?аза? ?дебиетінен М.Ж?мабаев Са?ындым ?ле?іне презентация
Мағжан Жұмабаевтың «Сағындым» өлеңі «Ой қозғау» стратегиясы -Балалар, қалай ойлайсыңдар, өлең неге «Сағындым» деп аталған?-Ақын кімді сағынады? Нені сағынады? Неге сағынады? Ол қайда?-Абақты сөздерінің синонимін кім айтады?-Абақтыда кімдер қамалады?-Ал Мағжан аталарың неліктен түрмеге қамалған?---- Ақынның жары –Зылиқа апай естелігінен... “Мағжанды 1929жылы 6маусымда Қызылжардағы үйде ұстады. Біздер үрпиісіп қалдық. Келген НКВД-ң адамдары екен, өте қатулы. Келесі күні оны поезбен Алматыға алып кетті. Бұл хабарды естісімен Мағжанмен кездесуге дайындалдым. Бірақ түрме бастықтары рұқсат бермеді. Екінші рет 1930жылы 10жылға Карелияға жіберді. Бұл хабарды естісімен жолға жиналдым. Алдымен Ленинградтан пәтер жалдап, төтесінен Петрозаводск арқылы тура Мағжан жүрген жерге бардым. Айналасы темір тікенектермен қоршалған түрмеге жету өте қорқынышты. Төңірек қалың орман. Түрме, лагерь дегенде ылғи баскесер пәлелер отырады деп ойлайсың ғой, ал мұндағылардың бәрі оқыған білімді азаматтар екен... ”Мағжан-өз халқын сүйген ақын. Сол халқының мұң-мұқтажын, қайғы-мұңын жырлап, жұртының жүрегіне шұғылалы сәулесін шашты. Айыбы осы екен-ау! Шындықты жырлағаны ма жазығы? Үшінші рет азамат ақын 1937жылы тұтқындалып, 1938жылы атылды. Топтық жұмыс I топТүрме көрінісіА) Өлеңге ат қойӘ) Өлең шумақтарында не суреттелген?Б) Өлеңді оқығанда қандай сезімде боласың? II топСағыныш сезімА) Өлеңді мәнерлеп оқы, ат қойӘ) Ақын кімдерді, нелерді сағыныпты?Б) Өлеңді оқығандағы сезімің. III топАлаш өлмес, көркейер.А) Үзіндіге ат қой.Ә) Ақын абақтыға кімдер үшін түсті?Б) Ақынның қандай ой-арманы көрінеді? АҚЫНҒА МІНЕЗДЕМЕ СЭНКУЭН.Бес жолды өлең Зат есім:Сын есім:Етістік:Сөйлем: «Жылы лебіз» стратегиясы Үй тапсырмасы: Өлеңді жаттау.«Мағжандай боп өсемін» тақырыбында шағын шығарма.