмұны, жазушы ойы саған қалай әсер етті? Жазушының тіл шеберлігі арқылы қандай ұлттық болмыс суреттеледі? Осы тақырыпқа сәйкес қандай жазушының шығармасын білесіңдер Венн диаграммасы.Егер жазушы ойына ұқсас шығарманы білсең сонымен салыстыр. Ақбілек Әлеуметтік тартыстар, тап күресі, ел мойнына түскен салмақ және адам тағдыры. Бұл психологиялық роман. Адамдардың психологиясын қарастырып, шындық үлгісімен жазылған. Ақбілектің қиыншылықты жеңуі, бақытты өмірге қол жеткізуі.Бақытсыз Жамал Қазақ қоғамындағы әйелдердің жай-күйі,тағдыры,жас қыздарды қалыңмалға сатуы, тең емес адамдарға зорлап қосуыЖамалдың бақытсыз тағдыры,қайғысы, қуанышы,күйініші. 1.Білу. Романның тарауларын оқи отырып, басты оқиғаны көрсетіп, жоспар жасату. Ұжымдық жұмыстар.1) Ақбілек трагедиясы . 2) Анасынан айырылуы. 3) Ақтар қолында. 4) Қасқырлар қамауында 5) Әке ызғары. 6) Өгей шеше. 7)Жүкті болуы. 8) Бекболаттың кетуі. 9. Ақбілек ауылда . 10) Ақбілектің жаңа өмір жолды таңдауы. 11) Балташқа қосылуы. 12) Ақмолада, Омбыда, Семейде. 13) Ақбала-Ақбілек-Балташ 14)Ақбілектің жеңісі. 2.Түсіну. Тіл көркемдік ерекшелігіне талдау жасау. Туыстық атаулар, салт-дәстүр,тарихи және көнерген сөздерді табу. Шашбау, аңшыл бедеудей,кербездене, күмістей сыңғырлап, жат-жұрттық,қызға қырық үйден тыю,құдайы мейман, жеңеше, құдағи, күйеу қаде,үшкіру,дуана, көз тарту т.б. Топтық жұмыстар I топ Романда қазақ халқының қандай салт-дәстүрлері суреттелген? II топ Шығармадағы нақыл сөздерді тауып, теріп жазыңдар.III топ Қазақ ауылының тұрмысы, әлеуметтік өмір көрінісі қалай суреттелген? Өз ойыңмен әңгімеле.